« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен облыстық әкімдіктің алқа мәжілісі болып өтті. Оның күн тәртібінде үш мәселе талқыланды. Облыстың ағымдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және бюджет қаржысының игерілуі мен кірістердің түсу нәтижелері туралы облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов хабарлама жасады.
Хабарламашы жыл басында Үкіметке облыс меморандумы таныстыруға жіберілгенін, содан кейін Үкімет бекіткен меморандум негізінде облыс әкімдігінің он бір нақты нысаны индикаторлары анықталғанын атап өтті. Ол өңірдің дамуына үлес қосатын барлық индикаторларға қатысты бүгінгі жағдайды баяндай келе, оларды жүзеге асыруға жауапты басшылар мен басқармалар тізімін келтірді. Мұнан соң бюджетке түсім көрсеткіштері туралы мәліметтерді ортаға салды.
2015 жылы облыс бюджетіне барлығы 38,7 млрд теңге түскен. Алайда, 2016 жылға бюджетті жоспарлау барысындабекітілген түсім көлемі 35,9 млрд теңгені құрады. Ол өткен жылғы көрсеткіштен 7,2 пайызға төмен. Үкімет пен облыс әкімдігі арасындағы меморандумға сәйкес, бұрынғы жылмен салыстырғанда облыстық бюджетке түсетін салық және салықтық емес түсімдердің көбею мөлшерлемесі 2,5 пайыз болып жоспарланған. Ал өзіміз оны 4,7 пайызға жетілдіруді көздеп отырмыз. Осыған байланысты 2016 жылға жоспарлаған сомадан 1,9 млрд артық орындап, барлығы 39,7 млрд теңге салық және салық емес түсімдердің түсуін қамтамасыз етуіміз керек. Бұл бүгінгі таңдағы ең негізгі шарттардың бірі болып табылады.
Қ.Ысқақов 2015 жылы жалпы түсімдер жоспары орындалғанымен, Қызылорда қаласының жылдық жоспары орындалмай, бюджетке 260 млн теңге кем түскенін айтып өтті. Сондай-ақ, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бюджетке түсім көлемі Қызылорда қаласы мен Жаңақорған ауданында кем болып отырғанын жеткізді. Бұлар негізінен табыс және мүлік салығына қатысты болып отыр. Дегенмен, қызметшілер жалақысы биылғы жылы көбейіп отырғандықтан жоспар орындалады деген болжам бар. Ал бюджет шығыстарының орындалуы ағымдағы кезеңде 88,6 пайыз болып отыр. Игерілмегені 1,2 млрд теңге. Аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттері бойынша игерілмеген қаржының жалпы көлемі 718 млн теңге.
Облыс басшысы осы ретте қосымша салық көздерін іздестіру қажеттігін атады. Барлық сауда нүктелерінде кассалық аппараттар болуы керек және ол жұмыс істеуі тиіс. Шет аймақтардағы тұрғын үйлердің, ғимараттардың мүлік, жер салықтарын қарау керек болады.
– Ал қазіргідей «ерекше кезеңде» бюджет қаражатын дұрыс жоспарламай, нысаналы мақсатына игермейтін басшыны өз жұмысына салғырттық қараған деп есептеймін. Қиындықпен келген қаржыны игермеу – кешіріммен қарауға болмайтын қылмыс,– деді облыс әкімі.
Мәжілістің күн тәртібіндегі келесі мәселе – еңбек қатынастарының жағдайы және жалақы қарыздарын болдырмау шаралары туралы облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Нұрлыбек Жолдасбаев хабарлама жасады. Ол 22 мекеме бойынша жалақы қарызы 640 млн теңгеге жеткені туралы ақпарат берді. Әйтсе де, соңғы күндердегі жүргізілген жұмыстар нәтижесінде көптеген мекемелер жалақы қарызынан құтыла бастады. Соның нәтижесінде, жалақы берешегі біраз азайып, ол 138-140 млн теңгеге түсті. Ол жұмыстар жалғаса беретін болады. Хабарламашы сонымен қатар Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда ірі және орта кәсіпорындарда жұмысшыларды қысқартпау туралы меморандумдар жасалып жатқанын баяндады.
Күн тәртібіндегі мәселеге қатысты аймақ басшысы барлық тиісті сала басшылары мен қала, аудан әкімдеріне, кәсіпорындар басшыларына жалақы қарыздарын болдырмауды, еңбек дау-жанжалдарының алдын алуды қатаң тапсырды. Сонымен бірге, облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасына құзырлы органдармен бірлесіп, жалақы қарыздарының алдын алу және өтеу жұмыстарын жандандыру қажеттігін ескертті. Аудандар мен қала әкімдеріне жалақыдан қарыздары қалыптасқан ұйымдардың қаржылық жағдайларын мұқият зерделеп, жалақыларын мүмкіндігінше тез арада өтеу жолдарын қарастыруды, сонымен қатар, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жұмыс орындарының қысқаруына жол бермей, жаңа жұмыс орындарын ашудың тиімді ұйымдастырылуын тапсырды.
Соңғы мәселе – көктем егісіне дайындық барысы туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Өмірхан Пашкенов айтып берді. Биылғы жылы 164600 гектар алқапқа егіс егу межеленіп отыр. Дәнді дақылдар көлемі 84,1мың, мал азығы дақылдары 59,1 мың, көкөніс, бақша, картоп дақылдары 16,7 мың, майлы дақылдары5,4 мың гектарды құрауы тиіс. Негізгі дақыл – күріш 76,2 мың гектарга егіледі деп межеленуде. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 7600 гектарға аз. Бұл егін шаруашылығын әртараптандыруға қатысты болып отыр. Мұнан кейін басқарма өкілі көктемгі егістікке техникалардың дайындығы, минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етілу барысы, қаржы бөлу жағдайынан мәліметтерді келтірді. Мәжілісте «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының директоры Болат Арыстанбаев көктемгі егіске су алуға дайындық барысы, Жаңақорған ауданындағы «Келінтөбе» және Шиелі ауданындағы «Шиелі» магистральдық каналдарындағы су тоспаларының биылғы жылғы жағдайы жайлы айтып берді. Ол биыл су жеткілікті болады деп болжанып отырғанын жеткізді. Ал «Ы.Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС бас директоры Серікбай Өмірзақов биыл ресейлік сорттармен қатар, отандық «Маржан» және «Айсәуле» сорттарына сұраныс жоғары деген ақпарат беріп өтті.
Облыс басшысы ауылшаруашылық басқармасы басшылығы мен аудан және қала әкімдеріне көктемгі дала жұмыстары мен егін орналастыру науқанын өз деңгейінде атқаруды тапсырды.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |