
Облыс орталығындағы «Евразия» спорт кешенінде «Тұңғыш Президент күніне» арналған ауыр атлетикадан Қазақстан кубогы мәреге жетті. Бес күнге созылған жарысқа Астана, Алматы қалаларынан және облыс орталықтарынан 14 команда, 160-қа жуық зілтеміршілер өзара мықтыларды анықтады. Доданы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР ауыр атлетика федерациясының ұйымдастыруымен және «Темірхан» ЖШС, Kazsport арнасы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қолдауымен өткізілді. Кубоктың құрметті қонақтары «Астана» Президенттік кәсіби клубының Президенті Б.Артаев, ҚР ауыр атлетика федерациясының вице-президенті Қ.Қабылов, ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері А.Ни, кеңесші-бапкер Э.Түркілери, мемлекеттік жаттықтырушы М.Тәпсірұлы, сондай-ақ, бас төрешілікке ауыр атлетикадан үш дүркін Әлем чемпионы, екі дүркін Олимпиада чемпионы, Илья Ильин шақырылды. Бұл жарыстың ерекшелігі СИНКЛЕР кестесі бойынша абсолюттік жеңімпаздар анықталып, жүлдегерлер ақшалай сыйақымен марапатталды. Синклер кестесі абсолюттік чемпиондардың салмағын анықтау. Атлеттер салмақ дәрежелері бойынша сынға түспей, тек көтерген салмақ келілері бойынша ұпай арқылы есептелінді.
Айтулы кесте нәтижесінде әйелдер арасында ақмолалық Мария Грабовецкая топ жарса, шығысқазақстандық Мадина Ташкенбаева 2-орынды, алматылық Анастасия Малеева 3-орынды иеленді. Ал ерлер арасында қызылордалық Рүстем Сыбай жеңімпаз атанып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын орындады. Қалған орындарды Алматы облысының спортшысы Ермек Өміртай мен жамбылдық Аслан Арсимерзаев еншіледі. Жылдағы дәстүр бойынша 94 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған спортшыға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы тағайындаған 150 мың теңгенің сертификаты мен Олимпиада чемпионы Илья Ильин атындағы кубок сарапқа салынды. Бұл бәсекеде Жұмабек Абылай (Алматы қаласы) Кубок пен сертификаттың иегері атанды.
Кубок қорытындысы бойынша Қызылорда облысының ерлер командасы 192 ұпаймен көш бастады. Алматы қаласының командасы 183 ұпаймен екінші орыннан көрінсе, 120 ұпаймен Қостанай облысы үшінші орынды еншіледі. Ал әйелдер арасында Алматы қаласы (153 ұпай) жеңімпаз атанса, қалған орындарды Қостанай облысы (122 ұпай) мен Шығыс Қазақстан облысының командалары (120 ұпай) иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, Олимпиада чемпиондары Бақтияр Артаев пен Илья Ильин марапаттады.
Нұрбек САҒАТҰЛЫ.