Құрметті қызылордалықтар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ширек ғасырдағы Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы жолында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегі тұр. Ұлт Көшбасшысының салиқалы саясаты – халықтың бостандығы мен құқықтарын қорғаудың және еліміздің қарқынды дамуының кепілі. Елбасының жасампаз бастамаларының арқасында еліміз төрткүл дүниеге танылды.
Егемен еліміздің жетістігі – ерен еңбек пен Елбасының сарабдал саясатының жарқын жемісі. Ұлт көшбасшысының саяси көрегенділігі мен қажырлы күш-жігерінің арқасында еліміз әлемдік беделге ие.
«Алаштың анасы» атанған Сыр өңірінің жұртшылығы Елбасы саясатын бірауыздан қолдайды. Өз кезегінде Президент аймақтағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына оң бағасын беріп, қажетті қолдау көрсетуде.
Құрметті жерлестер!
Тарихи маңызы зор атаулы күнде Сіздерге зор денсаулық, мол табыс, отбастарыңызға бақ-береке тілеймін. Елбасымен бірге егемен еліміз өркендеп, Ұлы даламызда мәңгілік бейбітшілік пен ынтымақ орнасын!
Ізгі ниетпен,
Қызылорда облысының әкімі Қ.КӨШЕРБАЕВ.