« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Мемлекеттік индустриялық-инновациялық бағдарламалардың ел экономикасындағы ролі өте зор екендігін Елбасы өзінің журналистермен болған бейресми әңгімесінде тарқата айтты. Өнеркәсіп орындарының толық қуатында жұмыс істеп, елімізді шикізаттық бағыттан өндіруші мемлекетке айналдыру қажеттігі туралы баса айтқан Президент: – Бұл алдағы дағдарыстарға біздің қайтарған жауабымыз болады, – деді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысыжастарымыздың жұмысшы мамандығын меңгеруге деген ұмтылысы маңызды болатынын да атап көрсетті. Дегенде, өмірге енді араласа бастаған жеткіншектеріміздің тәжірибелі мамандардың жанында жұмыс істеп, қажетті кәсіпті игеруі мен өз ісінің шебері болуға ұмтылуы әлдеқайда тиімділігін көрсетер еді.
Осы орайда Шиелі ауданындағы "Мөлдір и К” толық серіктестігінің іс-тәжірибесі мен еңбек өнімділігін үлгі ретінде айтуға болады. Кәсіпорын нақты кезеңде өз мүмкіндіктерін зерделей келе жан-жақты пайдалы еңбек ұйымдастыруымен еркешеленеді.
Кәсіпорынмен келісім шартқа отырған облысымыздағы белгілі құрылыс компаниясы «СНП Қызылорда» Шиелі ауданының Ә.Тәжібаев ауылында жаңа мектеп ғимаратын салу барысында «Мөлдірдің» темір-бетон жабдықтарын пайдаланды. Олар үшін материал арзанға түсті, екінші жағынан жақын жерден тасымалдап, жұмысты тиімді ұйымдастыруға да жол ашылды. Өткен 2015 жылы аталмыш мекеме 40 млн теңгенің түрлі темір-бетон бұйымдарын өндірді. Атап айтқанда, сенімді серіктестер қатарында«Орион ЛТД», «Өмірзақ» ЖШС, «Асаниздар» компаниясы, «Ақмарал» ЖШС-лары бар.
– Негізінен тапсырыс бойынша жұмыс істейміз. Түрлі қалыптағы үй іргетастары, лоток-арықтар, бордюрлар, қақпақтар мен құдық жабдықтарын шығарамыз. Тапсырыс беруші мекеменің сұранысын уақытылы әрі сапалы қамтамасыз ету жолында бар күшімізді саламыз, – дейді «Мөлдір и К» толық серіктестігі басшысының өндіріс жөніндегі орынбасары Әлібек Дағаров бізбен әңгімесінде.
Нарықтық кезеңнің басты талабы бәсекелестікке қабілетті болу екендігі түсінікті. Бұл орайда өндірілген бұйымның сапалылығымен қатар бағасы да маңызды. Міне, басты екі шарттың екеуі де біз сөз етіп отырған мекемеде қарастырылған. Мәселен, ФИС-24-3.6 ғимарат іргетасы 6,5 мың теңгеге саудаланады. Сол секілді 24-4.6 және 24-5.6 атты бұйымдар да басқа өңірдегілермен салыстырғанда 2-2,5 мың теңгеге арзан. «Мөлдір и К» толық серіктестігі әлі күнге дейін осыдан 3 жыл бұрынғы бағасын көтермей, сол қалпында ұстап тұр.
Жыл көлемінде 3 мың текше метр темір-бетон бұйымдарын өндіретін өндіріс орнында 15 адам тұрақты жұмыс істейді. Олардың арасында көптен бері еңбек етіп келе жатқан оператор Мейрамбай Аманқұлов, краншы Әбдіхамит Төлебаев, бетон құюшы Ғани Ибрагимов, Бауыржан Әзтаев, дәнекерлеуші Бақытжан Мырзабеков секілді майталман мамандардың іс-қимылдары ерекше. Кәсіпорын басшылары жаңа жылда атқарылатын шаруаларын жоспарлап, тиімді келісім-шарт жасау жолында қапылып жүрсе, мұндағы жұмысшы-қызметкерлер уақытпен санаспай, қолдағы техникалардың күтімі мен жөндеу жұмыстарын жалғастыруда.
Иә, орта және шағын кәсіпкерлікті өрістету өңір экономикасымен қатар, тұрғындардың әлеуетін де көтере түседі. Бұл орайда, әрине, талмай еңбектену қажет.
Нұрмахан ЕЛТАЙ.
Шиелі ауданы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |