« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
Қызылордадағы қоғамдық көліктер қатары жаңа 40
автобуспен толықты. Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңындағы жаңалық
қызылордалықтар үшін ерекше сый болды. Салтанатқа облыс әкімі Қырымбек
Көшербаев қатысып, құттықтау сөзін арнады.
– Көптеген жылдар бойы халықты әбігерге салған осы қоғамдық көлік мәселесін шешу мақсатында біз 2014 жылы «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы жанынан «Қызылорда Автобус паркін» құрып, Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп жұмыс жасадық. Соның нәтижесінде банкпен 21 млн АҚШ долларына несие берілді. Бүгін қызылордалықтар үшін айрықша күн, салтанатты сәт! Қала халқының көптен күткен қуанышы орындалып, су жаңа үлкен сыйымдылықтағы заманауи автобустар ел игілігіне пайдалануға беріліп отыр, – деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, аймақ басшысы Қызылорда қаласында құрылысы жүргізіліп жатқан автобус паркіне тоқталып, қала көркіне көрік берер нысандар жайын сөз етті. Тұрғын үйлер жайы мен көпір құрылысына, дарияның арғы бетінен бой көтерер жаңа қаланың болашағын тілге тиек етті. Барша қызылордалықтарды ел дамуы жолында аянбай еңбек етуге шақырған әкім әлемдік қаржылық дағдарыс бүйірден қысқан тұста еліміздің еңсе түсірмей, болашаққа нық сеніммен қадам басуын Елбасымыздың сарабдал саясатының жемісі екендігін айрықша атап өтті.
Мұнан соң, Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстан бойынша директоры Джанет Хэкман сөз сөйледі. Ол Сыр елі жұртшылығын қуанышымен құттықтап, жаңа автобус кілтін жүргізушілерге салтанатты түрде табыс етті.
Автобустар жайына тоқталсақ, экологиялық таза газбен жүретін үлкен сыйымдылықтағы автобустар Еуропалық қайта құру және даму банкімен жасалған келісім арқылы алынып отыр. Былтыр жеткізілген 30 автобус №1 және 18 бағыт бойынша қала тұрғындарына қызмет көрсетіп келеді. Ал 40 автобус №14, 17, 18 бағытта жолаушылар тасымалдамақ. Қыркүйек айында тағы 42 автобус әкелінеді деп жоспарлануда.
Аталған көліктердің барлығы көгілдір отынмен жүреді, GPS, бейнебақылау камералары мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін мініп-түсуге арналған аппарельмен жабдықталған. 78 жолаушыға дейін тасымалдауға қауқарлы. Су жаңа автобустарды тізгіндеуші жүргізушілер де, кондукторлар да арнайы дайындықтан өткен. Тағы қуантатын жайт, жаңа автобустардың іске қосылуымен бірге 160 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Автобустар ауыстыратын өзге қоғамдық көліктер қайтпек? Олар басқа маршруттарды толықтырады, яғни, ешкім жұмыстан шығарылмайды.
Өздеріңізге мәлім, бүгінгі таңда Қызылорда қаласында сыйымдылығы 200 автобусқа арналған автобус паркінің құрылысы жүргізілуде. Паркте көлік жөндеу, жуу цехы мен GPS арқылы барлық автобустардың бағытын бақылап отыратын орталықтар орналасады. Яғни, Қызылордадағы қоғамдық көлік қызметінің заманауи үлгіде қызмет етіп, ел сенімін еселей түсер күні жақын.
Нағымжан САУЯЕВ.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |