Қызылорда облысында қатерлі ісік аурулары бойынша өлім көрсеткіші 17,8%-ға төмендеп 65,5-% құрады, мақсатты индикатор – 87,1 (ҚР индикатор –93,5). Республика бойынша 9-орында. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова хабарлады.
Қатерлі ісік ауруларын ерте сатысында анықтау көрсеткіші 24,2%-ға жақсарып 55,3-ті құрады, мақсатты индикатор – 56,3 (ҚР индикатор –57,4).
- Қан айналым жүйесі аурулары бойынша өлім көрсеткіші 11,3%-ға төмендеп 85,1-ді құрады, мақсатты индикатор – 135 (ҚР индикатор –203,1). Республика бойынша 11-орындамыз. Ана өлімі көрсеткіші 85,3%-ға төмендеп, 6,4-ті құрады, мақсатты индикатор – 4,7 (ҚР индикатор –11,5). Республика бойынша 12-орында тұрмыз. Сәби өлімі көрсеткіші 1%-ға төмендеп 10,0-ді құрады, мақсатты индикатор – 11,0 (ҚР индикатор –11,0). Республика бойынша 1-орындамыз,- деді Ақмарал Әлназарова.
Жыл қорытындысы бойынша барлық 28 мақсатты индикатордың көрсеткіштеріне (10,7%) қол жеткізу жоспарланып отыр.
Көрсеткіштерді орындау бағытындағы жұмыстар жалғасын табуда. Жыл қорытындысында индикаторлық болжам көрсеткіші жасалады.
ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРҒА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН 32 ҚОСЫМША КАБИНЕТ АШЫЛДЫ
Қызылорда облысында қатерлі ісік ауруларына көмек көрсетуді жетілдіру бойынша бірінші деңгейдегі, яғни, ауруды ерте анықтау және онкологиялық ауруларға көмек сапасын жақсарту мақсатында 32 мамандандырылған кабинет ашылды. Осылайша, профилактикалық кабинеттермен жабдықтау 45,8%-дан 87,5%-ға, кадрмен қамтамасыз ету көрсеткіші 37,5%-дан 79,1%-ға жоғарылады. Биыл аудандарда аталмыш ауру түріне анальгетиктердің қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова хабарлады.
- Жыл басынан бері жоспарланған 70 маманның 90%-ы білім деңгейлерін көтеру курстарынан өтті. Оның ішінде 14 маммолог, 8 онколог қайта даярлаудан өтсе, проктологиялық және қарау кабинеттерінің 40 маманы білімдерін жетілдірді. Қатерлі ісік ауруынан І-ІІ сатысында алғаш анықталғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 24% өскен. Қатерлі ісік ауруынан асқыну көрсеткіші 42%-ға, қатерлі ісік ауруларынан көз жұму көрсеткіші 21%-ға төмендеген,- дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
МЕДИЦИНА МАМАНДЫҚТАРЫНА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ БӨЛІНДІ
Өңіріміздегі кадрлар жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында «Жоғарғы медициналық және фармацевтикалық мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың 2016-2018 жылдарға арналған 3 жылдық перспективті жоспары» бекітілді. Кадрларды оқыту, қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру үшін 60 млн. теңге қаралды.
–Қайта даярлау курстары арқылы аса қажетті мамандықтар бойынша 135 дәрігер қайта оқытылды. Бұл осы жылдың өзінде неанотолог, травматолог, онколог сияқты өте қажетті мамандардың тапшылығын жойды. Облыс басшысының тапсырмасымен кадрлық резерв құру және қайта даярлау үшін денсаулық сақтау саласының 15 маманы Польша елінде оқытылды. Дәрігерлердің 59,4%-ы (1363 адам) білімдерін жетілдірді-, дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова.
Осы жылы 81 жас маман облыстың денсаулық сақтау саласына тартылып, оның 60%-ы БМСК ұйымдарына жіберілген. Қазіргі таңда БМСК ұйымдарының дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 95%-ға жетті.
Айнұр БАТТАЛОВА.