« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарыИбадулла Құттықожаев қалалық бастауыш партия ұйымдарының жұмысымен танысты. Алдыменоблыстық жұқпалы аурулар ауруханасында орналасқан «Шипагер» бастауыш партия ұйымының тыныс-тіршілігін көрді. Аурухананың бас дәрігері Айна Қарабұзауқызы мұндағы атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндап, алдағы атқарылар істер туралы айтыпберді. Мұнан кейін облыстық халыққа қызмет көрсету орталығындағы «Халық» бастауыш партия ұйымында болды. Жалпы бұл орталықтыңмүмкіндігі жыл өткен сайын артып, халыққа сапалы қызмет етіп келеді.
Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасарына тұтынушылармен пікірлесіп, тұрғындар мұндағы қызметтің сапасы жоғары екендігін соңғы кезде қызмет көрсету аясының кеңейіп келе жатқандығын айтты. Одан әрі партия мүшелерімен кездесу барысындаИ. Құттықожаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен 5 институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жандандыру басты міндет екенін айтып, бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Сонымен қатар «Теміржол» партия филиалына қарасты «Жолаушы вагондарын жөндеу және Локомотив пайдалану депосы» бастауыш партия ұйымдары мен «Тұран» филиалының материалдық-техникалық базасымен танысты. Ондағы жұмысшылармен тілдесіп, атқарылып жатқан жұмыстарды көрді. Жас мамандармен де пікірлесіп, бастауыш партия ұйымдарында белсенді әрекет етуге, бірлесіп жұмыс жасауды ұсынды. Олардың ұсыныс пікірлерін де тыңдады.
- «Нұр Отан» партиясының алға қойып отырған міндеттері мен сайлауалды бағдарламасының орындалуына атсалысу, Елбасының Ұлт Жоспары «100 нақты қадамын» жүзеге асыру, еліміздің дамыған 30 елдіңқатарынан орын алуына бар күш-жігерімізді салу керек. Барлық саланың алға ілгерлеуіне ықпал ететін 100 нақты қадам бағдарламасынтұрғындар арасында насихаттап, түсіндіру жұмыстарын жасау басты міндеттердің бірі болып табылады, - деді И. Құттықожаев кездесуде.
***
«Нұр Отан» партиясы Қызылордаоблыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев жұмыс сапарымен өңірлердегі партия филиалдарында да болды. Сапар барысында аудандық партия филиалдары мен бастауыш ұйымдардың және мәслихаттардағы фракция жұмыстарымен танысып, партияактивтерімен алдағы жұмыс бағыттарын талқылады.
Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандары және Байқоңыр қаласында болған жиындарға аудандық партия филиалдарының төрағалары, партияның жауапты қызметкерлері, барлық деңгейдегі мәслихатқа жаңадан сайланған депутаттықфракция мүшелері мен сарапшы топ жетекшілері, партия ардагерлері мен жасотандықтар жәнебұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Партия белсенділерімен кездесу барысында облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев кез-келген партияның саяси деңгейі ол сайлауалды бағдарламасының орындалуымен бағаланатындығын тілге тек етіп, елдегі жетекші саяси күш ретінде партияның алдағы міндеттеріне тоқталды.
Сонымен бірге Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Төрағалығымен өткен партияның наурыз айындағы Саяси кеңесі Бюросындағы инфрақұрылымды дамытуға «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бюджеттен, Ұлттық қордан бөлінетін қаржының нысаналы игерілуіне партиялық бақылауды күшейту тапсырмасына орай барлық деңгейдегідепутаттық фракциялар бірігіп жұмыс жасауы және тиімді жұмыс механизмдерінжетілдіру қажеттігін, сондай-ақ жергілікті деңгейде азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелердің тізбегін айқындап, олардың шешілу жолдарын қарастырудыкүшейту керектігін тілге тиек етті. Аудандық партия активтері Ибадулла Дүйсенбайұлының жаңа қызметіне сәттілік тілеп, бірігіп жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.
Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |