Елбасы Н.Ә.Назарбаев жаңа әлеуметтік саясатында экономикалық тәуекелдерге, жалпы, ештеңеге де қарамастан, халықты әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруды жалғастыратынын жариялаған еді.
Мемлекет басшысы әрдайым әлеуметтік саланы қолдау мен халықтың әлжуаз топтарына көрсе¬тілетін әлеуметтік көмектерге маңыз беріп келеді. Сондықтан да ел экономикасында ерекше орын алатын, мемлекетіміздің басты назарда ұстайтын сала-бұл әлеуметтік сала болып табылатыны анық.
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйе¬сін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында – ынтымақты зейнетақы төле¬мі мөлшерінің жыл сайын инфляция деңгейінен екі пайызға ілгерілеп, индекстелуі қарастырылған.
Осыған сәйкес, 2017 жылдың 1-қаңтарынан бастап ынтымақты жүйеден зейнетақы төлем¬дерінің мөлшері 9%-ға артатын болады.
Сонымен қатар, «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңымен базалық зейнетақы төлемі – 12 802 теңге көлемінде, ең төменгі зейнетақы мөлшері – 28 148 теңге көлеменде белгіленді. Осылайша, 2017 жылы зейнетақы төлемінің төменгі мөлшері (ең төменгі зейнетақы мен базалық зейнетақыны қосқанда) 40 950 теңге болады.
2017 жылдан бастап, зейнетақы есептеу кезінде алынатын табыстың ең жоғары мөлшері 41 айлық есептік көрсеткіштен аспау керек, яғни (2269*41пайызы)=93029 теңге зейнетақы есептеу кезінде алынатын ең жоғары табысы болып есеп¬теледі. Ең жоғары зейнетақы мөлшері 69772 теңге (93029*75 пайызы) болып бекітілді. Орташа зейнетақы мөлшері 60 000 теңге болады.
Елімізде мүгедектігіне байланысты жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобына, себебіне қарай және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәр¬демақы мөлшері қарауындағы жандардың санына қарай, сонымен қатар ең төменгі күнкөріс деңгейіне сәйкес есептеледі.
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты 7%-ға ұлғаятын болады. Атап айтқанда, айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2269 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері (КД) – 24459 теңге болып белгіленіп, 2016 жылмен салыстырғанда АЕК – 2121 теңге және КД – 22859 теңге 7 пайызға көбейтілген.
Жалпы ауру салдарынан І топ мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 2016 жылы – 43851 тг. болса, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 46919 тг., ІІ топ мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 2016 жылы – 34936 тг. болса, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 37380 тг., ІІІ топ мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 2016 жылы – 23760 тг. болса, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 25423 теңгеге көбейтілді. Сондай-ақ, асыраушысынан айырылуына байла¬ныс¬ты жәрдемақы 1 балаға – 19659 теңгеден 21035 теңгеге, 2 балаға – 34060 теңгеден 36444 теңгеге, 3 балаға – 42290 теңгеден 45250 теңгеге жетеді.
№1, №2 Тізім бойынша (Ерекше ауыр және зиянды жұмыс істеген адамдар үшін) мемле¬кеттік арнайы жәрдемақылар, арнаулы мемлекет¬тік жәрдемақылар, сондай-ақ балалар жәрдемақы¬ларының мөлшері айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне сәйкес көбейеді. Бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы мөлшерлері мынадай: Бірінші балаға – 13070 теңге, екінші балаға – 15452 теңге, үшінші балаға – 17812 теңге, төрт және одан да көп балаға – 20195 теңге.
Атап өтетін жағдай, бала санының реттілігіне қарай бірінші, екінші, үшінші бала тууына бай¬ланысты төленетін бір жолғы жәрдемақы мөлшері – 71270 теңге, төртінші және одан да жоғары бала туылған кезде біржолғы жәрдемақы 118783 теңге болады. Ал, «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», «1 және 2 дәрежелі Ана даңқы» орденімен марапатталған аналарға берілетін арнаулы мем¬лекеттік жәрдемақы 14522 теңгені құрай¬тын болды. Сол сияқты мемлекеттік сақтандыру қорынан төленетін төлем алушылардың әлеуметтік төлемдері де 7 пайызға өсетін болады.Бүгінгі күні «Әлеуметтік төлемдерді ведомст¬воаралық есептеу орталығы» департаменті 2017 жылғы 1 қаңтардан зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерін жаңа мөлшерде уақытылы төлеу мақсатында қайта қарау жұмыстарын қызу жүргізуде. Облыс бойынша 247 000 алушыға жаңа мөлшердегі зейнетақы және жәрдемақылар төлемі 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асады.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатта Елбасы Үкіметке келесі жылдан бастап зейнетақы мен бала тууға байланысты берілетін бір реттік мемлекеттік жәрдемақы көлемін ұлғайтуды тапсырды.
Салхадин МЫРЗАБЕКОВ,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы-«Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу
орталығы» департаментінің директоры.