ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті денсаулық сақтау саласы қызметкерлері!

 

Сіздерді кәсіби төл мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер!

Халқымыз қашаннан «Бірінші байлық – денсаулық» деп денсаулықты дүниедегі байлық атаулының барлығынан жоғары қойса, Ата Заңымызда «Мемлекеттің ең басты қазынасы – халық және оның денсаулығы» деп айқын көрсетілген.

Дәрігер – адам жанының арашашысы, жер бетіндегі сан алуан кәсіптің ішіндегі ең ізгі, ең қастерлі мамандықтың иесі. Мұның өзі, осынау шапағаты мен машақаты қатар, қадірі мен қасиеті мол мамандықтың маңызын көрсетсе керек. Ал, оның иесі болу – үлкен мәртебе.

Сіздердіңеңбектеріңіз – адам саулығы мен амандығы жолындағы ең абыройлы қызмет!

Әрдайым адамзат баласы тағдырын сеніп тапсыратын мамандықтарыңызды абыроймен атқарып, халық сеніміне ие болып жүре беріңіздер.

Ел мүддесі жолындағы қиындығы мен қуанышы мол еңбектеріңізге табыс, отбастарыңызға амандық тілеймін.

 

Құрметпен,

облыс әкімі Қ.Е.Көшербаев.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 маусым 2016 г. 740 0