« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
"Қанатты қалам – 2016” форумы
Кеше А.Тоқмағанбетов
атындағы мәдениет үйінде Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне
орай «Қанатты қалам-2016» форумы болып өтті. Оған облыстағы барлық БАҚ өкілдері
қатысты. Төртінші билік өкілдерін төл мерекесімен облыстық мәслихат хатшысы
Наурызбай Байқадамов құттықтап, осы саланың үздіктерін марапаттады.
– Жыл сайын мамыражай маусымда болатын бұл кездесу – біз үшін үлкен қуаныш. Өйткені, бұл – жыл бойы өңірдің тыныс-тіршілігін көпшілікке жеткізіп, маңызды қоғамдық міндетті арқалаған сіздерге рахмет айтып, алғыс білдіретін ерекше күн. Ендеше кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Алаштың анасы атанған Сыр өңірі – ұлтжанды, мемлекетшіл, халықшыл газеттердің алтын ұстаханасы. Осы өңірдің жылдар бойы қалыптасқан шығармашылық мектебінен мыңдаған журналистер түлеп ұшты. Бүгінде олардың әрісі шетелде, Алматы мен Астанада, берісі өз өлкемізде абыройлы қызмет атқарып жүр. Қазір облыстың медиа кеңістігінде 80-нен астам бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс жасаса, бұл салада екі мыңнан аса адам еселі еңбек етіп келеді. Соңғы жылдары аймақта ақпарат құралдарын мемлекеттік тапсырыс беру арқылы қолдау мен ынталандыру шаралары кеңеюде. 2010 жылы ақпарат құралдарымен жұмыс жасауға облыстық бюджеттен 155 миллион теңге бөлінсе, биылғы жылы осы мақсатқа 609 миллион теңге көлемінде қаржы қаралып, қаржы көзі 4 есеге дейін өсіп отыр. Сонымен қатар, осыдан үш жыл бұрын ақпараттық жұмыстың сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік облыстық, қалалық, аудандық бұқаралық ақпарат құралдары бір орталыққа біріктіріліп, арнайы медиахолдинг құрылған болатын. Қабылданған шешімнің дұрыстығын уақыттың өзі көрсетіп отыр. Бүгін білікті басшы Аманжол Оңғарбаев бастаған «Сыр медиа» ұжымына Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы табыс етілуде. Бұл – Сыр журналистикасы үшін үлкен қуаныш. Сондай-ақ, биыл облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының құрылғанына 25 жыл толды. Тағы бір айта кетерлігі, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалы жұмысын бастады. Мереке қарсаңында баршаңызға шығармашылық табыс тілеймін, – деді мәслихат хатшысы.
Дәстүрлі шара барысында облыстық мәслихат хатшысы
Н.Байқадамов пен "Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші
орынбасары Ибадулла Құттықожаев ақпарат айдынында озық шыққан қалам иелеріне
облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын және номинацияларды табыс
етті. Мерекеде біздің «Сыр бойы» газеті журналистерінің де мерейі үстем болды.
Газеттің бөлім меңгерушісі Гүлжазира Жалғасова «Үздік очерк» номинациясымен
марапатталса, жас тілші Сара Адайбаева талантты журналист Сахитжан
Бермағанбетов атындағы дәстүрлі байқау жеңімпаздарының бірі атанды. Сонымен
қатар, "Қазақстан-Қызылорда” телеарнасының директоры Жағыпар Қарабала бір топ
қаламгерлерді ҚР Журналистер одағының Құрмет грамотасымен, дипломдарымен
марапаттады.
Мерекелік кеш әсерлі көңіл-күй сыйлаған концерттік бағдарламаға ұласты.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |