« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Елбасының биылғы қазақстандықтарға арнаған дәстүрлі Жолдауында Үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдерге елімізде жаңа әлеуметтік саясатты қалыптастыру жөнінде нақты айтылған еді. Осыған орай облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аудан, қала әкімдеріне мұқтаж азаматтарға атаулы көмек көрсету жөнінде арнайы тапсырма берген болатын.
Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанынан бастап Сырдария ауданында ашылған «Әлеуметтік дүкен» тұрғындардың дағдарыс салқынын сезінбеуіне айтарлықтай септігін тигізуде. Онда Тереңөзек кентіндегі аз қамтылған 123 отбасына (544 адам) 30-50 пайыз арзан бағамен, оның ішінде 7-9 баласы бар отбасыларға 50 пайыз жеңілдікпен, қалған азаматтарға 30 пайыз төмен бағамен ұн, күріш, ет, қант, шемішке май және тағы да басқа күнделікті тұтынатын өнім түрлері босатылуда.
Ауданның шаруашылық құрылымдары, жекелеген кәсіпкерлер дүкенге қаржылай және азық-түлік түрінде демеушілік көмек көрсетсе, аудандағы бюджеттік мекеме қызметкерлері ерікті түрде бір күндік еңбекақыларын «Әлеуметтік дүкеннің» есеп-шотына аударды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, сырдариялықтардың бірлесе қолға алған берекелі ісінің нәтижесінде 2016жылдың 1-қыркүйегіне дейін жететін азық-түлік қоры қалыптасқан. Мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі күнге әлеуметтік дүкенде 27 тн ұн, 15 тн күріш, 5 тн сиыр еті, 7,5 тн қант және 3 мың литр шемішке май бар. «Тоқтала кететін бір ерекшелік, әлеуметтік дүкендегі азық- түліктің бағасына базардағы нарықтың бағасы әсер етпейтін болады» дейді тиісті сала мамандары.
Қазіргі таңда, «Әлеуметтік дүкеннің» жанынан азық-түлік емес тауарлар, яғни сыртқы киімдерді қабылдайтын бөлім ашу да жоспарланып, бұл бағытта бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Тұрғындар игілігі үшін ұйымдастырылып отырған бұл жұмыс та алдағы күндері өзінің оң нәтижесін береді деген сенімде мамандар.
Сонымен қатар, Сырдария ауданында жаңадан пайдалануға берілген автовокзал жанынан жалпы халыққа арнап 2016 жылдың І тоқсанында екінші «Әлеуметтік дүкен» ашуға байланысты «Анвар» көтерме-бөлшек сауда дүкенімен тиісті келісім- шарттар жасалған. Аталған дүкенде тұрғындарға нарықтан 10-15 пайыз төмен бағада азық-түлік өнімдері сатылатын болады.
Бүгінге күнге ауданға қарасты ауылдық округ әкімдеріне елді мекендегі әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтардың тізімін жасау және жаңа жылдан бастап оларды «Әлеуметтік дүкеннің» есебіне қойып, көмек көрсетуге байланысты тиісті жұмыстарды атқару жөнінде тапсырмалар берілген.
Айнұр БАТТАЛОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |