« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
Тұрмысы төрт түлікке тікелей тәуелді болған бабаларымыз бағзыдан-ақ
мал терісін тұрмыстық қажетіне жарата білген. Бүгінде Жалағаш ауданының тұрғыны
Гүлзат Құлниязова сол үзіліп қалған бабалар кәсібін қайта жаңғыртып, үйінен былғары
тігін шеберханасын ашты.
Өткен жылы «Демеу» гранттары «Байқоңыр» ӘКК әлеуметтік өзіндік бастамасының шеңберінде аталмыш жобасын ұсынған кәсіпкер грант жеңімпазы атанып, 800 мың теңге қайтарымсыз қаржыға қол жеткізді. Гүлзаттың мамандығы – тігінші. Кәсіп иесі бұған дейін Тараз қаласындағы былғары цехында жұмыс істеген. Демек, оның бұл кәсіпте тәжірибесі бар, қолға алған ісін толық игеріп кетуге мүмкіндігі де мол. Қазірде үйінің үлкен бір бөлмесін шеберхана етіп ашқан. «Кабила» деп аталатын «ПМЗ класс 3823» маркалы заманауи былғары тігін машинасына тапсырыс беріпті. Арнайы технологиямен қой терісінен өңделіп алынатын жоғары сапалы былғары мен сол былғарыға жылтыр өң беретін бояуды және тарамыс жіптерді де Тараз қаласынан тапсырыспен алдыратынын айтады. Шеберхананың қажетті жабдықтары толық дайын болған күні тігінші өз жұмысын бастап, тон, ішік және көктем, күз мезгілдерінде киетін жеңіл былғары күртешелер тігуді жоспарлап отыр. Ал әзірге Гүлзат үйдегі тігін машинасымен перделер, төсеніш жаймалар, тіпті драп матасынан жаңа үлгідегі пальтолар тігіп, тапсырыс қабылдауда. Алтынқолды шебердің қызметіне жүгінетіндер көп. Әзірге матаны Бішкектен, былғарыны Тараздан таситын кәсіпкер келешекте шеберхана жұмысын ұлғайтып, тері өңдейтін цех ашып, арнайы технолог мамандар алу жоспарында бар екенін айтады.
Қуат АДИС.
Жалағаш ауданы.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |