МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАР ҚАУІПСІЗДІГІ КҮШЕЙТІЛДІ

МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАР ҚАУІПСІЗДІГІ КҮШЕЙТІЛДІҮстіміздегі жылдың 16 шілдесінде республикалық антитеррорлық орталықтың шешімімен террористік қауіптіліктің «сары» белдеуі отыз тәулікке ұзартылды. Бұл күнде құзырлы органдар тарапынан халық көп шоғырланатын жерлерде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік маңызы бар нысандарда қорғаныс күшейтілген.

Қалаларды бір-бірімен байланыстыратын маңызды нысандардың бірі – темір жол. Ел мен елдің, жер мен жердің арасын жалғайтын шойын жол қызметі де күшейтілген режимде жұмыс істеуде. "Локомотив” АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының кеңесшісі Руслан Исабеков: "Күзет жұмыстары барынша күшейтілді. ОІІД-мен бірлесе іс-қимылдар атқарудамыз. Диспетчерлік пункттер сенімді қорғаныс есіктерімен қамтамасыз етіліп, дыбыстық хабар беру жұмысы жандандырылды. Біз қандай жағдай болса да, сақадай сай тұрмыз” деді.

Қауіпсіздік қызметі "Қорқыт ата” әуежайында да жақсы жолға қойылған. Мұндағы авиациялық қауіпсіздік қызметінде 65 адам жұмыс істейді. Әуежайға кіреберістен металіздегіштермен тексеріп, арнайы құрылғылар жұмыс істеп тұр.

– Авиациялық қауіпсіздік шараларын күшейттік. 6 маусымнан бері бар күш-жігерімізді аянбай төгіп келеміз. Бейнебақылау арқылы қатаң бақыланып отырады. Жолаушыларға қосымша ақпараттар беріліп, қызметкерлердің біліктілігін арттыру ісі қарқынды, – дейді "Қорқыт ата” әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы Дәулетбек Әділбекұлы.

Дәулет ҚЫРДАН.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 шілде 2016 г. 591 0