« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
Биыл Қызылордада қоныс тойын тойлайтындар саны еселене түседі.
Бұл сөзімізге кеше ғана іргетасы қаланған көпқабатты үй құрылысы дәлел.
Облыс орталығындағы «СПМК-70» шағын ауданында бой көтеретін 5 көпқабатты тұрғын үйдің іргетасын қалау рәсіміне облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты. Құрылысшылармен жүздесу барысында өңірдегі тұрғын үй құрылысы қарқыны турасында сөз қозғалды. Нысандарды сапалы тұрғызып, өз уақытында ел игілігіне беру жөнінде нақты тапсырма берді. Тұрғын үйлер «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында, 20,5 мың шаршы метр аумаққа салынуда. Айта кетейік, жалпы құны 2 млрд. 970,7 млн. теңгені құрайтын үйлер құрылысы «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы жүзеге асып жатыр. Мердігер мекеме нысандарды осы жылдың қараша айында пайдалануға береміз деп отыр.
Расы керек, соңғы жылдары Қызылорда облысында тұрғын үй құрылысы қарқын алды. Өткен жылы 53 көпқабатты үй құрылысы басталып, оның 42-сі пайдалануға берілген болатын. Осылайша баспана тұрғызу көрсеткіші 2014 жылға қарағанда облыста 3,5 есеге, ал Қызылорда қаласында 8 есеге артты. Тек қана облыс орталығында пәтердің кезегі бір жылда 17 пайызға қысқарды. Биыл да «Қазақстанның ипотекалық компаниясы», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» тығыз жұмыс жасалуда. Жыл аяғына дейін 3170 пәтерді құрайтын 70-ке жуық көпқабатты тұрғын үй салынбақ.
Нағымжан САУЯЕВ.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |