Бүгінде тарихшылар Кеңес Одағы секілді әлемдегі таңғажайып ұлы державаның тарих сахнасынан жоғалып кетуін ХХ ғасырдың ешнәрсемен салыстыруға келмейтін айрықша құбылысы деп санайды. Мен 1991 жылдың тамыз оқиғасын әлі жадымнан шығара қойған жоқпын. Осы уақытта алып империяны сақтап қалудың жанталасқан қадамдары басталды. Бар болғаны үш күнге созылған оқиғаның соңы ақырында онсыз да қабырғасы сөгіліп, шаңырағы шайқала бастаған ортақ жүйенің, Кеңес Одағының күйреуіне әкеліп соқты.
Қалыптасқан экономикалық байланыстар үзіл¬ді. Халық¬тың тұрмысы күрт төмендеді. Инфляция шарықтады. 1992 жылдың басынан Ресей бағаны ырықтандырып, нарықтық экономиканың алғышарттары өмірге енгізіле бастады. Осы жылдың ақпан айында мен ХІІ шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің кетіп қалған депутаты, Қазақ¬стан Компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы болып қызмет істеген Владислав Ануфриевтің орнына халық қалаулысы болып сайландым. Осыған дейін, 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан өзінің мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңды қабыл¬даған болатын.
1992 жыл ел үшін, біздің елдігіміз үшін сынақ жылы болды. Қазақтың өзгелермен терезесі тең, керегесі кең мемлекет құруға қабілеттілігі сынға түсті. Бірлігіміздің өзі сынға түсті. Көп ұзамай-ақ Тәуелсіздігіміздің символы ретінде мемлекеттік Ту, Әнұран қабылданды. 1992 жылдың 2 наурызында Біріккен ұлттар ұйымының Бас ассамблеясы Қазақстанды Біріккен ұлттар ұйымына мүшелікке қабылдады. Қазақстан БҰҰ-ның 168-ші мүшесі болып енді.
Барлығынан да елімізде экономикалық реформаларды жүргізу, оны дербес тәуелсіз мемлекет ретінде заңды құжаттармен қамтамасыз ету барынша күрделі болған еді. Бірақ, Президент Назарбаев осынау саяси және экономикалық реформаларға батыл кірісті. Ұлттық мемлекетіміздің өмір сүре алатынына күмән келтіргендер де болды. Ең алдымен Мемлекет басшысы қожыраған тұтыну рыногын қалпына келтіру, оны еңбекке ынталандыру арқылы жүзеге асыру керектігін айқын түсінді. Президент шетелдік инвестицияларды тартуға барынша көңіл бөлді. Онсыз шарықтаған инфляция мен бюджет тапшылығын жоюға болмайтын еді. Өзіміз куә болғандай, сол жылдары инфляция ай сайын 70-100 пайызға дейін өсіп отырды.
1992 жылы ақпан айында Елбасы Жарлығымен әкімдік институты енгі¬зіл¬ді. Әкімдік қызмет лауа¬зымы енгі¬зілгеннен күннен бастап бүкіл қазақ¬стандық сипатқа ие болған «әкім» сөзі 70 жыл бойы саяси және атқару¬шы билік символына айналған үй¬реншікті ұғымдарға басқаша түсінік қалыптастыра бастады. 1994 жылы Қазалы ауданының әкімі болып та¬ғайындалдым. 1992 жылдың ақ¬па¬нында ХІІ шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты блып сайланғанымда №86 жылжы¬малы мехколоннаның бастығы едім. Кәсіпорында 1000-ға тарта адам жұ¬мыс істеді. Сол жерде жү¬ріп ысыл¬дым, тәжірибе жи¬нақ¬тадым. Жұ¬мысшылармен ара¬ласу, олардың жан-дүниесін тү¬сіну үлкен өмір фило¬софиясы екен. Жақсы басшы болу үшін жұмысшыларға да өз отбасыңдай қарау керек. Сонда ғана жұрт сені құрметтейді. Абыройсыз болғаным жоқ. Депутат ретінде Қа¬зақстанның алғашқы заң актілерін қабылдауға қатыстым. Кейін кәсіпкерлікке бір¬ыңғай бет бұрдым. Жалпы мен би¬лікке, кәсіпкерлікке көлденең жағдайдан келгенім жоқ. Өмірден біршама тәжірибе жинақтадым. Қолдан келгенше адамдарға, әсіресе жұмысшы халыққа көмек көрсеттім. Ал бұл Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ауыр сынаққа тап болған халық үшін ауадай қажет еді.
Жалпы, мен басқаратын «РЗА» акционерлік қоғамының тіршілігі сан салалы. Ол мал өндіруден бастап, көптеген ауыл шаруашылығының басқа да өнімдерін шығарумен, құрылыс жүргізумен, инфрақұрылым нысандарын салумен айналысады. Осының барлығы ел үшін жұмыс көзі, бюджеттің табысы болып табылады. Міне, ширек ғасыр ішінде біз осындай жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз. Бұл халықтың ертеңгі күнге сенімінің, қиындыққа қарсы тұра білетін қайсарлығының, Елбасының сарабдал саясатының айқын жемісі деп түсінемін.
Самұрат ИМАНДОСОВ,
1991 жылы ХІІ шақырылған
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
Қазалы ауданы.