Облыстың оңтүстік қақпасы – Жаңақорған ауданы үшін биыл берекелі жыл болды. Ал, келер жылдан күтетін үміт тағы биік. Оның несібесі бүгіннен көрінді.
Кенттің «Саяжай» ауданында әуелгі кезекте 3 және 4 қабатты 15 үй салынатын болса, әрі қарай уақыт талабына сәйкес, осындай тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар қатары молая түседі. Бұл демографиялық даму жағдайына сай жоспарланып отыр. Өйткені қазір ауданда 83 мыңнан астам тұрғын мекен етеді.
Жаңақорғанның қолайлы географиялық аймаққа орналасуы, ондағы атакәсіппен қатар өнеркәсіптің тез өркендеуіне үлкен мүмкіндік ашқандығы да көп мәселені шешетін секілді. Мәселен, уран өндіретін «Байкен-U”, «Қызыл¬құм» кен орын¬дары, қорғасын мен мырышқа машықтанған «Шалқия-цинк» кеніші аудан экономикасының әлеуетін арттыруға арқау өн¬дірістер. Мұнан басқа цемент зауыты мен күн энергиясын өндіретін қондырғының қо¬сылуы, жалпы жұмыс көздерінің көбеюі тұрғын үйлерге сұранысты өсіре түсетіні анық. Осы орайда әуелі 3 қабатты 18 пәтерлі үйдің іргетасы көтерілді.
Жаңа көпқабатты үйдің іргетасын қалау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Ысқақов арнайы келді. Ол ел алдында: – Қы¬зыл¬орда облысы экономикалық жағынан же¬дел және жан-жақты дамып жатқан аймақтар көшбасшысына айналды. Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының бастамасы Жаңақорған ауданында жалғасын тауып отыр. Аудан әкімі Ғалым Әміреевтің ықпалымен көпқабатты үйлердің іргетасы қалана бастады. Бұл аудан тұрғындарының әлеуметтік жағ¬дайларын онан әрі жақсартумен бірге жаңа жұмыс орын¬дарының ашылуына, шет аймақ тұрғындарының өркениетке ілесуіне жол ашатындығы сөзсіз, – деген облыс әкімінің орын¬басары құрылысшылар мен осы шараға қатысқан азамат¬тарды алдағы келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, табыс тіледі.
Көпқабатты үйлер салуға «Саяжай» аумағынан ар¬найы жер телімі бөлінген және де «Тұрғын үй жинақ банкісі¬мен» де келісім бар. Сонымен бірге күрделі құрылысты жүргі¬зетін компаниялармен де келіссөз жасалып отыр. Әзірдің өзінде, «СМП-Қызылорда» ЖШС, Жобалаушы – «Крез Сервис» ЖШС «Стройсервис СК» ЖШС-ның тапсырыс беруімен көпқабатты тұрғын үйдің алғашқы лектегі құрылысын бастап кетті.
– Бұл – өміршең мақсаттағы жоба! Жаңа шағын ауданда келешекте 8-10 мың халық тұратын болады. Олардың талап-тілегі және жалпы қажеттілік жағдайында түрлі әлеуметтік орындардың салынатындығы сөзсіз. Қазіргі таңда тұрғын үйдің іргетасын орналастыру жұмыстары атқарылуда. Көп қабатты тұрғын үй жобасында: 1 бөлмелі – 3 пәтер, 2 бөлмелі – 6 пәтер, 3 бөлмелі 9 пәтер жоспарланған, – деді аудан әкімі Ғалым Әміреев.
Осы күні Сүттіқұдық ауылында жаңа дәрігерлік амбула¬тория ғимараты ашылды. Оның құрылысы үшін респуб¬ликалық бюджеттен 89 млн және облыстық бюджеттен 21 млн теңге, барлығы 110 млн теңге қаржы қаралса, өтіп бара жатқан жылдың қараша айында басталған құрылысты «Бомур» ЖШС жүргізді. Сүттіқұдық дәрігерлік амбулаториясы ғима¬ратында 3 төсек¬тік күндізгі емдеу бөлімшесі, зертхана, егу бөлмесі, ауызбен суландыру бөлмесі, ресурстық және хими¬затор бөлмесі қарастырылған. Ауыл тұрғындарына бас¬тапқы медико-сани¬тарлық көмек көрсетуге барлық мүмкіндік жасалған. Аталған емдеу орнында 1 дәрігер, 11 орта буын медицина қыз¬меткері, 1 әлеуметтік және 6 техникалық қызметкер жұмыс жасаса, оған білікті маман Динара Сейдіметова басшылық жасайды.
Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары ¬Қ.Ыс¬қақов, ауыл медицинасының ардагері Қалдығыз Нұрманова құттықтау сөз сөйледі.
– Ауылымызда жылда бір жақсы жаңалық орын алып ке¬леді. Жаңа типтегі мектептің салынғанына бірер жыл ғана болса, оған іле-шала қосқабатты балабақша ғимараты пай¬далануға берілді. Онан өзге 3 жеке балабақша жұмыс істеп тұр. Жуырда ғана Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қар¬са¬ңын¬да 2 көше асфальтталды. Таза ауыз су үйді-үйге келіп тұр. Мемлекетіміздің даму бағытына ризамыз. Елбасының бастаған бастамаларын жергілікті атқарушы орындар қар¬қынды жүргізіп келеді. Бұл халықтың сенімін ынғайтып, тығыз топтасуына ықпал етеді деп түсінемін, – дейді ауыл ардагері Әлібай Айдарбеков бізбен әңгімесінде.
Нұрмахан ЕЛТАЙ,
Н.НҰРЖАУБАЙ (сурет).
Жаңақорған ауданы.