«Тәуелсіздік шапағаты»
атты облыстық қайырымдылық айлығының
ҮНДЕУІ
Құрметті жерлестер!
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аймағымызда «Тәуелсіздік шапағаты» атты қайырымдылық айлығы бас¬тау алды. Үстіміздегі жылдың 15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында өткізілетін акция мақсаты – аймақтың экономикалық-әлеуметтік тұрақтылығын нығайта түсу, ел арасындағы әлі де көмекке мұқтаж жандарға қолұшын созу, қамқорлық таныту.
Ортақ Отанымыз – Қазақстан ширек ғасырда талай белестерді бағындырды. Алда да алар асуларымыз аз емес. Бірақ біз осы мақсаттарға тату тірліктің, берекелі бірліктің арқасында жеттік. «Байлық байлық емес, бірлік байлық» дейді бабаларымыз. Біздегі бизнес құрылымдарының, азаматтық қоғам институттары мен қарапайым халықтың қамқорлыққа зәру жандарды қолдауға деген ниеті бәріміз үшін қымбат Тәуелсіздігіміздің тіні татулық екендігін дәлелдей түседі.
Елбасы да әр Жолдауларында халықтың әл-ауқатын арттыруға ерекше маңыз беріп келеді.
Бүгінде облыста қайырымдылыққа мұқтаж жүздеген көпбалалы отбасылар, мыңдаған мүгедектер мен жалғызбасты қарт кісілер, жетім және қамқоршысынан айырылған балалар бар. Осындай әлеуметтік топ мүшелеріне қайырымдылық таныту, әрдайым олардың жанынан табылып, демеу болу – біздің азаматтық парызымыз. Әрбір азаматты, бизнес құрылымдар мен мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар өкілдерін айлық аясындағы қайырымдылық шараларынан сырт қалмауға шақырамыз.
Қор реквизиттері:
«Сыр мейірімі» қоғамдық-әлеуметтік қоры
БИН 140140010711
ИИК KZ 928560000006322737
БИК KCJBKZKX
120000, Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі, 47, каб №309
Байланыс телефоны: 87023464011, 87027281153.