« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Жаңадан құрылып отырған Қоғамдық кеңес азаматтық қоғамның мүдделері мен жергілікті деңгейде шешімдерді талқылау мен қабылдау барысында жұртшылықтың пікірі мен мүддесін қорғайды, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара қарым-қатынасын дамытады және қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жергілікті атқарушы органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету міндеттерін атқаратын болады.
Заң негізінде Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурстың нәтижесінде ұсынылған 62 үміткердің, 33-і мүшелікке іріктеліп алынды. Оның құрамына облыс аумағында жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдардың, саяси партия филиалдарының өкілдері, ғылыми және шығармашылық, зиялы орта мен жастар өкілдері кірді.
Отырысты Қоғамдық кеңес төрағасы Самұрат Имандосов жүргізіп отырды. Ол күн тәртібінде бір ғана мәселе – облыс әкімінің аймақтың 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер жайлы есеп беруі екенін хабарлады. Мұнан соң облыс әкімінің есебі тыңдалды.
Аймақ басшысы облыс әкімінің 2015 жылға арналған Іс-қимыл жоспары әлемдік экономикалық дағдарыс жайын ескере отырып қабылданғанын еске салып өтті. Ол Іс-қимыл жоспарына барлығы 151 шара кіргенін, оның 90 пайызы толық орындалғанын жеткізді. Ал қалған ұзақ мерзімді шаралар орындалу үстінде және олар 2016 жылға арналған Іс-қимыл жоспарындажалғастырылатынын мәлімдеді.
Облыс басшысы өзінің есебін беріп болғаннан кейін Қоғамдық кеңес мүшелері өздерінің пікірін білдірді. Кеңес мүшесі Әлима Әбдіхалықова аймақтағы білім саласындағы соңғы жылдардағы жетістіктерге тоқталып өтті. Үш ауысымдық мектеп мәселесі шешілді. «Балапан» бағдарламасының орындалуы нәтижесінде көптеген аналар жұмысқа шығу мүмкіндігіне ие болды. ҰБТ көрсеткіштері айтарлықтай өсті. Оқушыларымыз тек республикалық қана емес, халықаралық олимпидаларға қатысып, жеңістерге жетуде. Осындай жарысқа қатысқан 84 оқушының 46-сы жүлдегер атанды. Болашақта экономикамызды дамытатын мамандарымыз шет елдерде білім алуда. Әсіресе, Ресейде оқып жатқан балаларымыз облыс әкімінің қолдауын сезініп келеді. Ұстаздардың білімін жетілдіру мәселесі жолға қойылды. Жастар үшін қажетті мамандықтарға оқу мүмкіндігі ашылды. Ә.Әбдіхалықова аймақ басшысына білім саласындағы стратегиясы үшін алғыс білдіріп, табыс тіледі.
Кеңес мүшесі Әнуар Дәуленбаевтың Байқоңырдың болашағы туралы сұрағына облыс басшысы толымды жауап берді. Ресей үкіметі осындағы бюджетін қысқарта түскен сайын ондағы қазақстандық азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар арта беретін болады. Алдағы маусым айында Байқоңыр мәселесі жөніндегі Үкіметаралық комиссия отырысы Қызылорда қаласында өтетін болады. Сонда барлық мәселелер талқыланады. «Роскосмос» басшысы Комаров жақында Қызылорда қаласында болып кетті, сол кезде көп мәселе ортаға салынған. Байқоңырдың бас жоспары Үкіметте бекітіліп, көптеген нысандар Қазақстан қарамағына алынған.
«САРАТС» жобасының екінші кезеңіне қатысты сауалды кеңес мүшесі Алдаберген Жоланов қойды. Облыс басшысы екінші кезеңді іске асыру үшін Өзбекстанмен арадағы кейбір мәселелер бойынша ортақ келісімге келу қажеттігін айтты. Алдағы уақытта оны шешудің айқын нұсқалары бар екенін жеткізді.
Отырыста, сондай-ақ, кеңес мүшелері Владимир Толоконников, Бағдат Кәрбозов облыс әкімінің есебіне оң бағасын берді. Сейілбек Шаухаманов Сырдария ауданынан басталып, бүкіл республикада қолдау тауып отырған Қоғамдық кеңес «Биліктің бірден-бір көзі – халық» деген ұғымды іске асырудың бір тетігі болғанын атап өтті. Ол облыста жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын айта келе, алдағы бастамаларға сәттілік тіледі.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |