Жаңа мүшелермен толықты

Жаңа мүшелермен толықтыТәуелсіздіктің ширекғасырлық мерекесі қарсаңында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында партия қатарына жаңа мүшелерді қабылдау салтанаты өтті. Облыс әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев жаңа партбилеттердің иегерлеріне жылы лебізін білдіріп, еліміздің ең ұлық мерекесімен құттықтады.
– Алдымызға сасқанға сая, асқанға тосқан, ұрпаққа ұстаз болайық деген  мақсат қойсақ, алынбас асу болмайды. Туған жерді түлетуге үлес қосу – үлкен мәртебе, жауапкершілік және зор бақыт деп есептеймін. Сіздерді халықтық партияның қатарына өтулеріңізбен құттықтай отырып, аймағымыздың, Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосады деп сенемін, – деді облыс әкімі. 
Партияның жаңа мүшелерінің қатарында Ауған соғысының ардагерлері, спорт және мәдениет саласының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері бар.
«Нұр Отан» партиясы – бүгінде қоғамдағы ең маңызды саяси күш. Жетекші партияның қатарында миллионнан астам мүше болса, оның 50 мыңы қызылордалықтар. 
Партия қатарына жаңадан қабылдану¬шылардың атынан Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің баспасөз хатшысы Гаухарай Есімова және Ауған соғысының ардагері Қуанышбек Сыздықов өз алғыстарын білдірді. 
Жақында Астана қаласында Елба¬сының қатысумен өткен республикалық Жастар форумына қатысқан, «Жас Отан» Жастар қанатының мүшесі, Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстазы Бағдат Әбілов партия қатарына қабылданған жаңа мүшелерге өз лебізін білдіріп, форумда алған әсерімен бөлісті. 
Шара соңында партияның жаңа мүшелері «Атамекен» әнін шырқап, естелік суретке түсті.
Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 желтоксан 2016 г. 727 0