ҚАЗАҚСТАН – ЭТНОКОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ОРДАСЫ

 ҚАЗАҚСТАН – ЭТНОКОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ОРДАСЫҚазақстан – ынтымағы жарасқан, татулығы тұрақты, азаматтарының ар-ождан бостандығына кепілдік беріліп, аз уақытта әлеуметтік-экономикалық жетістіктерге жеткен, зайырлы да құқықтық мемлекет екені күллі әлемге белгілі.
Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде Елба¬сының сарабдал саясатының арқа¬сында әлемді мойындатып, бәсекеге қабі¬летті іргелі мемлекеттердің қа¬тарына ендік.
Экономикалық дамуы тұрақты, кез келген дағдарыстан жол тауып шыға алатын еліміздің басты байлығы, тендесі жоқ қазынасы – халық достығы мен бірлігі. Оның түбірі ғасырлар қойнауынан басталып, тағдыр тауқыметінде шынығып, еліміздің тәуелсіздігімен қатайып келеді.
Берекелі бірлігі, тату тірлігі бар елімізде 130-дан астам ұлттар мен 45-тен астам конфессиялар қақтығыссыз өмір сүруде. Бұл – біздің бірлігіміздің басты жемісі. Осы орайда Елбасы Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында: «Біз өзіміздің жатсынбас тұрпатымызбен, этносаралық, конфессияаралық татулығымызбен және өзара үндесуімізбен күллі әлемге танымалмыз», - деп атап өткен болатын. Бүгінгі біздің қоғамымызда мәдениетке, діни нанымға, тіл мен дәстүрге деген өзара құрмет орныққан.
Уақыт Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміздегі ұлтаралық, конфессияаралық келісімді, түрлі ұлттар арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтудағы жүргізіп отырған мемлекеттік саясат¬тың дұрыстығын дәлелдеді. Тәуелсіз елімізде этноконфессияаралық қарым-қаты¬настардың өзіндік моделі қалыптасты.
Қазақстанда ұлтаралық, кон¬фессия¬аралық келісімді сақтауда Елбасымыздың жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасында елімізде барлық ұлт өкілдерінің азаматтық құқықтары Конституция шеңберінде қорғалып келеді. Барлық ұлттардың өз мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін, діни сенім-нанымдарын сақтауға, жетілдіруге мемлекет тарапынан тұрақты қолдаулар көрсетілуде.
Бұл бағытта елімізде көптеген игі бастамалар жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, 1992 жылғы қазанда Елбасының бастамасымен Чикагода (АҚШ) өткен әлемдік діндер съезінің жүз жылдығына орай Алматыда рухани келісімнің Бүкіләлемдік конгресі өткен болатын. Міне, содан бері елімізде қазанның 18-і «Рухани келісім күні» ретінде аталып өтуде.
Әлемдік дәстүрлі діндер лидерлері¬нің съезі әр үш жыл сайын Астанада тұрақты өткізіліп келеді. Биылғы жылғы мамырда Елордамызда өткен Әлемдік дәстүрлі діндер лидерлерінің ІV съезі Астананың конфессияаралық келісім мен достықтың орталығы екендігін күллі әлемге паш етті. Осы съезде қабылданған Үндеуде дінбасылары «Біз адамзаттың ортақ игілігі үшін түрлі діндерді ұстанушылардың, халықтар мен мемлекеттердің арасындағы өзара құрметтеуді, түсіністікті және ынтымақтастықты жақсартуға бағытталған діндер мен мәдениеттер үнқатысуын ілгерілету жолындағы ізгі бастамасы үшін Қазақстан Республикасына терең ризашылығымызды білдіреміз» - деп, елімізге алғыстарын жеткізген болатын.
Құқықтық ел ретінде Елбасының бастамасымен 2011 жылғы мамырда азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі құрылса, ал, бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жаңадан ашылды.
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасында дін істері бөлімі мен басқармаға қарасты дін мәселелерін зерттеу орталығы бар. Қызылорда облысындағы діни ахуалды тұрақты деп сипаттауға болады. Жыл көлемінде аймақтағы діни ахуалға кері әсер ететін жағдайлар тіркелген жоқ.
Қызылорда облысында 173 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 12-сі жергілікті діни бірлестік, 161 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен.
Ағымдағы жылы ақпарттық-түсіндіру шаралары қала, кент және елді мекен тұрғындарымен, жастармен, мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлерімен, діни бірлестіктермен және діндарлармен, қылмыс жасағандары үшін бас бостандығынан айырылғандар және олардың туыстарымен жұмыс жасау бағытында жүргізілді.
2016 жылғы ІІІ тоқсанда жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға қатысқан респон-денттердің 95,3 пайызы облыс¬тағы діни ахуалды тұрақты әрі қолайлы деп бағалайтынын көрсетіп отыр.
Аймақтағы деструктивті діни ағымдардың алдын алу және діни тұрақтылықты сақтау мақсатында 2016 жылдың 11 айында түрлі форматта 2 298 іс-шара ұйымдастырылып, оған 67 400 адам қатысты және жұмыс барысында тарату үшін, 61 мың дана ақпараттық материалдар (брошюра, әдістемелік құрал, кітапша және кітап) шығарылып таратылуда.
Ағымдағы жылы облыс әкімінің қолдауымен «Нұр-мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде оқитын 15 студенттің (барлығы 60 студент оқиды) оқу ақысы мен жатақханасына бюджеттен тыс көздер арқылы тиісті қаржылары төленді.
Облысымызда ұлтаралық татулық, конфессияаралық келісім мен достық, өзара үйлесімді сындарлы қарым-қатынасы одан әрі нығая түсуде.
Облыста дін өкілдерімен түрлі тақырыптарда «Дөңгелек үстел» басындағы отырыстар, семинарлар мен ғылыми-практикалық конференциялар, кездесулер өткізіліп, діни ахуалға сараптама жасалып, көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Іс жүзіндегі мұндай тәжірибелер конфессиялардың ұдайы үн қатысуының негізінде дау-дамайсыз қатар өмір сүруге болатынын нақты түрде көрсетіп отыр.
Түрлі діни бағыттағы ағымдардың көбеюі жастардың қай бағытта бой түзеуіне, діни көзқарасының қа¬лып¬тасуына үлкен әсер етері даусыз. Мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпақтың діни сауатты болуы діни бағыттағы теріс пиғылдарды бол¬дыр¬мауға септігін тигізбек. Осы орайда облысымызда ұйымдастырылатын шара¬лардың барлығы жастардың адаспауына, дұрыс жол таңдауына ықпал етуде.
Біздегі құқықтық қоғамның ең жоғарғы құндылығы – адам. Біздің мақсатымыз – этноконфессияаралық өзіндік өзгешеліктерді дамыту арқылы ұлтаралық, конфессияаралық келісімі жарасқан, мәдениеттер үндестігі орнық¬қан, қоғамдық-саяси ахуалы тұрақты ел, әлемдегі бейбітшілік ордасы болу.
Тәуелсіздік тұғырының мықты, ел іргесінің берік болуы, тұтастығымыздың сақталуының өзегі – ұлтаралық тұрақты татулық пен мызғымас бірлікте, өзара түсінісушілікте, конфессияаралық келісімде жатыр. Қазақстан халқы ауызбіршілігі мен саяси тұрақтылығын сақтай отырып, өзге мемлекеттерге үлгі, этноконфессияаралық келісімнің ордасы бола алады деп нық айта аламыз.
Айдын ҚАЙРУЛЛАЕВ,
облыстық ішкі саясат басқармасының
басшысы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 желтоксан 2016 г. 1 044 0