« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
Дағдарыстың қиынкезеңінде бизнесті дамытудың оңтайлы жолдарын табуға көмектесу тек
кәсіпкерлерге ғана емес, сондай-ақ мемлекетке қиын кезеңнен шығуға көмек
көрсету болып табылады.
Сенбі күні Қызылорда қаласындағы Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында «Сырбойы» Қызылорда кәсіпкерлер қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен «Сырбойы Бизнес Форум» осындай мақсатты көздеді. Бұл бизнес-форумның басты міндеті – қазіргі экономикалық жағдайда Қазақстандық бизнестің дамуын талқылау, кәсіпкерлерге жүргізіп отырған және болашақ бизнестерін ашуға қажетті ақпаратпен байланыстың толық спектрін ұсыну болатын. Ол міндет орындалды деп алдын ала сеніммен айтуға болады.
Форумға республикамыздың барлық аймақтарының белсенді кәсіпкерлері мен бизнес-қауымдастық салаларының басшылары қатысты. Форум жұмысы "Аймақаралық ынтымақтастық” атты шағын және орта бизнес көрмесінің ашылуымен басталды. Көрмеде кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалармен танысуға мүмкіндік болды. Қызылорда облысымен қатар Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақмола және Алматы облыстарының кәсіпкерлері өз өнімдерін көрмеге шығарды. Олардың арасында Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің басымдылығы айқын көзге түсіп тұрды. Оңтүстік кәсіпкерлер шығарған өнімдер әртүрлі саланы қамтыды.
Форумның «Қызылорда облысының экспорттық, сауда-саттық және инвестициялық мүмкіндіктері: Ресей, Қытай және Иран» деп аталатын екінші бөлігінде қатысушыларға шетелдік кәсіпкерлер мен бизнес-қауымдастық басшыларынан көршілес жатқан алып елдеріне экспорттық мүмкіндіктері жайлы өзекті ақпараттар алды.
Форум аясында отандық өнімді Ресей, Қытай және Иран мемлекеттеріне экспорттау, Қызылорда облысының сауда-саттық және инвестициялық мүмкіндіктері талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев қатысушыларға өңірде кәсіпкерлікті дамытуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жайынан хабардар етіп, Қызылордада өткізілген инвест форумдар туралы айтып өтті. Ал Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов «Атамекен» ҰКП әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, кәсіпкерлік саласына қатысты арнайы карта әзірлегенін жеткізді.
Картада әр өңірдің әлеуеті, инфрақұрылымға қолжетімділігі, шикізат қоры, маманданған саласы туралы нақты ақпаратпен қамту көзделген. Өңірлік кәсіпкерлікті дамыту картасы әрбір өңірдің басты сауалдарына: атап айтқанда, өңірдің мамандану деңгейін айқындайтын факторларды, нарықтағы тауарлар мен көрсетілетін қызмет нарығының жұмыс істемейтін немесе жеткілікті игерілмеген салаларын, аймақтың өсу нүктелерін, өңірдегі нақты бизнес ортаның жағдайын, бизнестің дамуы барысында жиі кездесетін кедергілерді және даму локомотиві бола алатынбизнес-субъектілері қайсысы деген сынды сұрақтарға жауап береді.
«Сыр бойы кәсіпкерлері қауымдастығының» басқарма кеңесінің төрағасы Данияр Жанұзақовөткізіліп отырған форум халыққа қажетті көптеген өнім түрлерін шығарып, алды экспортқа өнімдерін сата бастаған кәсіпкерлерімізді ішкі нарықты белсенді түрде игеруге шақыру мақсатын көздейтінін айтып өтті. Мысалы, кәсіпкерлеріміз шығарған өнімдерін көрші облыстардың өзіне дұрыс сата алмай отыр. Себебі, бизнес қауымдастықтардың бір-бірімен қатынасы әлсіз, болмаса жоқ есебі. Яғни, ішкі нарықты игеруде белсенді қимыл жоқ. Республиканың көптеген аймақтарында индустриалды - инновациялық бағдарламаға сәйкес 800-дей кәсіпорын құрылды. Бірақ біз олардың қандай өнім шығарып жатқанын білеміз бе? Мысалы, Ақтөбе мен Петропавл қалаларында мұнай-газ саласына қажетті бөлшектер, құралдар шығарылуда, экспортқа да сатылып жатыр. Қызылорда облысында мұнай-газ саласында жылына 40-45 млрд теңгеге осы салаға қажетті бөлшектер, құбырлар, іс құралдары шет елден әкелінеді. Бұл біз білетін бір ғана мысал. Басқа салаларда да осындай жағдай қалыптасқан.
Осы мәселеге байланысты, Республикалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, оның аймақтық филиалдары арқылы әр облыс шығаратын өнім түрлерін, сатылатын көлемі, бағасы, транспорттық жеткізілуі сияқты критерийлерін көрсете отырып, өнімдер тізімін жасап, аймақтық кәсіпкерлер палатасына беру туралы ұсыныс жасалды. Бұл аймақтық тауар айналымын жоғарылатуға жақсы көмектеседі деп сеніммен айтуға болады Мысалы, біз көрші Шымкенттің цемент, көкөніс сияқты бірнеше өнімін ғана білеміз және тұтынамыз. Ал Шымкент өнеркәсібі әлеуетті қала, шығаратын өнім түрі де баршылық.
«Сырбойы кәсіпкерлер қауымдастығының» атқарушы директоры Айбатыр Серікхан қауымдастық бүгінде 60-тан астам компанияны біріктіріп, кәсіпкерлер үшін тәжірибе алмасып, бизнес мүмкүндіктерді талқыға салып, ой-пікір бөлісетін ортақ бір алаңға айналып отырғанын атап өтті. Ол бектілген бірнеше жобалар туралы ақпараттар берді.
Workshop атты жоба аясында Қазақстанның және Ресейдің түкпір -түкпірінен өз саласына еңбегі сіңген, айтар сөзі, бөлісер тәжірибесі бар бизнес тренерлері кәсіпкерлермен кездесіп,ең өзекті тақырыптарда 1-2 күндік тренингтер ұйымдастырылуда. Келесі жоба Business Breakfast – секторалды таңғы астар. Таңғы ас барысында кәсіпкерлер бір-бірімен танысып, байланыс құрып, серіктестік орнатып жатады. Koldau жобасы аясында аталған мекемелердің функциясы мен мемлекеттік қолдау құралдарын кәсіпкерлерге жеткізу үшін ыңғайлы, қол жетімді платформа ұйымдастырылады. Ойларында жүрген барлық сұрақтарға сол уақытта нақты жауап алатын мүмкіндік болады.
Жылына 4 рет алыс-жақын шет елдердің кәсіпорындарына, фабрика, зауыттарына және ең үлкен көрмелерге іссапарлар ұйымдастырып, жетекшілерімен тәжірибе алмасып, серіктестік қарым-қатынасты орнататын Business Sapar атты жоба да бар. Шет елге шығып, жаңалықтарды өз көзімен көріп, елімізге жаңа технологиялар және идеялармен оралып жататын жағдайлар жоқ емес.
«KazFood» компаниясының директоры Абдулла Рапиевтің Ресейге экспортқа өнім шығарудың ерекшеліктері туралы баяндамасын қатысушылар асқан қызығушылықпен тыңдады. Сол секілді Қытай Халық Республикасы Гуанжоу қаласындағы «Казка» өкілі Уәлихан Нұржауповтың, «Meat Production & Servis» компаниясының директоры Бақытжан Әбдірасиловтың Қытайға және Иранға экспортқа өнім шығару туралы айтқандары да тыңдаушыларын бейжай қалдырмады. ОҚО кәсіпкерлер палатасы өкілі Нұрлан Қабыштаев өңірлер арасындағы байланыстарды арттыру жайындағы ойын ортаға салды. Баяндамашылар форумға қатысып отырған кәсіпкерлер тарапынан қойылған сан түрлі сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Форум жұмысы соңында іс-шараны өткізуге қолдау білдірген бірқатар компанияларды марапаттау рәсімі өтті.
Ы.ТӘЖІҰЛЫ.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |