« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Салтанатты шарада сөз алған аймақ басшысы өңірде кәсіпкерлік саласының қарқынды дамығанын және «Микробизнес Қызылорда» жобасының облыста шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға зор үлесін қосып келе жатқанына тоқталды. Сонымен бірге кәсібін ашып, қаншама жанды жұмыс көзімен қамтып отырған кәсіпкерлерге ризашылығын білдірді. Бұрын өңіріміз бұл сала бойынша төмен көрсеткішке ие болса, қазіргі кезде кәсіпкерлігі өркен жайып келе жатқан облыстар қатарында. Мұндай байқаулардың кәсіпкерлер үшінмаңызы ерекше. Келесі жылы өткізілетін «ЭКСПО – 2017» көрмесінде Сыр елі кәсіпкерлерінің арнайы орны және сырттан қаншама туристерге біздің жергілікті өнімдермен танысуға мүмкіндік берілетін болады. Облыс әкімі байқауға қатысушыларға белсенділіктері үшін алғысын білдіріп, үздіктерді марапаттады.
Көрме-байқауға қатысқан тауар өндірушілер арасындағы жеңімпаздар үш номинация бойынша анықталды. Алдымен «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша Шиелі ауданынан келген «Қазақстандық мұнай химиялық компания Кемикал» ЖШС үздік деп танылды. Ал екінші дәрежелі дипломмен Қызылорда қаласынан қатысқан «NP-Consulting» ЖШС марапатталса, үшінші орынды Жаңақорған ауданындағы жақында ашылған аяқ киім тігетін «МСК» ЖК иемденді. Сонымен бірге «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясының нәтижесі бойынша Қызылорда қаласынан қатысқан «Құрбанбаев» ЖКалдынғы орынға шықса, екінші дәрежелі дипломмен «Тұрғынбаев Табиғат» ЖК марапатталды. Үшінші орынды Арал ауданынан келген «Жұмашева Индира» ЖК жеңіп алды. Соңғы «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша белгілі «Сыр маржаны» ЖШС үздік атанды. Екінші және үшінші дәрежелі дипломмен«Браунис-Қазақстан» мен «Ермаханов Сабыр» ЖК жүлдегерлер тұғырынан көрінді.
Өңірлік көрме-байқауына барлығы 18 тауар өндірушіқатысқан. Осы орайда байқауға қатысушылардың бірі кәсіпкер Бақыт Айтмағанбетов, бал арасын баптағанына екі жылдың жүзі болыпты. Ол «Ауыл шаруашылығын қаржыландыру қорынан» 2,5 млн теңге несие алып, кәсібін өрге домалатқан. Көшуге тиімді ара вагонын Ресей елінен арнайы алдырыпты. Қазіргі кезде ауа райының қолайлығына, гүлдің мол қорына байланысты облыс аумағын аралап, бал өнімін молынан жинауда. Тіпті арнайы естіп келіп, сатып алатындар қатары да көбейген. Осы ретте кәсіпкер алдағы уақытта кәсібін одан әрі жандандыру үшін тынбай еңбек ететінін жеткізді.
Облыстық кәсіпкерлік палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов көрме-байқауы жаңа тұтынушыларды анықтай отырып, іскерлік байланыстар орнатуға арналған бірегей жоба екенін атап өтті.
Байқау жеңімпаздарына «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен әзірленген арнайы дипломдар, статуэтка және бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сонымен бірге, барлық қатысушылар облыстық кәсіпкерлік палатасыныңарнайы Алғыс хатымен марапатталды.
Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Сара АДАЙБАЕВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |