25 ЖЫЛ: БІР ЕЛ, БІР ТАҒДЫР

25 ЖЫЛ: БІР ЕЛ, БІР ТАҒДЫРБейсенбіден бастап елімізде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «25 жыл: Бір ел, бір тағдыр» атты интернет-акциясы бас­тау алды. Бұл патриоттық шара аясында әлеуметтік желілерді пайдаланушылар «25.el.kz» арнайы сервисінің көмегімен өздерінің ғаламтордағы парақшасының басты беттегі суретін ұлттық нақыштағы ою-өрнекпен безендіре алады. Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің қолдауымен өткен жалпыұлттық акцияны бүкіл еліміздің студент жастары тәрізді Қорқыт Ата атындағы ҚМУ студенттері де «24kz» арнасынан тікелей эфирден көрді. Аталған шара «Қазмедиа» орталығында флеш-мобпен басталды. Мұны Студенттер сарайында бас қосқан өңірдің жастары мен оқу орындарының студенттері тікелей желі арқылы көрді.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне орай бастау алған әлеуметтік желілердегі аватарды патриоттық нақышта безендіру акциясын облыстың студент жастары да қолдап, белсенді атсалысуда.

Осы уақытқа дейін жоба аясында 35 мыңнан астам қазақстандық ғаламтор пайдаланушы өз аватарларын патриоттық мерекелік нышанға сай безендіріп үлгерген. Баста­машылар 16 желтоқсанға дейін олардың санын млн-ға жеткізуді көздеп отыр.

***

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай еліміздің барлық өңірінде «25 жыл: Бір ел, бір тағдыр» атты республикалық патриоттық акция басталғаны мәлім. Оған республика бойынша 25 000-нан астам жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері мен оқушылары қатысты. Олар барлығы бір уақытта әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларындағы «25.el.кz» порталының автоматтандырылған сервисі көмегімен 25 жылдыққа арналған тақырыптық аватарлар орналастырды.

Жалпы, республикалық акцияның негізгі мақсаты – жастар арасында патриоттық сезімді қалыптастыра отырып, еліміз үшін басты құндылықтарды насихаттау.

Қазақ халқының ғасырлар бойы армандаған ұлы мұратының ақиқатқа айналып, азаттықтың ақ таңы арайлап атты. Бұған баршамыз куә болып келеміз. Тәуелсіздік – Қазақстан халқы үшін қастерлі ұғым, өшпейтін құндылық. Биыл ел егемендігінің 25 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтетін боламыз. Өткізіліп отырған республикалық шара да соның бірінен саналады.

Шараға облыс бойынша спорт, білім, мәдениет және өндіріс саласында білім алып жүрген 2500 жас атсалысты. Жастар портал сервисін пайдалана отырып аватарларына мерекелік нышандарды орналастырды. Оған әлеуметтік желіні қолданушы кез келген азамат қатыса алады. Бастысы, «25.el.кz» интернет порталына алдымен тіркеліп, аватар өзгертудің бірнеше кезеңінен өтеді.

Сондай-ақ, шара барысында еліміз бен шетелдерде білім алып жатқан студент жастар да үлесін қосты. Үндеулерін жариялады. Патриоттық шара биылғы жылдың 25 желтоқсанына дейін жалғасатын болады.

Сара АДАЙБАЕВА,

Гүлхан ЯХИЯЕВА.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 ақпан 2016 г. 1 483 0