ЖАҢА ҚОНЫСТАҒЫ ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫ

ЖАҢА ҚОНЫСТАҒЫ ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫЕлбасының Сыр еліне келген сапарында Демесовтер отбасы көптен күткен пәтеріне қол жеткізіп, жаңа қоныстың алғашқы қонағы етіп Нұрсұлтан Әбішұлын қарсы алған еді. Құтты шаңырақтың дастарханынан дәм татқан Мемлекет басшысы Шалқар мен Айзадаға ақ батасын берген болатын.

Жақында бұл отбасының қатары қызғалдақтай үш қыздан кейін ер баламен толықты. Үлкендер сәбиге Нұрсұлтан деп ат қойды.

– Жаңа қонысымызға Елбасынан соң шашу шашып келген ағайын-туыстың бір ғана тілегі болды. «Дүниеге ұл бала келсе, атын Нұрсұлтан қойыңдар» деп ақжарылқап көңілдерін білдіріп жатты. Бұл біздің де арманымыз еді, – дейді Шалқар.

Бұрыннан да балалы, базарлы үйдің шаттығы одан сайын шалықтай түсті. Қазір Самал, Жанерке, Гүлсезім атты қыздардың көптен күткен інісінің де, анасының да денсаулығы жақсы.

Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА,

Нұрболат НҰРЖАУБАЙ (сурет).

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 наурыз 2016 г. 926 0