« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
"Сыр медиа” ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында "Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның облыстық филиалы директоры Жансұлтан Матаев БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді. Жиында Ж.Матаев аталған қордың өткен жылы аймағымызда атқарған жұмыстары мен алға қойған мақсаттарына тоқталды.
Үстіміздегі жылдан бастап Даму қоры «Жаңа ашылған бизнесті қолдау» және «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау» жаңа оқыту бағдарламаларын іске асыруды қолға алуда. Жобалардың жүзеге асуы аясында Даму қорының облыс бойынша аймақтық филиалы жастарға және бастауыш кәсіпкерлерге арналған тегін оқыту семинар-тренингтерін ұйымдастыруды бастады. Айта кету керек, балабақша, шаштараз, полиграфиялық немесе жиһаз цехын ашуға ниетті кәсіпкерлерге арнап, бизнес ашып, оны жүргізудің қыр-сырын түсіндіру мақсатында семинарлар ұйымдастырылды. Табысты кәсіпкерлер мастер-класс жүргізіп, өз тәжірибесімен бөлісіп отырады.
2010 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына өткен жылдың наурыз айында біршама өзгерістер енгізілген болатын. Енгізілген өзгерістер бойынша кәсіпкерлікке қолдау көрсету құралдары бір бағдарламаға бекітіліп, Бизнесті дамыту «Бизнестің жол картасы –2020» бірыңғай бағдарламасы болып қайта бекітілді. Осыған сәйкес аталған бағдарламаның ауылдық жердегі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған «Жаңа бизнес жобаларды қолдау» бірінші бағыты аясында жалпы құны 380 млн теңгені құрайтын 20 субсидиялау жобасына қол қойылды. Ал екінші бағыты бойынша 6 200 млн теңгені құрайтын 63 жоба қолдау тапты. Өткен жылы кәсіпкерлердің несиелері бойынша төленген субсидияның жалпы құны 657 млн теңгені құрады.
Аймақта мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуы барысында өткен жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Сбербанк» және «Fortebank» АҚ белсенділік танытты. «Бизнестің жол картасы – 2020» бірыңғай бағдарламасында қаржылай емес қолдау тетіктері де қарастырылған. Облыс тұрғындарына өткен жылы 5941 рет қызмет көрсетілді. Аталған бағдарламаның облысымызда жүзеге асуы барысында 317 кәсіпкерлік субъектісімен субсидияландыру келісімшарты жасалды. Несие портфелінің көлемі 22 395 млн теңгені құрады. Оның ішінде 104 жобаға «Даму» қорының кепілдендіруі беріліп, кепілдендірілген несие портфелінің жалпы құны 3 097 млн теңгеге жетті. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде төленген субсидияның жалпы көлемі 2 438 млн тегені құрап отыр.
Аталған қордан қолдау тапқан кәсіпкерлер 7180 жұмыс орнын сақтап қалып, 3626 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік алды. Ж.Матаевтың айтуынша, биылғы жылы да атқарылар істердің ауқымы кең. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның облыстық филиалы үстіміздегі жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бірыңғай бағдарламасын негізге ала отырып, кәсіпкерлер жобасының қаржыландырылуын арттырады.
Кенжетай БАЛҒАБАЙҰЛЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |