« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Соңғы үш жыл ішінде облыста Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы ауруын 21 адам жұқтырып, 2 науқас қайтыс болған. Кенеден жұғатын дерттердің алдын алу үшін жыл сайын елді мекендерде залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, эпидемиялық аурулардың таралуына жол бермеу шаралары ұйымдастырылады. Бейсенбі күні облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменовтің төрағалығымен өткен комиссия отырысында биыл осы мақсатта атқарылатын іс-шаралардың жай-жапсары талқыланды.
Жиында Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жұмылдыру жұмыстары және дағдарыс жағдайындағы шұғыл талдау орталығы» коммуналдық мекемесінің басшысы Серік Сермағамбетов мәлімдегендей, 2014 жылы 116 елді мекен, өткен жылы 106 елді мекен қолайсыз аймақтар санатына ілінген. Биыл да тізімдегі аймақтарда тиісті іс-шараларды жүргізуге 166 млн 314 мың теңге қаржы бөлінген. Әрине, атқарылған жұмыстан нәтиже шығу керек. Сондықтан, мекеме басшысы «тұрғындар жауапты іске жүрдім-бардым қарамаса» дейді. Өйткені, тазаланбаған қора-қопсыны залалсыздандыру ақшаны желге ұшырғанмен бірдей. Залалсыздандыру жұмыстарын бастау ауа райының жылынуымен байланысты. Сондықтан, мәжілісте аудан әкімдерінің орынбасарлары кестені жасауда өз ұсыныстарының ескерілуін сұрап, пікірлерін білдірді.
Өңірде жан-жануарлардан жарақат алатын тұрғындар саны жыл сайын азайып келеді. Десе де, егесіз ит-мысықтар мен жыртқыш жабайы аңдармен күрес күшейтіле беруі тиіс. Бұл турасында облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ұлболсын Аханаева өз баяндамасында мәлім етті. 2010 жылдан бері облыста құтырма ауруын 8 адам жұқтырған. Дерттің таралуына басты себепкер қаңғыбас ит-мысықтардың көзін жоюға бөлінетін қаржы облыс бойынша жыл сайын артқанымен, кейбір аудандарда бұл жағы кемшін.
Отырыс соңында облыс әкімінің орынбасары мамандарға тиісті тапсырмалар жүктеп, ел денсаулығы үшін атқарылатын жұмыстардың өз деңгейінде орындалуы қатаң қадағалауда болатынын жеткізді.
Нағымжан САУЯЕВ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |