« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Мемлекет басшысы отандық телеарналарға сұхбат беріп, ағымдағы жылдың басты қорытындыларына тоқталды. Тарих қойнауына енгелі тұрған жылдың басты оқиғаларына назар аударып, елді толғандырған мәселелер жайында ашық әңгіме өткізді.
Елбасы жалпылама алғанда ағымдағы жылдың еліміз үшін тұрақты болғанын, дегенмен қиындықтар бар екенін айтты. Азаматтардың әлеуметтік жағдайы нашарлап кетпеуі үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылатынын жеткізді.
Сұхбат барысында Президент Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтіп, бабалар ерлігін ұрпақ жадында қалдыру үшін үлкен іс тындырылғанын айтты. Елбасы келер жылдан бастап бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысы көбейетінін, соның ішінде мұғалімдер мен дәрігерлердің, «Б» корпусы мемлекеттік қызметкерлерінің жалақысы артатынын айтты. Сонымен қатар дағдарысқа қарамастан, зейнетақы мен шәкіртақы деңгейі де артады. «Бұның бәрі азаматтарды дағдарыс салдарынан сақтау үшін жасалуда», - деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев Астана келбетіне қарағанда ерекше сезімге бөленетіндігін айтып, «Астанаға көз салған әр сәтімде де ерекше сезімге бой алдырамын, тіпті өз көзіме өзім сенбеймін десем де болады. Міне, осы қазір біз отырған жерде 2004 жылы қамыс қаулай өсіп тұрған еді. Есілдің бұрылар тұсы, Ақорда тұрған жер батпақ, адам бойынан асатын қамыс өскен және иен дала, ештеңе жоқ еді», – деді.
Мемлекет басшысы биылғы жылы Қазақстан ДСҰ-ға енгенін, Парламенттің қауырт жұмыс істегенін, патриоттық еліңді мақтау ғана емес, оның кемшілігін көріп, оны түзетуге талпыну екенін атап өтті.
Соңғы уақытта көп талқыланып жүрген шетелдердегі қандастардың елге оралуына қатысты «Мен олардың көбірек келгенін қалаймын. Қазір жағдай қиындау болғанымен, дегенмен де көмектесіп жатырмыз. Сондықтан бұл бағыттағы саясат өзгермейді»,- деп ой түйді Президент.
Елбасы баланы бейіміне қарай оқытса, ол өмірдегі дара жолын табатынын, ата-аналар соны демеп жіберу керектігін айтты. Байқоңырдың болашақ тағдыры, «Протон» зымыраны туралы сұраққа «Сол жағдайдан кейін біз Ресеймен келіссөз жүргізіп, егер де ондай оқиғалар тағы қайталанатын болса, Ресей жағы апат шығынын төлейді деген келісімге келдік. Сондықтан енді ол зымыран құласа, шығынын Ресей өзі төлейді, «Протон» құлаған жерді өзі тазалайды» деп мəлім етті.
Елбасы «Біз – ат төбеліндей қазақпыз. Біз түріктер секілді 80 миллион, орыстар сияқты 140 млн емеспіз. Еуропаның көптеген елінен азбыз. Әрең дегенде он-он бір миллионға жеткен қазақты қырық руға жіктейтін болсақ, онда ел болмаймыз» деді. Тарихтан сабақ алып, бірлік болған жерде ғана, тірлігіміз түзу болатынын айтты.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |