« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Биылғы қыстағы күн қабағы ерекше жылы болып тұр. Сондықтан Сырдария өзені толық қатып үлгерген жоқ. Осыған орай тиісті мекемелер су тасқынын алдын алу шараларын жүргізуде. Арал және Қазалы аудандары тұсындағы дария арнасында күр (толық қатпаған мұздың түрі) пайда болды.
Бұл өзеннің кіші Арал теңізіне құяр сағасындағы «Ақлақ» тоспасының су өткізу қабілетін төмендетіп, бөгетке қауіп төндіруде. Бөгет тұсында 12 шақырымдай жерге дейін кептелген күр өзен суы ағысына кедергі келтіріп отыр.
«Ақлақ» су тоспасы 3 секциядан тұрады. Соның екеуі осы күрдің салдарынан бітеліп тұр. Дәл осындай қауіп «Ақлақта» соңғы 8 жылдан бері орын алмаған болатын. Тағы бір кедергі келтіріп тұрған құрылғы – «Ақлақ» су тоспасының төменгі ағысындағы қалқымалы көпір. Бұрындары жұрттың кәдесіне жарап, кейін судың астында қалып қойған көпір де арнаның су өткізу қабілетін төмендетіп отыр.
Осы мәселеге байланысты Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Сүлейменовтің төрағалығымен жедел штаб құрылып, қауіпті сейілту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстарға бүгінде барлық жауапты саладан 130 адам, 19 ауыр техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, күрді ыдырату үшін өзеннің сағалары тазартылып, «Шардара» су қоймасынан түсетін судың көлемі азайтылып, 9 каналға су жіберілуде.
Арнайы техникалардың көмегімен «Ақлақ» су тоспасындағы бөгеттер 100 метрге дейін мұздан тазартылды. «Қарашалаң» көліне құятын «Сағынбай» каналы ашылды. Қалқымалы көпір тұсындағы күр кептелісін жою үшін арнайы жарғыш жабдықтары бар бригада шақыртылды. Кептелген күрді Арал теңізіне жылжыту мақсатында өзенде мұз жару жұмыстары жүргізілді.
Су тасқынын алдын алу шаралары облыс әкімдігінің қатаң бақылауында. Жыл сайын пайда болатын қауіпті аймақтарда тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін тиісті мекемелер барлық қажет құрал-жабдықтармен қамтылған.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |