Жауапкершілік жүгі артты

Жауапкершілік жүгі артты"Нұр Отан” партиясының қалалық филиалында жаңа мүшелерді салтанатты түрде қабылдап, партиялық билеттерді табыстау шарасы өтті. Шараға партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов және Сайлаубай Әбішев, Сағындық Шәмшиев секілді партия ардагерлері қатысып, жаңа мүшелерді партия беделін көтеруге, ел игілігіне адал еңбек етуге шақырды.
– Құрметті әріптестер, келе жатқан Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығы баршамызға құтты болсын! Бүгін осындай айтулы мерекелер қарсаңында партиялық билетті қолға алып отырсыздар. Енді сіздерде жауапкершілік жүгі  артты. Ел сенімінен шығып, партияның лайықты мүшесі болуларыңызға тілектеспін, – деді Ш.Әбдірахманов. 
Әрі қарай партияға қабылданғандар атынан сөз алған облыстық медициналық орталық дәрігері Нуридин Амитов ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта егеменді еліміздің одан әрі гүлденуіне үлес қосатындығын жеткізді.
Айта кетейік, бүгінде қалалық партия филиалының қатарында 8270 мүше бар. Жыл көлемінде ол 2000-нан аса жаңа партия мүшесімен толыққан. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, қарапайым жұмысшы, медбике, өнер және спорт саласының мамандары бар.
М.СНАДИН.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 қараша 2016 г. 672 0