« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |
Жуырда
көркем гимнастикадан «Сыр жұлдыздары» атты облыстық ашық чемпионат өткен
болатын. Аталған сайыста Байқоңыр қаласындағы №275 орта мектептің 4 «а» сынып оқушысы Айжан Әбілбек мойнына қос алтын
тақты. Топтық бағдарлама мен жекелей сында биіктен көрінген Айжанның бұған
дейінгі бағындырған белестері де аз емес. Біз оның ұстаздарымен, ата-анасымен
тілдесіп, жас өнерпаз туралы кеңірек білуге тырысқан едік.
Гимнасшы қыздың әкесі Алтынбек Көптілеуов – Байқоңырдағы мекеме инженері, анасы Гүлшарад Есенбаева – №275 мектептің педагог-психологы. Інісі Мұхаммеджан – балабақшада. «Айжанның сүйікті ісі – өлең, шығарма жазу, сурет салу, би билеу, мәнерлеп оқу. Көркем гимнастика,ағылшын тілі үйірмелеріне қатысады. Мінезі – салмақты, еңбекқор, оқуға зерек, ол әр ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайды», - дейді анасы қызы туралы.
Кішкентай гимнасшының алғашқы ұстазы бастауыш сыныптың тәжірибелі мұғалімі Гүлмира Халдарова: «Айжан мектепке келген алғаш күннен-ақ өзінің жан-жақты қабілеттілігімен сыныптастарынан ерекше көріне бастады. Оқуға деген ынтасы, зейіні, мәнерлеп оқуға деген қызығушылығы ұстаздар назарын өзіне аударды. 1- сыныпта мектепішілік мәнерлеп оқу сайысына қатысты. Сол жылы қалалық «Забава» конкурсында Айжан өзінің «Мен әлемді сүйемін» өлеңімен І орынды жеңіп алды. Қалалық «Отаным менің» атты мәнерлеп оқу сайысында да өзгелерден оқ бойы озып шықты», - деп шәкірті туралы ағынан жарылды.
Айжан 2-3 сыныптарда көркем гимнастика бойынша сайыстарда жүлдегер атана бастаған. Ақтау қаласында көркем гимнастикадан өткен «Каспий жұлдыздары» атты турнирде І орынды иеленді. Шымкент қаласы әкімінің кубогі үшін жарыста, Байқоңыр қаласында өткен «Қысқы ертегі», «Көктемгі қарлығаштар» атты біріншіліктерде жүлделі орындарды иемденді. Оның бұл спорт түрімен шұғылдануына анасы себепкер болыпты. Алғашқы жетекшісі – Байқоңыр қаласындағы көркем гимнастика саласы бойынша аға жаттықтырушы Людмила Николаевна. Ол Айжанның бойындағы талапты жазбай танып, өнерін шыңдады, 3 жылда осыншама жетістікке жетуіне қол жеткізді.
Қазір Айжан Байқоңырдағы көркем гимнастика саласы бойынша аға жаттықтырушы Анна Устеменконың тәрбиесінде. Айжанның әрбір жетістігі мен жеңісі жаттықтырушысының еңбегі екендігін Айжан мен оның ата-анасы қуана айтады. Әрине, ұстаздан шәкірт озар. Өнерің өрге жүзе берсін, Айжан!
Нағымжан САУЯЕВ
« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |