« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Кеше облыстың әділет департаменті мен Қызылорда облысының кәсіпкерлік палатасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Өңірде кәсіпкерліктің өркен жаюына барынша жағдай жасалып келеді. Әйтсе де, кәсіпкерлікке көлденең кедергілерді жою шарасын әлде де қарастыру қажет. Еліміздің бәсекеге қабілеттілік рейтингісінің жоғарылауы да осыған байланысты.
Меморандумға қол қою рәсімінде облыстық әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Тастыбай Лесеров, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов сөз сөйлеп, қатысушыларға жасалар келісімнің мақсат-мұратын түсіндіріп өтті. Жиынға келген кәсіпкерлер тарапынан Сейітқали Алшынбаев, Ерлан Ыбыраевтар бастамаға оң пікір білдірді. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының өкілі Шәріп Әбдірахманов та кәсіпкерлердің мүддесін қорғау жолындағы игі істің нәтижелі болуына тілектестігін жеткізді.
Алты баптан тұратын құжат кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қамтамасыз етуге жұмыс жасайды. Кәсіпкерліктің дамуына кедергі жасайтын жүйелі проблемалар мен әкімшілік кедергілерді анықтау, оларды шешу де негізгі мақсаттардың бірі. Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі болса да кәсіптің көзін тауып, мемлекет қамқорлығын сезініп отырған жандар аз емес. Меморандумда осындай азаматтарға арнайы құқықтық көмек көрсету де көзделген.
Нағымжан САУЯЕВ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |