« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуімен жалпы республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының ұйымдастырылу барысына арналған мәжіліс өтті. Жиынды ашқан облыс басшысы жыл сайын дәстүрлі түрде 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында өтетін «Мектепке жол» акциясы биылғы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен өткізілуде екенін еске салып өтті. Алайда, акция басталғанына біршама уақыт өтсе де, көрсетілген көмек көлемі әлі мардымсыз. Осы ретте Қырымбек Елеуұлы «Сыр мейірімі» әлеуметтік қорының төрайымыСапура Әбдірахимованың мемлекеттік қызметкерлердің көмек қорына бір күндік жалақысын аудару туралы ұсынысын толық қолдайтынын жеткізді.
– Мектепке барған оқушы әлеуметтік әділеттілікті сезінуі тиіс, – деген аймақ басшысы облыстағы барлық мемлекеттік мекемелер қызметкерлерін әлеуметтік қор есепшотына бір күндік жалақысын аударуға шақырды. Сонымен бірге, аймақтық басқармалар қызметкерлері, кәсіпкерлер, ірі кәсіпорындар ұжымдары, ардагерлердің де бұл акциядан қалыс қалмағаны жөн.
Жиында облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев басқарма есебі бойынша облысымызда 12279 аз қамтылған отбасында 18749 бала, 15996 көпбалалы отбасында 34803 бала, 1893 қолайсыз отбасында 2241 бала тәрбиеленуде екенін жеткізді. Сондай-ақ, мектепте оқитын мүмкіндігі шектеулі 2757 бала бар. Көмек көрсетілуі тиіс оқушылардың жалпы саны 50 мыңға жуықтайды. Басқарма басшысы акция аясында оқушылардың мектеп фомасы мен құрал-жабдықтарының құнына мониторинг жүргізілгенін атап өтті. Мониторинг көрсеткендей, бастауыш сынып оқушыларына 14-16,4 мың теңге, ортаңғы сынып оқушыларына 19-21 мың теңге, жоғары сынып оқушыларына 23,5-26,5 мың теңге аралығында қаржы жұмсалуы тиіс.
Мәжілісті қорытқан облыс басшысы акция барысында көмек бірінші кезекте ата-ана қамқорлығынан айырылған жетім балаларға, екінші кезекте мүгедек балалары бар отбасыларына, үшінші кезекте әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы егіздер мен үшемдерге көрсетілуі тиіс екенін айтып өтті.
Ы.ТӘЖІҰЛЫ.
«Мектепке жол» акциясына орай «Сыр мейірімі» әлеуметтік қоғамдық қорының облыс тұрғындарына
Ү Н Д Е У І
Қызылорда облысында көмекке зәру, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қайырымдылық шарасын жыл сайын өткізу дәстүрге айналған. «Жүрек жылуы», «Сыр мейірімі» атты қайырымдылық шараларына кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, облыс тұрғындары белсене қатысып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларына көмек қолын созып келеді.
Осы игі жұмыстар бүгін жалғасын тауып, жаңа оқу жылының қарсаңында әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасыларға балаларын мектепке дайындауға жәрдем беру мақсатында «Мектепке жол» акциясы ауқымды жүргізілуде.
Құрметті ағайын! Осыған орай Сіздерді республикалық акция шеңберінде балаларға қайырымдылық жасауда жомарттықтың үлгісін көрсетуге шақырамыз. Мұндай шараның жас жеткіншектердің білім алуға деген талабын ұштайтынына сеніміміз мол. Ел ертеңгі азаматтары – жас өскіндерімізді қолдауда ұйымшылдық танытайық. Жақсылық жасауға асығайық, ағайын!
«Бірігіп көтерген жүк жеңіл» дейді дана халқымыз, қайырым мен мейірімге үндейтін шараға қатысамын деушілер қаражаттары мен ерікті көмектерін төменде көрсетілген реквизиттер бойынша аударуларына болады.
Қордың реквизиттері:
«Сыр мейірімі» қоғамдық әлеуметтік қоры
Қызылорда қ., Бекзатхан Асқар, 47, каб. №309
БИН 140 140 010 711
ИИК КZ 928560000006322737
Кбе 18
АО «Банк Центр Кредит»
БИК KCJBKZKX
Атқарушы директор: Әбдірахимова Сапура Зайтжанқызы
Байланыс тел: 8 702 346 40 11, 8 702 728 11 53
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |