« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Жан басына шаққандағы бюджет шығыны бойынша республиканың орташа көрсеткіші 217 мың теңге болса, бұл көрсеткіш Қызылорда облысында 236,8 мың теңгені құраған, яғни 9 пайызға артық. Ал әлеуметтік саланың жан басына шаққандағы шығыны республикада 113,7 мың теңге болса, облыста 148,8 мың теңгеге жеткен. Осы көрсеткішті тарамдап талдасақ, білім саласындағы жан басына шаққандағы шығын көрсеткіші республикада 61,2 мың теңге, облыста 85,6 мың теңгені көрсетті. Денсаулық сақтау саласына келсек, республикалық көрсеткіш 32,8 мың теңгені құраса, біздің өңірде 39,6 мың теңгеге жеткен. Ал әлеуметтік қорғау саласы бойынша республикалық көрсеткіш 8,2 мың теңге, біздің өңірде 9,9 мың теңге болды. Мәдениет саласының жан басына шаққандағы шығынының республикалық көрсеткіші 11,5 мың теңгені, ал облыстық көрсеткіші 13,7 мың теңгені құраған.
Білім беру, денсаулық сақтау салаларын қаржыландыру жылдан жылға артып келеді. Былтыр 3 пен 6 жас аралығындағы балалар толықтай балабақшамен қамтылды. Шәкірттердің ҰБТ көрсеткіші республикадағы үздік бестіктің сапына енді. Аймақ мектептерінің түлектері РФ гранты есебінен Ресейдің жоғары оқу орындарында, облыс әкімінің гранты есебінен еліміздегі жетекші оқу ордаларында білім алуда.
Өткен жылы денсаулық саласындағы басым бағыттар болып алғашқы медициналық санитарлық көмектің сапасын көтеру, оған баршаның қолжетімділігін арттыру болып белгіленді. Сонымен бірге онкологиялық және қан тамырлары аурулары, туберкулезді азайту, жоғары мамандандырылған медициналық көмекті дамыту бірінші кезекте іске асырылуы тиіс міндеттер қатарына қосылды. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға көмек көрсету, «Сыр мейірімі» жобасын жүзеге асыру жалғасын тапты. Былтыр әлеуметтік көмек төлеу тетіктерін жетілдіру, мүгедектерді қолдау шараларына жаңа серпін қосылды. Өткен жылы 8 мыңға жуық бұқаралық шара ұйымдастырылған. Облыстық музыкалық-драма театрдың артистері Лондонға сапарлап, ағылшын көрермендеріне Д.Исабековтің «Ескі үйдегі екі кездесу» драмасын ұсынды. Бұл әлеуметтік саланың жыл бойы ел назарында болған, қалың жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленген ең елеулі деген оқиғаларының бір парасы ғана.
Гүлжазира Жалғасова.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |