« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
.Сыр бойының білім ордаларын биылғы оқу жылы 6564 түлек бітіргелі отыр. Олардың 4559-ы, яғни 69,5 пайызы ҰБТ-ға қатысады. Биылғы Ұлттық бірыңғай тест тапсырудың алғашқы күні Қызылорда қаласы мен Жаңақорған, Қармақшы аудандарының 1680 оқушысы өз бақтарын сынады.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бесінші оқу ғимаратында орналасқан тестілеу орталығында 2 маусым күні 502 түлек он бір жылдық білімдерін сарапқа салды. Білім сайысын бақылауға келген сала мамандары, ұстаздар мен ата-аналар, тест орталығының қызметкерлері түлектерге сәттілік тіледі. Салтанатты жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы Ұлттық бірыңғай тесттің сәтті өтуіне, түлектердің білім айдынында еркін құлаш сермеуіне, ата-аналардың қуанышқа кенелуіне тілектестігін білдірді.
Биылғы мектеп бітірушілердің 329-ы "Алтын белгіге” үміткер болса, 123-і "Үздік аттестат” иегері болуды көздейді. Солардың бірі – қаладағы №5 мектеп-лицей оқушысы Құралай Бердәлі. Ол бұған дейінгі сынама тесттерден жоғары балл жинап, жақсы нәтижеге жеткен-ді. Бүгінгі шешуші кезеңде бар білімін сарапқа салып, ата-анасы мен ұстаздарының үмітін ақтамақшы.
Алғашқы күнгі сыныққа облыс бойынша 1629 түлек қатысып, олардың орташа көрсеткіші 83,6 балл болды. Биылғы түлектің 20-сы ҚР Білім және ғылым министрлігінің №335 бұйрығы негізінде, 7-і Ресей мемлекетіне бюджеттік оқуға түскендіктен ҰБТ-дан босатылды.
Бұл күнгі сынақ барысында алдын ала "Алтын белгіге” ұсынылған – 60, "Үздік аттестатқа” ұсынылған 18 түлек өз білімдерін дәлелдеп шықты. Ең жоғары 122 балды Қармақшы ауданындағы №250 мектеп-лицей түлегі Анар Мұхит пен қаладағы №198 орта мектеп түлегі Вероника Цой иеленді.
Сондай-ақ бұл күні қазақ-түрік лицейлерінің көрсеткіші көңіл қуантарлықтай болды. Мәселен, №10 қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің орташа балдық көрсеткіші 109 болды, ең жоғары балл – 121. Ал №9 ер балаларға арналған лицейдің орташа көрсеткіші – 102,1, ең жоғары балл – 118.
Ұлттық бірыңғай тесттің алғашқы күнгі Сыр түлектерінің қол жеткізген табысы көңіл қуантарлықтай. Сынақ сәтті жалғасады деп сенуге негіз бар.
Жұмагүл ОРАЛБАЕВА.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |