« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Жаңақорған ауданына қарасты Түгіскен ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Аталған нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасты.
Түгіскен – тірек елді мекендердің қатарына қосылған ауыл. Сондықтан мұнда әлеуметтік нысандар бой көтеріп, жолдар жөнделіп, жарықтандыру мәселесі де өз шешімін табуда. Келесі жылы 300 орындық жаңа мектеп салынып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Осылайша тірек ауылдарды дамыту арқылы әлеуеті төмен елді мекен тұрғындарын тұрақты жұмысқа тартуға мүмкіндік туады.
– Соңғы 3 жылда облыстың денсаулық сақтау саласы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуда біршама жұмыстар атқарылды. Жалағаш, Қармақшы, Сырдария және Шиелі аудандарында ауруханалар ашылып, 30-ға жуық дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік бекеттер салынып, іске қосылды. Жыл соңына дейін Жаңақорғандағы аудандық аурухананың құрылысын аяқтап, пайдалануға береміз, – деді облыс әкімі.
Облыста денсаулық сақтау саласын дамыту үшін арнайы бағдарлама әзірленді. Сондай-ақ, биыл алғаш рет резидентурада білім алу үшіноблыс әкімінің 25 гранты бөлінді. Айта кетейік, денсаулық сақтау саласына қаржы бөлуден облысымыз республикадағы аймақтар арасында көш бастап тұр.
Нұрмахан ЕЛТАЙ.
Жаңақорған ауданы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |