«САРЫАРҚА» ГАЗ ҚҰБЫРЫН КҮТУШІЛЕР КӨП

«САРЫАРҚА» ГАЗ ҚҰБЫРЫН КҮТУШІЛЕР КӨП«Еліміздің орталық аймақ¬тарын, Астананы «көгілдір отын¬мен» қамта¬масыз ететін газ құбыры желісін жобалап, оны іске асыруға кірісу керек. Бұл көп шығынды қажет ететін жұмыс, алайда газға тәуелділіктен құтылу үшін мұны жасауымыз қажет. Қазақстан – мұнай мен газ өндіретін мемлекет, сондықтан елімізді газдан¬дыру үшін қандай қиындыққа бол¬са да қарамай, бұл іске кірісуге тиіспіз».  Елбасы орталық өңір¬лерді газдандыру туралы бұл тапсырмасын сонау 2012 жылы берген болатын.
Иә, расында да Қазақстан мұ¬най мен газ өндіретін мемле¬кеттер қатарынан ойып тұрып орын алған. Жыл сайын елімізде 80 млн тонна мұнай мен 42 млрд текше метр газ өндірілуде. Өндіріліп жатқан газдың кәсіпорындар мен тұрғындардың қажеттілігіне бар болғаны 14 млрд текше метрі ғана жұмсалуда. Алдағы жылдары өндірілетін мұнай мен газ көлемі артпаса кемімейтіні белгілі. Ел аумағында пайдаланылмай жатқан, сондай-ақ барланған табиғи және ілеспе газдың қоры 6,8 триллион текше метр шамасында. Тек қана Арал теңізінің Қазақстандағы бөлі¬гін¬де барланған газ көлемі 200-240 млрд текше метр. Осы орайда Өзбекстан өз аумағындағы газды өндіруді бастап кеткенін айта кету керек.
Елбасы тапсырма бергеннен Үкімет бұл тап¬сыр¬маны орындаудың нұсқаларын іздестірді. Алғашқыда Қостанай облысынан тартылатын «Қарталы-Тобыл-Көкшетау-Астана» газ құбыры¬ның жобалық-сметалық құжаттамалары жасалды.  Құны 216 млрд теңге деп есептелген жобаны Үкімет 2013 жылы іске асыра бастауды көздеген болатын. Алайда, көп ұзамай аталған жобаға тоқтау са-лынды.
Мұнан кейін Қарағанды көмірі¬нен метан газын өндіріп, оны Аста¬наға жіберу жобасы талқыланды. Қазіргі таңда әлемнің бірқатар ел¬де¬рінде көмір бассейндерінен ме¬тан газын өндіру технологиясы жо묬ға қойылған. 2014 жылы «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы мен «LeMarCAInc» компаниялар тобы арасында Қарағанды көмір бассейнінен метан шығару және барлау жобаларын жүзеге асыру үшін бірлескен кәсіпорын құру туралы құрылтайшы келісімге қол қойылды. «LeMarCAInc» жетекшілік ететін компаниялардың бұл тобы АҚШ-та және әлемде көмір және метан газын шығару бойынша толық кешенді жобаларды жүзеге асырумен шұғылданады. Оның ішінде кешенді газ дайындау және оны өңдеу, ең мықты бұрғылау схемаларын жасау, көмірді жер астында газдандыру барысында синтетикалық метан, отын және электр энергиясын алу сияқты жобалар бар. Бірақ, бұл бастама да көп ұзамай тоқтап қалды.
Келесі талқыланған жоба «Бей¬неу-Бозой-Шым¬кент» газ құ¬быры¬нан желі тартуға қатысты бол¬ды.  Өткен жылдың қараша айында Лондон қаласында «ҚазТрансГаз» АҚ-ның бас директоры Қайрат Шәріпбаев британдық «Independent Power Corporation PLC» компаниясының басшысы Питер Эрл арасында осы жобаны жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойылды. Британдық компания орталық аймақтарға газ құбырын жеткізумен қатар оның бойында төрт газтурбиналық электрстанция салатын болып келісілді. Жобаның құны 3,1 млрд долларға есептелді. Бірақ, көп ұзамай бұл келісім де жүзеге аспайтыны белгілі болды.
Әрбір жоба талқыланған са¬йын астаналықтар елеңдеумен бол¬ды. Бірақ, тоқтап қалғанын ес¬ті¬геннен кейін көңілдері су сепкендей басылып қалып жатты. Енді қайтсін, жылына 7-8 айға дейін көмір жағудың азабы аз емес. Оның эко-логиялық зардаптары бір төбе. Орталық және солтүстік аймақтарда индустрияландыру бағ¬дар¬ламаларының жедел алға бас¬пауының негізгі себептерінің бірі де осы газдың болмауы. Бұл арада шахтерлерге көмірден метан газын өндіру мәселесі ұмыт қалмайтынын, болашақта бұл бағытта тағы да басқа жобалар қарастырылатыны туралы Энергетика министрлігі басшылығы мә¬лім-дегенін еске сала кеткен жөн. Көмірден метан газын өндіру қолға алынса, шахтерлар жұмысы көбеймесе, азаймайтыны анық.
Ал биылғы жылдың жақсы жа¬ңа¬лығы ол – «ҚазТрансГаз» ком¬па¬ниясының Қызылордадан Ас¬та¬на бағытына тартылатын газ құ¬быры желісі жобасын дайын-дауға «КАТЭК» ком¬па¬ниясына тап¬сырыс бергені. Ма¬мандардың ай¬туынша жаңа желі «Бейнеу-Шымкент» газ ¬құ¬бы¬ры¬ның Қы¬зылордадан 30 шақырым қа¬шық¬тық тұсынан бас¬тау алып, «Қы¬зылорда-Жезқазған» трассасын бо鬬лай жүргізілетін болады. «Сары¬арқа» деген атауға ие болған жаңа магистраль жолда Жезқазған, Қара¬ғанды қалаларын басып өтіп Астанаға маңдай тірейді. Онан әрі Көкшетауға бет алып, Петро¬павловскіге жетеді. Оның жалпы ұзындығы 1500 шақырым.
Облыс аумағынан өтіп жатқан «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының диаметрі 1068 мм, ал Астана бағытына бөлініп шығатын құбыр 800 мм болмақ. Бейнеуден шыққан газ құбырындағы қысым мөлшері 98 атм, әйтсе де жолда Арал ауданынан бастап, басқа да аудан орталықтарына газ босатылған сайын құбырдағы қысым көлемі азая түседі. Соның нәтижесінде Қы¬зылорда қала¬сына келгенде қысым күші 80 атм шамасында болады. Ал облыс орталығына жақын жердегі Қараөзек газ айдау стансасы Астана бағытына кететін газдың қысымын қайтадан 98 атм-ға көтеріп айдайды.
«КАТЭК» ЖШС бас директоры Құндыз Ну¬пов¬тың айтуы бойынша мұндай ауқымды жобаны жүзеге асыру кезең-кезеңімен жүргізіледі. Егер де бәрі дұрыс болса, жобалау құжаттары 2017 жылы аяқталып, газ құбыры желісінің құрылысы басталады. Астанаға 2018 жылдың соңына де¬йін газ құбыры тартылып болады. Екінші ке¬зеңінде – 2020 жылға қарай Көкшетау қаласына жеткізіледі. Ал Петропавловск қала¬сына көгілдір отын жеткізілетін мерзім 2024-2025  жылдар деп есеп¬теліп отыр.
Ендігі тілек бәрі ойдағыдай бо¬лып, басталған жұмыс тоқтамай жалғаса беруі. Көгілдір отынды қаншама отандастарымыз тағатсыз¬дана күтіп отыр десеңізші!    
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 желтоксан 2016 г. 804 0