Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: ҰЛТ ЖОСПАРЫ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРМАНҒА БАСТАЙТЫН ЖОЛ

2016 жылдың 1 қаңтарынан«5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды.

Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын59 заң күшіне енді.

Бізге тарихымыздағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдау маңызды. Оның үстіне, олар БІЗДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРМАНЫМЫЗ – ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады.

Әр ұрпақтың өз арманы бар, оларда тек жеке және отбасылық игіліктерге ғана ұмтылыс көрініс таппайды.

Оларда қашанда туған жерге деген сүйіс­пеншілік сезімі, өз халқы мен Отанының ба­қыты туралы аңсар айқын көрінеді.

Ата-бабаларымыздың көптеген ұрпақтары үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі асыл арман болып келді.

Біз олардың азат және тәуелсіз Отанды аңсаған көп ғасырлық қиялдарын іс жүзіне асырдық.

Бізге, қазіргі қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік көпэтносты қоғамымыздың нақты жоғары өмір­лік құндылығына айналды.

Біз осыдан бар-жоғы ширек ғасыр бұрын ғана барлық ақыл-ойымыз бен жүрегімізді баурап алған көптеген ой-ниеттерімізге қол жеткіздік.

Біз Қазақстан Республикасының егемендігі Конституция мен заңдардың берік арқауы мен халық мүддесіне қызмет ететін мемлекеттік аппараттың кәсіби және негізді іс-қимылына арқа сүйеуін қамтамасыз еттік.

Оны Қазақстан экономикасының нақты табыстарымен, ұлттық байлықтың және халық игілігінің өсімімен нығая түсетін еттік.

Тәуелсіздігіміздің жоғары халықаралық беделмен және ұлттық қауіпсіздіктің тиімді жүйесімен сенімді қорғалуын қамтамасыз еттік.

Біз өз жеріміз бен оның байлығының ұқыпты иесі болуға үйренудеміз, жаңа технологияларды меңгеріп, тарихымызда ешқашан болып көрмеген өндірістік қуаттар мен экономиканың тұтас салаларын іске қосудамыз.

Және ең бастысы – біз жаңаша армандау­ды, Тәуелсіз Қазақстанымыз бір бөлшегі болып отырған жаһандық әлемдегі қиындықтарға қарамастан, ел мен қоғамды дамытуда нақты міндеттер қоюды және оларды шешуді үйрендік.

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРМАН

 

Біз Тәуелсіздіктің 25-ші жылдығына жаңа қазақстандық арманмен аяқ бастық, оның басты мақсаты жүзеге асырылып жатқан «2050» Стратегиясымен бара-бар.

ХХІ ғасырдың ортасына қарай біз Қазақстан­ның әлемдегі аса дамыған 30 мемле­кеттің қата­ры­на қосылуына қол жеткізуді жоспарлап отырмыз.

Бұл 2015жылдың сәуірінде өтіп, қазақ­стан­дықтардың абсолютті көпшілігі қол­дау көрсеткен кезектен тыс президенттік сайлау барысында пайда болған бүкілхалықтық арманға айналды.

Шын мәнінде, осы бүкілхалықтық сенім кепілі біздің Болашағы Біртұтас Ұлт туын­дауын­­дағы тарихи акт болды.

Біз өзіміздің жаңа арманымызға қарай жақындауды Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамҰлт Жоспарын жасаудан бас­тадық.

Осы жаңғыртуларға шешуші рөл беріліп отыр. Олар Қазақстанды, оның экономикасын, мемлекет пен қоғамды өзгертетін тарихи міндеттер кешенін шешуге даңғыл жол салады.

Олар планетадағы аса дамыған мем­лекеттерді біріктіретін Экономикалық ын­ты­мақ­тастық және даму ұйымының стан­дарттарына сәй­кес келетін елді дамыту, экономикалық өсім мен барлық қазақ­стандықтардың өмірін жақсарту үшін жаңа лайықты жағдайлар қалыптастырады.

Біздің Қазақстанымыз серпіндірек, лайық­тырақ, сенімдірек және дәулет­тірек болады.

2015 жылдың бірнеше айының ішінде ғана Бес институттық реформаның бас­талуын заңнамалық және ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету бойынша орасан зор жұмыс атқарылды.

Бұл жұмыс менің Жарлығым бойынша құрылған Жаңғыртулар жөніндегі ұлттық комиссияның басшылығымен жүргізілді.

Мен бірқатар кеңес өткізіп, сарапшылармен, саясаткерлермен, бизнес және қаржы ұйымдарының басшыларымен әңгімелестім.

Халықаралық сапарларым мен кездесулерім шеңберінде мен өзімнің әріптестеріммен – өзге елдердің мемлекет және үкімет басшыларымен талай рет кеңестім.

Тұтастай алғанда, менің Қазақстанды терең­дете жаңғырту жөніндегі ой-ниетіме барлық тараптан жан-жақты қолдау көрсетілді.

Әлеуметтік сауалдамалар да Ұлт Жоспары­ның барлық бес реформасына тұрақты жоғары қолдау көрсетіліп келе жатқанын айғақтап беріп отыр. Қазақстандықтар реформалардың уақы­ты­лы және көкейкесті екенімен бірауыздан келіседі.

Қазірдің өзінде барлық қажетті заңдар қабылданды және заңдық күшіне енді.

Парламент пен Үкімет жұмысының үйлесімділігін ерекше атап өткім келеді. Өте қысқа мерзімде жүзеге асырылған заңнамалық жұмыстардың осындай қар­қыны мен сапасы бұған дейін Қазақ­станда болып көрген емес.

Бұл – біздің парламенттік моделіміз­дің және мемлекеттік биліктің өкілетті және атқарушы тармақтарының өз­ара іс-қимыл жүйесінің жоғары тиім­ді­лігінің айғағы.

Ұлт Жоспарын орындау бойынша практикалық жұмыстар жаңа мүм­кін­діктер мен әлемдік дамудағы ықтимал тәуекелдерді есепке ала отырып, өз­гермелі жаһандық жағдайларға толық сәйкес түзіліп жатқанын көру маңызды.

Бұл туралы менің 2015 жылдың 30 қа­ра­шасындағы Қазақстан халқына Жол­дауымда егжей-тегжейлі баян етілген.

Бес институттық реформа Қазақстан экономикасы жаһандық экономикалық қиындықтардың күшті ықпалын сезініп отырған қазіргі кезеңде ерекше маңызды.

Біз оларды экономикалық өсімнің сенімді қарқынын қалпына келтіру мен бүкіл халыққа берік әлеуметтік кепіл­діктерді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің дағдарысқа қарсы кең ау­қымды шараларының басты құрам­да­сы ретінде қарастырамыз.

Қазақстанның дамудың жоғары әлем­дік стандарттарына қол жеткізуіне ықпал ететін жаңа қазақстандық заңнамалар қазірдің өзінде жұмыс істей бастады.

Сондықтан қазір қазақстандықтардың олар туралы тек біліп қана қоймай, сондай-ақ, олар­дың практикалық өмір­де, экономикалық қызметте немесе қоғам­дық қатынастарда бере­тін жаңа мүмкін­діктерін қолданулары маңызды.

Баршаның бойында құқықтық жаңа­лық­тар негізінде мемлекеттік басқару мен құқық тәртібінің жүйесі қалай ауысатыны жайында барынша толық түсінік болуы тиіс. Жаңа жағдайларда бизнесті қалай дамытуға немесе мемлекеттік емес сектордың қызметін қандай перспективалы бағыттарда белсенді етуге болады деген сияқты.

Осының бәрі, тұтастай алғанда, тұрғын­дардың бәрінің экономикалық және азамат­тық белсенділіктерін арттыруға қуатты сер­пін беретін болады.

Осының арқасында біз өзіміздің қазақ­стандық арманымызға қарай секіріс жасап, ХХІ ғасырдың ортасындағы басты мақсатымызға жақындай түсетін боламыз.

Бес реформаның әрқайсысы бойынша іс-қимылдың жол картасы жасалған және біз оларды дәйектілікпен жүзеге асырамыз.

МЕМЛЕКЕТТІ

КӘСІБИЛЕНДІРУ

 

Біздің БІРІНШІ РЕФОРМАМЫЗ «Мем­ле­­кеттік қызмет туралы» жаңа Заң негізінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін арт­ты­руға бағытталған.

Мемлекеттік қызметтің реформасын біз алғашқы заңнамалық акт – Президенттің «Қазақстан Республикасындағы мемле­кет­­­тік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығы қабылдануының 20 жылдығы тұсында жүзеге асыра бастауымыздың нышандық мәні бар.

1995 жылдың желтоқсанында бұл құжат тек Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ, бүкіл ТМД кеңістігі үшін инновация болғанын атап өту маңызды.

Біз барлық посткеңестік елдердің ішінде алғаш болып мемлекеттік қыз­мет­шілердің жаңа кадрлық корпусын конкурс және меритократия қағидат­тары арқылы қалыптастыруға кірістік.

Қазір қазақстандық мемлекеттік қыз­­метті дамытудың жаңа кезеңі бастау алды.

Менің Жарлығыммен Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлік, оның құрылымында – Жемқорлыққа қар­­сы іс-қимылдың ұлттық бюросы құрылды.

Осылайша, тек мемлекеттік қызмет жүйесі ғана емес, сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл танытатын, яғни жемқорлық көріністерінің барынша алдын алуға бағдарланған жүйе де жаңғыртылып отыр.

Бұл жерде жемқорлықпен күрестің өзі барынша дәйекті бола түседі және жүйелі сипатқа ие болады.

Міне, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жаңа заң осындай ұстанымдарға негіз­дел­се, оның өзі халықаралық стан­дарт­тарға бағ­дар­ланған және жаңа жылдан бастап күшіне енді.

Жемқорлыққа қарсы жаңа заңнамамен өзара байланыста және сонымен қатарласа қабылданған мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң мемлекеттік қызметтің жа­ңартылған моделінің негізгі шеңберлерін және мемлекетті басқарудың барлық жүйесінің тиімділігін күшейту бойынша одан арғы іс-қимылдардың рет-тәртібін айқындайды.

Біріншіден, әкімшілік мемлекеттік қызмет­ші­нің мансабы оның біліктілігі және жинақ­та­ған тәжірибесі есепке алына отырып құра­лады.

Мансаптық сатының әр баспалдағында ол өзінің кәсіби жарамдылығын дәлелдеп отыруға тиіс болады.

Жаңа заңға бірқатар қағидатты нормалар енгізілген.

Мемлекеттік қызметке орналасу тек кешенді іріктеу мен жұмысты тек төменгі лауазымдардан бастаудың нәтижелері бойынша мүмкін болады.

Жұмыс тәжірибесі мемлекеттік қыз­мет­шінің мансаптық ілгерілеуінің бас­ты шарты болады және мұнда да тек конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, жекелеген мемлекеттік қыз­метшілер ротацияларының мүмкін­дігі көлбеуінен және тігінен оларды қыз­меттік баспанамен қамтамасыз ете отырып қарастырылған.

Екіншіден, мемлекеттік қызметке ашық кон­курс арқылы және Кадр саясаты жөніндегі ұлт­тық комиссияның шешімі бойынша ке­лісімшарттық негіз­де мемлекеттік емес сек­тор­дағы басқару­шылар қатарынан азаматтар және шетелдік менеджерлер тартыла алады.

Үшіншіден, мемлекеттік қызметшіге еңбек­ақы төлеудің жаңа жүйесі оның біліктілігі мен атқаратын жұмысының сипатына, көлемі мен нәтижесіне байланысты заң тұрғысынан бекітіледі. Аса нәтижелі қызмет үшін бонустар төлеу қарастырылған.

Мұндай жүйені 2017 жылдың 1 қаң­та­рынан бастап енгізу жоспарланып отыр.

Бұл жерде 2016 жылы бүгінде «Б» корпусына кіретін мемлекеттік қызмет­шілердің еңбекақысы жоғарылайтынын ай­та кету керек.

Төртіншіден, заңда саяси мемлекеттік қыз­метшілер ауысқан кезде мемлекеттік аппараттың автономдығы мен тұрақты­лығы қағидаты нақты жазылған.

Министрлер мен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының өкі­леттіктері егжей-тегжейлі дәлдеп ажы­ратылған.

Бесіншіден, шенеуніктер ортасында этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық құбылыстар туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша қатаң шаралар қарастырылған.

Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс пен тұрмыстағы жүріс-тұрысының қалып­тары регламенттелген Мемлекеттік қыз­мет­шілердің жаңа этикалық кодексі жасалды.

Сондай-ақ, жаңа институт – этика бойынша өкілетті өкілдер институтын құру көз­де­ліп отыр. Олар азаматтар мен мемлекеттік қыз­мет­шілерге кеңес беріп, олардың құқықта­рын қорғауды қамтамасыз ететін болады.

Алтыншыдан, мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңның маңызды қыры оның арқаулық нормаларының құқық қорғау органдарына да қатысты болатынымен байланысты.

Бұл жерде құқық қорғау органда­рын­дағы қызметтің ерекшелігі қолданыстағы «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңда ескерілген.

Жетіншіден, жаңа заң негізінде және еңбекке ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілгеннен кейін «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін жаңа біліктілік талаптарына сәйкестігі бойынша кешенді аттестаттаудан өткізу жоспарланған.

Аттестаттау кезеңінде мемлекеттік қызмет­ке орналасуға конкурстар өткізуге мораторий жарияланатын болады.

Қызметшілердің біліктілігін 3 жылда бір реттен кем болмайтындай етіп міндетті арттырып отыру заң тұрғысынан бекі­тіледі.

Тұтастай алғанда, мемлекеттік қыз­мет­ті жаңғыртудың негізгі қырлары осын­дай.

Мен оны Қазақстандағы барлық жаңғырту үдерісі ой-ниеті табысының шешуші тетігі ретінде қарастырамын.

 

ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ЗАҢДЫЛЫҚ

 

ЕКІНШI РЕФОРМАНЫҢ мәні тәуелсіз сот төрелігі мен Қазақстанның бүкіл құқық қор­ғау жүйесінің тек қана азаматтардың құ­қықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңдарды қатаң орындауға және құқық тәртібін нығайтуға бағытталуы тиістігінде.

Оны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету аясында жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі мен жаңа «Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заң қабылданды. «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, Қылмыстық-іс жүргізу кодексіне және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске қажетті өзгерістер енгізілді.

Бәрінен бұрын, жаңартылған заңнама­лар қоғамның сот жүйесіне сенімін арттыруға ықпал ететін болады. Әділдік нақ сотта салтанат құратыны белгілі.

Қазақстан соттарын реформалаудағы темір­қазық мәселе – сапалы судьялар корпусын жасақтау.

Судьялыққа кандидаттарды іріктеудің қа­таң тетігі мен оларға қойылатын жо­ғары біліктілік талаптары заң тұрғысы­нан қарас­тырылған.

Сот төрелігін үлкен өмірлік тәжіри­бесі бар және жоғары моральдық ұста­ным­дарға ие ең лайықты әрі барынша дайындалған кәсіби шеберлер жүзеге асырулары тиіс.

Судьяларды іріктеу мен тағайындау үдеріс­тері қоғам үшін мөлдір және ашық болады.

Осымен байланысты өзінің аппараты бар, құрамы мен өкілеттілігі кеңейтілген автономды мемлекеттік мекемеге айналатын Жоғары Сот Кеңесі түбегейлі реформаланды.

Сот реформасының маңызды қыры – сот төрелігінің бес сатылы жүйесінен үш буынды жүйесіне өту.

Тек бірінші, апелляциялық және кас­сациялық инстанциялар қалады. Бұл жерде көп іс қаралатын бірінші және апелляциялық инстанциялар сот­та­ры­ның рөлдері айтарлық­тай күшей­тілетін болады. Мұндай қадам соттық әуре-сарсаңның алдын алып, сот шеші­мін қабылдаудың мерзімін қысқартады.

Қазақстандағы сот төрелігі азамат­тардың жеке өмірінің құпиялығына кепіл құқын есепке ала келгенде барынша ашық бола түседі.

Сот залдары сот істерін аудио және видео­жазу­дың аппаратураларымен жа­рақ­тан­ды­­ры­­лады және жазбаларды қан­дай да бір тоқ­­­та­туға немесе редакция­лауға мүмкіндік бе­ріл­­­мейді.

Бұл судьяларды және сот мәжілісіне бас­қа да қатысушыларды тәртіпке шақырады, сот процесі мен сот қабылдаған шешімнің объек­тивтілігін қамтамасыз етеді.

Сот жүйесін реформалау шеңберінде бір­қа­тар институттық шешімдер жұмыс істей бастайды.

Біріншіден, Жоғарғы Сот жанын­дағы Сот жюриі түбегейлі қайта құ­ры­лады.

Сот жюриі азаматтардың судьялардың іс-әрекетіне және судьялық корпус өкіл­дерінің қабылданады деп күті­ліп отырған Этикалық кодексті бұзу жағдайларына байланысты арыз-шағымдарын қарайтын болады.

Екіншіден, Жоғарғы Сот жанынан дауларды, оның ішінде, ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшін мамандан­дырылған алқа құрылатын болады.

Оның шеңберінде шетел инвесторла­рының құқын өздерінде туындаған құқықтық даулар бойынша сапалы әрі әділ шешу жүзеге асырылады.

Үшіншіден, қылмыстық іс жүргізу шеңберінде соттарда, оның ішінде сотқа дейінгі кезеңде, айыптау мен қорғау арасында теңгерім қамтамасыз етілетін болуы тиіс.

Бұған адамның конституциялық құқы мен бостандығын шектейтін тергеу судья­сының барлық тергеу әрекетін санкциялау бойынша өкілеттіліктерін одан әрі қарай кеңейту есебінен қол жеткізілетін болады.

Төртіншіден, қазақстандық соттардың төрағалары – құқы теңдердің ішіндегі жолы кеңдері екенін ұмытпау маңызды.

Сондықтан олардың тарапынан басқа судьялар қабылдайтын шешімге ықпал ету мүмкіндігі мүлдем болмайды.

Бесіншіден, мемлекеттік сот орындаушыларын кезең-кезеңімен қысқарту арқылы жеке сот орындаушыларының институты одан әрі дамытылады.

Сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайта­тын шаралардың маңызы ерекше.

Менің тапсырмам бойынша бүгінде құр­­метті зейнетке шыққан судьяларды зей­­нет­ақылық қамтамасыз ету бойын­ша барлық мәсе­лелерін шешуді қа­рас­ты­ратын заң қабылданғаны белгілі. Бұл су­дья­ларға бар күш-жігерін сот төрелігін барын­ша объективті атқаруға аудару мүмкін­дігін береді.

Бұдан бөлек, бізге барлық құқық қорғау органдарының және бәрінен бұрын полицияның адамдардың мүддесі мен құқықтық тәртіпті нығайту қызметінде тұруына қол жеткізуіміз қажет.

Бұл үшін жергілікті билік органдары мен жергілікті қоғамдастықтарға есеп беретін жергілікті полиция қызметі құрылады. Осын­дай қызмет тұтастай Экономикалық ынты­мақтастық және даму ұйымына мүше бірқатар елдерде өзін жақсы танытты.

Жергілікті полиция қызметінің қа­рауы­на қоғамдық тәртіп күзеті, тұрмыстық қыл­мысқа қарсы тұру, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен ұсақ құқық бұзушы­лықтарға атымен төзбеушілік мәселелері беріліп отыр.

Осы жаңалықтар жаңа заңнамада көрі­ніс тапқан. Онда, сондай-ақ, азаматтар­дың этикалық нормаларды бұзған по­­ли­циялардың үстінен түсірген арыз-ша­ғым­­дарын қарайтын қоғамдық кеңестер мен өзге де консультативтік-кеңестік орган­дар жүйесін құру қарастырылған.

Сондай-ақ, «Қылмыстық құқық бұзу­шылық картасы» интернет-порталы құ­рылатын болады. Мұндай тетік әлемнің бірқатар елдерінде табысты қолданылып келеді. Осы веб-ресурсқа елдегі барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар жедел енгізіледі. Бұл жұртшылықтың құ­қық қорғау органдары жұмысының тиім­ділігін бақылауына мүмкіндік береді.

Пенитенциарлық жүйені жақсарту көкей­кесті мәселе болып табылады. Бұл жұмыс мемлекеттік-жекеменшік әріптес­тігін дамыту шеңберінде жүргізілуі тиіс.

Шетелдердің табысты тәжірибелері жеке секторды пенитенциарлық меке­ме­лерді салу мен пайдалануға тарту жө­ніндегі шараларды жүзеге асырудың негізі болуы тиіс.

Сондай-ақ, бұған дейін заңнан аттап, сонысы үшін жазасын өтеген адамдарға көмек көрсету мен ықпал ету маңызды.

Бұл үшін әлеуметтік оңалту кешенді дамытылып, жазасын өтеп жатқан азаматтар үшін арнайы әлеуметтік қызмет көр­сету стандарттары енгізілетін болады.

Тұтастай алғанда, Қазақстанда құ­қық­тық мемлекеттің орнықтырылуы – біртұтас жаңғырту үдерісі аясында шешіліп жатқан біздің конституциялық міндетіміз. Белгіленген шаралар мен қадамдарды жүзеге асыру азаматтардың, сондай-ақ, шетел инвесторларының ұлттық сот және құқық қорғау жүйесіне сенімін арттырып, тұтастай алғанда, еліміздегі бизнес-ахуалды жақсартады.

 

БЮРОКРАТТЫҚ ШЫҒЫНСЫЗ ЭКОНОМИКАҒА ҚАДАМ БАСУ

 

Ауқымды жұмыс ҮШІНШІ РЕФОР­МАТОРЛЫҚ БАҒЫТҚАиндустрия­­ландыру мен экономикалық өсімді қам­­тамасыз ету бойынша жаңғыртулар ке­ше­німен байла­нысты.

Біздің ұзақ мерзімді ұстанымымыз экономика қызметіндегі транзакциялық шы­­ғындарды ұдайы қысқарту болуы тиіс.

Олардың көлемі, ең алдымен, мемлекеттік институттардың қалай жұмыс істейтініне байланысты.

Салықтық және кедендік әкімшілік жүргізуді жақсартуға бағытталған шаралар зор маңызға ие болады.

Біріншіден, бұл арада әңгіме салықтық және кедендік жүйелерді кіріктіру туралы болып отыр.

Бірте-бірте электронды пішімге кө­шірі­летін тауарлы-көліктік жүкқұжат ба­қылауы енгізіледі. Сондай-ақ, құжат­тардың сәйкестендірілуі пішіні негізінде са­лық­тық және кедендік тексерулер ресімі оң­тайландырылады.

Тексерулерге шағым беру ресімі біртұтастандырылады.

Екіншіден, табыс пен мүлікті жалпыға ортақ декларациялауға кезең-кезеңімен көшу қарастырылады.

2017 жылы декларацияларды мем­ле­кет­тік кәсіпорындар мен мекемелер­дің, ұлт­тық компаниялардың қызметкерлері – бұл шамамен 1,7 миллион адам – ұсы­натын болады. 2020 жылдан бастап жалпы­ға ортақ декларациялаумен барлық жеке тұлғаларқамтылады.

Үшіншіден, салықтық әкімшілік жүр­гізуді оңайлату мақсатында қосымша құн салығының орнына сатуға салық енгі­зудің орындылығы мәселесі қарасты­рылып жатыр.

Төртіншіден, қолданыстағы салық­тық режімдерді оңтайландыружоспарланып отыр, онда 2017 жылдан салықтық кірістер мен шығыстардың есебі міндетті түрде енгізілетін болады. Бұл көлеңкелі эко­номиканың деңгейін төмендетуге мүм­­кіндік береді.

ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі көрсе­тіп отырғандай, табысты жұмыс істеп тұр­ған экономиканың маңызды қағидаты мем­ле­кеттің шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауы, оны қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жай­лар бизнестің оңалтылуы мен банк­рот­тығының жаңғыртылған құқықтық қыр­лары бар Кәсіпкерлік кодексіндекөрініс тап­қан.

Бизнесті қорғау мен кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсетудің орталық тетігі болуы тиіс бизнес-омбудсмен институты нығайып келеді. Оның қызметінің заң­намалық негізі де Кәсіпкерлік кодексінде бекітілген.

Бұдан бөлек, онда мемлекеттік моно­по­лияға қарсы қызметтің құқықтық шеңберлері ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес егжей-тегжейлі баян етілген.

Жаңартылған монополияға қарсы қызмет еркін бәсекелестікті жан-жақты дамытуға бағдарлануы тиіс.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап доминанттар тізілімі тек реттелетін рынок бойынша жүргізіледі, ал 2017 жылдан бас­тап толықтай алынып тасталады.

Тиісті тауарлы рыноктарға субъекті­лер­дің үлесін ұлғайтуға мұндай іс-қи­мылдар бәсекелестікті шектеу белгісі болмаған кезде ғана жол берілетін болады.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағалық реттеу алынып тасталады, оның орнына тек монополияға қарсы реттеу мен бақылау құралдары ғана пайдаланылады.

Монополияға қарсы қызмет жанынан жаңа институт – монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтар қорытындылары бойынша қабылданатын шешімдердің объективтілігі мен мөлдірлігін қамтамасыз ететін келісім комиссиясы құрылатын болады.

Мемлекеттің кәсіпкерлікпен өзара іс-қимылы мен әріптестігінің жаңа қағи­дат­тары Мемлекеттік сатып алулар туралы Заңның жаңартылған редакциясында көрініс тапқан.

Олар өнімді сату үшін ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу арқылы тіке­лей инвестициялар тартуға жаңа мүм­кіндіктер ашады. Бұл, сондай-ақ, Қазақ­станда жаңа жоғары технологиялы өн­ді­рістер құруға қызмет ететін болады.

Фермерлік пен бүкіл аграрлық секторды дамыту үшін айтарлықтай ынталандырушы күш Жер кодексіне енгізілген өзгерістер болды.

Жаңа құқықтық нормалар жұмыс істеп тұрған 224 мыңнан астам агро­өнер­кәсіптік кешен субъектілерінеолар жалға алған 97,4 млн. га жерді жеке­меншікке алуға мүмкіндік береді. Оның үстіне, кадастрлық құнының 50%-ы көлемінде 10 жыл мерзімге бөліп-бөліп төлеу қарастырылған.

Бұдан бөлек, 102 млн. гектар запас жердің ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге ар­нал­ған 85,3 млн. гектарын да Қазақстан Рес­публикасының заңды және жеке тұлғалары же­ке­меншікке аукцион арқылы сатып ала алады.

Мүлікті заңдастыру мерзімі 2016 жыл­дың 31 желтоқсанына дейін ұзар­тылды. Мү­лік пен ақшаны заңды айна­лымға қайтару үшін қосымша ынталандыру шаралары қабылданды. Құпиялылықты сақтауға, сондай-ақ, Қылмыстық және әкімшілік қудалаудан қорғауға кепілдік беріліп отыр.

Бұл капитал ағынын ұлғайтып, көлеңкелі экономика деңгейін айтар­лық­тай төменде­тугемүмкіндік береді.

Заңды тұлғалардың оңалтылуы мен банк­роттығы ресімдері заңнамалық деңгейде нақты және түсінікті бекітілген.

Компаниялардың банкроттығы, әлем­дік тәжірибеге сәйкес, кәсіпорындардың жұмысшыларын қысқарту арқылы тоқ­тап қалуына алып келмеуі тиіс.

Өндірістің өміршеңдігі мен жұмыс орындарын сақтау үшін төлеуге қабі­лет­сіздікті сотқа дейінгі тәртіпте рет­теу­дің жаңа тетігі жасалды. Ол борыш­кер мен кредиторға кәсіпорынды қар­жылық сауықтыру мақсатында қайта құрылымдау мәселелерін бірлесіп шешуге мүмкіндік береді. Инвесторлар өздерінің шығындарын азайтуға, қалпына кел­тіругемүмкіндік алады.

Мемлекет иелігінен алу мен жеке­шелендіруді белсенді ете түсу үшін жеке­ше­лендіруден, активтерді әділ на­рық бағасы бойынша сатудан, сондай-ақ, қазақстандық және шетелдік инвес­торларға жекешелендіруге барынша қаты­суғажағдай жасау үшін шектеулерді алып тастауға мүмкіндік бе

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қаңтар 2016 г. 1 013 0