МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС БЕКИ БЕРЕДI

МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС БЕКИ БЕРЕДIКеше Мемлекет басшысы ресми сапармен Иран Ислам Рес­публикасына барды. Сапар аясында Елбасы Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесті.

Екі ел көшбасшылары Х.Руханидің Астанаға 2014 жылғы қыркүйектегі мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Сондай-ақ мемлекеттер басшылары сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы және көлік-транзит саласындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін де қозғады.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев пен Х.Рухани өңірлік және халықаралық қауіпсіздікке қатысты өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті еліміз Иранмен әрдайым достық қарым-қатынаста болғанына назар аударды.

Х.Рухани Нұрсұлтан Назарбаевтың Тегеранға бүгінгі сапары Қазақстан-Иран ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенім білдірді.

Осыдан кейін Мемлекет басшысы кеңейтілген құрамда өткен келіссөздерге қатысты. Келіссөздер барысында ортақ мүдделілік бар бірқатар бағыттардағы перспективалы жобаларды жүзеге асыру мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.

Тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жүйелі дамып келе жатқанын, сондай-ақ оның аясын кеңейту үшін зор әлеует бар екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан-Иран серіктестігінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету қажеттілігі айтылды.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 сәуір 2016 г. 817 0