Халық пен биліктің алтын көпірі

Халық пен биліктің алтын көпіріОблыстық мәслихат депутаттары биылғы жылы «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімінде 114 адамды қабылдады. Онда көтерілген мәселелердің 71,3 пайызы шешілді. Ал депутаттардың жұмыс орындарындағы қабылдауға 783 сайлаушыдан өтініш түсіп, оның 72,8 пайызы қанағаттандырылды. 
Өңірлік коммуникациялар орталы¬ғының брифингінде облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов халық қалаулылары толығымен есепті кездесулерін өткізгенін мәлімдеді. Алтыншы шақырылған облыстық мәслихат аймақ өміріне қатысты 63 шешім қабылдады. 2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы шешімге 7 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Нәтижесінде биыл өңір тайқазаны бекітілген 151 млрд теңгеден 209,7 млрд теңгеге немесе 38,8 пайызға артты. 
2016 жылы республикалық және жергілікті бюджет қаражатынан 209 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Абаттандыру мен коммуналдық шаруашылыққа, көлік инфрақұрылымына 1,5 млрд теңге жұмсалды. Облыстық бюджеттің 36,8 пайызы немесе 69,9 млрд теңге әлеуметтік салаға тиесілі. Оның ішінде білім саласына 25,6 млрд теңге, денсаулық сақтау саласына 39,5 млрд, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға 4 млрд теңге бөлінді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына 21,6 млрд теңге, ауыл шаруашылығына 10 млрд, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметіне 5,3 млрд, көлік және коммуникация саласына 8,7 млрд теңге бөлінді. 
Облыста бюджет қаржысының мақсатты әрі тиімді игерілуін бақылау мақсатында тексеру комиссиясы жыл ішінде облыстық бюджеттің атқарылуы бойынша мәслихат сессиясында есеп берді. Облыс бюджеті бойынша өткен жылы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары тарапынан жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 293 мекеме мен кәсіпорынға бақылау жүргізілген. 
– Кейбір мәселелердің шешілуіне қаржы тапшылығы немесе заңдық негізінің жетіспеушілігі кедергі болып жатады. Сондықтан жоспарлар маңыздылығына қарай сараланады. Мысалы, апатты мектептер мәселесін шешу ұсынысы алдыңғы қатарға шығып, облыстық мәслихаттың өткен сессияларында қолдау тапты, – деді Наурызбай Сейтқалиұлы. 
Облыстық мәслихаттың 10-сессиясында 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы шешім қабылданды. Облыс әкімдігіне жолданған құны 5,2 млрд теңгені құрайтын 121 сұраныстың 60 па¬йыздан астам бөлігі қанағаттандырылды. Қалған бөлігі бюджеттің мүмкіндігіне байланысты. Бюджет жобасын комиссияда қарау барысында депутаттардың өтініштері облыстың экономика және бюджеттік жос¬парлау басқармасында мұқият қаралып, олар қанағаттандыруға болатын көлемін ұсынды. 
2017 жылға жалпы облыстық бюджет көлемі республикалық трансфертпен қоса есептегенде 177,8 млрд теңгені құрады. Оның ішінде кіріс көзі – 4 млрд, субвенция көлемі – 130,1 млрд теңге. 2016 жылдан 2017 жылға өткен жобаларды қаржыландыру жалғасады. «Даму аймақтары» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында биыл облыстық бюджеттен 500 млн теңге бөлінген болатын. Осы бағыттағы нәтижелі жұмысты жалғастыру үшін биыл 1 млрд теңге бойынша ұсыныс қолдау тапты. Арал, Қармақшы, Жалағаш аудандарының жол картасын орындауға 580,1 млн теңге қарастырылуда. 
– Бюджетте тірек елді мекендерді дамытуға 900 млн теңге жұмсау жоспарлануда. Дарияның сол жағалауын игеру жұмыстары қарқынды жүргізіледі. Сонымен бірге электр, газ және жылу жүйелерін жүргізу бойынша жоба-сметалық құжат¬тамасы әзірленуде, – деді облыстық мәслихат хатшысы. 
Депутаттар халық пен биліктің алтын көпірі бола жүріп, ел сеніміне қажырлы қызмет ете береді.
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 желтоксан 2016 г. 650 0