« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың облыстық мәслихат сессиясында сөйлеген сөзі
Бүгін біз келесі жылға арналған өңіріміздің негізгі қаржы құжатын қабылдаймыз. Бұл құжат күрделі экономикалық жағдайда, ерекше экономикалық кезеңде қабылданып жатыр.
Облыстық бюджет жобасы өңірдің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясының негізінде, Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған жаңа Жолдауымен 100 нақты қадамнан тұратын Ұлт жоспарын ескере отырып жасалған облыс әкімінің 2016 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарына сәйкес жасақталды.
Өздеріңіз білетіндей, Елбасы Жолдауында бес негізгі бағыт бойынша дағдарысқа қарсы кешенді және құрылымдық өзгерістер жасау мақсаты қойылды. Олар: қаржы секторын тұрақтандыру, бюджет саясатын оңтайландыру, жекешелендіру мен экономикалық бәсекелестікті ынталандыру, сондай-ақ жаңа инвестициялық және әлеуметтік саясатты амыту.
Әрине, әлемдегі дағдарыс пен түрлі өзгерістер біздің де жоспарларымызға түзетулер енгізуде.
Осыжылдың 18 қарашасында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы – ғаламдық жағдайдың өзгергендігін, сондықтан да жаңа реформаларға, жаңа экономикалық құрылымға көшетін уақыт келгендігін ескертті.
Жаңаэкономикалыққұрылыстыңастарындамұнайбағасынатәуелсіз, жаңа жағдайға бейімделеотырыпдамумақсатыжатыр. Көп мамандар мұнайбағасыныңбұрынғыдайжоғарыболуыендімүмкінемесдейді. Бұл әсіресе бізсекілдіаймақүшіноңайемес.
Мұнайдыңарқасындағымолшылыққаүйреніпқалғанмемлекетте, халық та жаңажағдайдабұрынғыәдеттерденбастартып, өзін-өзі шектеуітиіс. Елбасы бұл өзгерістердің 90 жылдардағы реформаларғапара-пар екендігін бекерайтқанжоқ. Қазіргі жағдай үйреншіктіәдеттіде, әдепті де, дағдымендәстүрдідеқайтақараудыталапетеді.
Мұнайтабысымолкездеэкономиканыәртараптандыруғатиістікөңілбөлінбегенінашықайтукерек. Ендігі кезде экономиканыәртараптандырумәселесі – ұлттық қауіпсіздікпентәуелсіздіктіңнегізінеайналады.
Облысэкономикасыныңбірғанасалағаасатәуелдіқұрылымынескереотырыпқабылданғанаймақдамуыныңстратегиясыдәлосымақсатқабағытталған. Дегенмен де, қазіраталғанұзақмерзімдіқұжатқаөзгерісенгізуқажеттілігітуды. Ол да қазіргіахуалдыңталабы.
Еңәуелі, мұнай саласы дамуқарқыныныңтөмендеуіөңірлікжалпыөнімкөлемініңазаюынажәнежоспарлардыіскеасырумерзімдерініңөзгеруінеалыпкелді.
Басқааймақтарданкенжеқалғандығымыздың орнын толтыруүшінөңірлікжалпыөнімөсімініңоптимистікболжамын 8 пайыз, ал пессимистікнұсқасын 4,4 пайыз деп жоспарлағанедік.
Алайда, біздің болжам бойынша, мұнай нарығында қалыптасқанжағдайғабайланыстыбиылғыжылыөңірлікжалпыөнімкөлеміөткенжылменсалыстырғанда 4,7 пайызға төмендейді.
Осыжағдайдыжәнесалалардыңдамуболжамынескерсек, 3,3 пайыздық жылдық өсімніңөзі – біз үшін биікмақсатболмақшы. Жағдай күрделенсе, бізөсімдіөткенжылдеңгейіндесақтапқалуғажәнееңболмағанда 0,2 пайызға өсіруге талпынамыз.
Оптимистіксценарийгесәйкес, 2020 жылға дейін республикабойыншажалпыішкіөнімніңжылсайынғыорташаөсімін 3,4 пайызға жеткізу мақсатытұр.
Яғни, өңірдің дамуы ендіорташареспубликалықөсімненжоғарыболмайдыдегенсөз. Тығырықтан шығудың жалғызжолы – облыс дамуына республикалықбюджеттенкөбірекқаражаттарту, халықаралық қаржы ұйымдарыменмемлекеттік-жеке меншік әріптестікмүмкіндіктерінпайдаланаотырып, өңдеуші өндірісті дамытуамалдарынқарау. Бұл бағытта жұмысжүріпжатыр.
Яғни, біздің стратегиялықбасымдықтарымыз өзгеріссіз қалады, ал дағдарыс олбасымдықтардыңдұрыстығынтекрастапберді.
Бюджеттапшылығыжағдайындахалықаралық қаржы ұйымдарыныңқаражатынтартужәнемемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерінпайдалануөңірдідамытудыңбірден-бір жолына айналыпкеледі. Бұл жұмысқа стратегиялықбасымдықберуқажетдепойлаймыз.
Еңбекресурстарыныңжаңартылғанбалансынақарасақ, сұранысы жоқ мамандардыңсаныазайған. Бұл – колледждердіқайтамамандандыружұмысыныңнәтижесі. Сонымен бірге, техникалықмамандарменжұмысшыкадрларғадегенсұранысартыпкеледі. Бұл – жүзеге асырылып жатқан инвестициялықжобалардыңжемісі.
СондықтанэкономикағақажеттікадрлардыдайындаудаСтратегияданкөріністабуықажетбасымдықтыңбірі.
Бізенгізетіннегізгіөзгерістеросы.
Әрине, қазіргі жағдай біздіңосыкүнгіжоспарларымызғадаәсерінтигізбейқоймайды. Бірақ әуелі Облысәкімінің 2015 жылға арналған Іс-қимыл жоспарының орындалуытуралықысқаша ақпарат берейік.
Іс-қимыл жоспарын қабылдағанданегізгіміндетретіндебізжұмыспенқамтужәнеәлеуметтіктұрақтылықтысақтау, құрылымдық реформалардыжалғастыруменелдімекендердідамытуміндеттерінанықтағанболатынбыз.
Соныңішіндегіеңөзектісі – жұмыс орындарын сақтауменәлеуметтіктұрақтылық. Әзірше бұл мәселелердішешудіңжолынтауыпкелеміз. Биылдың өзінде 10мың 727 жұмыс орны құрылды, оның 8 мың 547-сі тұрақты жұмысорны.
2014 жылдың ортасынанбастапмұнайбағасыныңарзандауыөндірістіңтөмендеуінеалыпкелді. Бұл жағдай, мұнайсаласындақызмететушікомпаниялардың, соның ішінде әсіресемұнайөндірісінеқызметкөрсететінмекемелердіңжағдайынқиындатты. Біздің облыста бұлсалада 29 мың адам жұмысістейді (отбасына шақсақ, 145 мыңадамныңжағдайынаықпалетеді) деген сөз.
Биылғыжылыаталғанжағдайдыңкеріәсерін «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйқұрылысыменелдімекендерді газдандыру бағдарламасыныңарқасында азайтуғамүмкіндікболды. Аталған бағдарламалараясында көптеген жұмысорындарыашылды.
Құрылымдықреформаларғакелерболсақ, біздің өндірістіксектордыңөсуқарқыныөзгеөңірлерменсалыстырғанда, жоғары көрсеткіштерге ие. Өздеріңізбілетіндей, біз жоспарлағаниндустриялықжобаларымыздыңешқайсысы тоқтағанжоқ. Бірқатар жаңа жобаларжасақталып, қосылуда. Бүгінгітаңда біздің өндірістегі өңдеуші саланыңүлесі 13 пайызға жетті. 2012 жылы бұл көрсеткіш 4,5 пайыз еді. Яғни, экономиканыәртараптандыруғабағытталған жұмысоңәсерінберіпжатыр.
Дегенмен, күрделеніп бара жатқанэкономикалық ахуал біздіңбюджеткедекеріәсерінтигізуде. Сондықтан тірекелдімекендердіқолдауға қосымша қаржыбөлумүмкінболмады. Ал 2014-2015 жылдараралығындатірекелдімекендерін дамытуға жалпысомасы 5,4 миллиардтеңгеқаржыбөлінді.
Аумақтықдамубастамасыдабіздіңстратегиялық басымдықтарқатарындақалуыкерекдепсанаймыз.
Ерте ме, кеш пе дағдарыс бітеді. Экономика тұрақтанған кезде біз тірек елді мекендерді қолдауға облыстық бюджеттен қаражат беріп қана қоймай, ол жобалардың жүзеге асырылуын салалық және мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдауға да күш салуымыз керек.
Өздеріңізге белгілі, жоғарыда аталған негізгі басымдықтарды жүзеге асыру үшін арнайы іс-шаралар жоспары іске асырылуда. Бірінші жартыжылдықтағы республикалық бюджеттегі секвестрға байланысты біз іс-шаралар жоспарына кейбір түзетулер енгізуге мәжбүр болдық. Олардың барлығы дерлік жүзеге асты.
Төмендегі екі мәселені қоспағанда біз өзімізге алған міндеттемелерді толық орындап шықтық.
Біріншіден,біз «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындареспубликалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автожолын жаңғыртуды жоспарлаған едік.
Алайда, мемлекеттік бюджетте қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты бұл жоба кейінге шегерілді. Дегенмен, қиындықтарға қарамастан, бұл автожол қалай да жаңарады. Оған бір-екі жыл уақыт қажет.
Екіншіден, тірек елді мекендердегі полиция бекеті құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары қаражат тапшылығына байланысты жағдай оңалғанша кейінге шегерілді (Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Түгіскен).
Келесі жылға арналған ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ ең алдымен жаһандық дағдарыстың өңір экономикасы мен халықтың әлеуметтік жағдайына кері әсерін азайтуға бағытталған. Сондықтан да ол «Қызылорда облысы әкімінің 2016 жылға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары» деп аталады.
Жоғарыда айтылғандай, іс-қимыл жоспарының басымдықтары – 100 нақты қадамнан тұратын Ұлт Жоспарына, Президент Жолдауының басым бағыттарына, сондай-ақ, Елбасының осы жылдың 18 қарашасындағы Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде берген тапсырмаларына сәйкес анықталды. Сонымен қатар, мұнайдың әлемдегі баға нарығы да ескерілді. Осылардың негізінде 5 басымдылық анықталды. Енді солардың әрқайсысына жеке тоқталайын.
Бірінші және ең маңызды міндет – адамдарымыздың жаппай жұмыстан босауына жол бермеу және жаңа жұмыс орындарын ашу.
Біз биыл барлық ірі және орта кәсіпорындармен жұмыс орындары мен жұмысшылардың құқықтарын сақтау жөнінде меморандумға қол қойдық. Сол компаниялар өздеріне алған міндеттерді орындауға жауапкершілікпен қарайды деп сенеміз. Өз тарапымыздан аталған мәселелерге барынша қатаң бақылау жасап, осы жұмысқа барлық мүдделі органдарды қатыстырамыз. Бұл да уақыт талабы.
Сонымен қатар, экономика салаларында кемінде 9 мың тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Бұған қоса, біз Елбасы тапсырмасына сәйкес әзірленген жаңа «Жұмыспен қамту жол картасының» мүмкіндіктерін барынша пайдалануымыз қажет.
Екінші басымдық – бірінші кезекте қажетті тауарларға бағаларды алыпсатарлықпен өсуіне және тұрғындар үшін коммуналдық қызметтер тарифтерінің негізсіз өсуіне тосқауыл қою міндеті.
Бағаны қадағалау мәселесі ерекше бақылауға алынған. Қазіргі уақытта біздегі бағалардың өсуі республика бойынша орта көрсеткіштен сәл жоғары (14%, ҚР бойынша – 12,3%) болды. Бұл, негізінен азық-түлік емес тауарлар бағасы (25,4%) мен коммуналдық қызмет тарифтерінің (8,4%) өсуімен байланысты.
Электр энергиясын есепке алмағанда, біздегі тарифтер өзге өңірлермен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Қазіргі уақытта желілерді жаңарту және кеңейту жұмысын бастадық. Бұған «Еуропалық қайта құру және даму банкінің» несиесі тартылды. Ол несие негізінен қуатты пайдаланушы мемлекеттік кәсіпорындар есебінен қайтарылады. Халық пен бизнеске салмақ түспейді. Негізгі ауыртпалықты бюджет өзіне алады.
Облыстағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының басым бөлігінің бағасы республикадағы орташа бағадан арзан (азық-түлік тауарлары: облыста – 109,4%, ҚР – 109,6%). Бұған негізінен тұрақтандыру қоры жұмысының (товарная интервенция) нәтижесінде қол жеткізілді. Аталған жұмыс жалғасады. Оған қажетті қаржылық ресурстар тұрақтандыру қорында бар.
Сонымен бірге, Елбасының Жолдауында инфляция деңгейі орташа мерзімді кезеңге 4%-ға дейін төмендету міндеті қойылған, сондықтан да біз қосымша шаралар кешенін әзірлеуіміз қажет. Тиісті тапсырма берілді.
Үшінші басымдылық – экономиканы әртараптандыруға, соның ішінде микробизнесті (шағын бизнесті) дамытуға бағытталған шаралар кешенін дайындап, оны жүзеге асыру.
Бізде 2014 жылдың қыркүйегінен өңдеу секторы үлесінің өсуі сақталуда.
Биыл Қызылорда қаласындағы үй құрылысы комбинатын салып бітіреміз. Шыны зауытының құрылысы жалғасады. Келесі жылы Арал қаласында салынатын кальцийленген сода өндіретін зауыт құрылысының жобасы әзірленуі қажет.
«Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. 2016 жылы тау-кен байыту комбинатының жобалық құжаттарын бекітіп, құрылыс жұмыстарын толыққанды бастауымыз қажет.
Сонымен қатар, ферроқорытпа зауытының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстары аяқталуы тиіс.
2016 жылы болашақ кәсіпорынға арналған теміржол тұйығының құрылысын бастап, оны электрмен қамтамасыз етудің техникалық экономикалық негіздемелерін жасаймыз. «Баласауысқандық» ванадий кен орнын игеру жұмыстары жалғасын табады.
Сонымен бірге, машина құрылысы зауытын құру жобасын жалғастырамыз. Мұндағы негізгі міндет – инвесторды анықтау. 2016 жылы цемент, селикат кірпіші, асфальт-бетон өндіретін және су шығаратын зауыттар құрылысын бастау жоспарлануда. Жосалы кентінде жылына 100 мың тонна полипропилен өндіретін құрылыс зауытын салу үшін жер телімі берілді. Кәсіпорын 450 адамды жұмыспен қамтымақ. Аталған жобаны республикалық Индустриалды-инновациялық даму картасына қосу жөнінде өз ұсынысымызды жолдадық.
Қызылорда қаласы мен облыстың бес ауданында (Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі) индустриялық аймақтар құру жұмыстары аяқталып қалды.
Бірқатар аудандардағы индустриялық аймақтар ауылшаруашылығын дамыту және ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін кешендерге айналуы тиіс. Осы аймақтарда нақты жобаларды жүзеге асыру – алдағы жылға қойылған негізгі міндеттің бірі. Тиісті есептеріміз бар.
«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы да өз жобаларын жүзеге асыруды жалғастырады.
Арал ауданы Қарашалаң ауылындағы балық шаруашылығына қызмет көрсету және дайындау орталығының құрылысын аяқтап, Қызылорда қаласында орналасқан Иіркөл тоған шаруашылығын дамытуды жалғастырамыз.
Кәсіпкерлікті қолдау бағытында «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын іске асырумен бірге аймақтағы микробизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Аудандарда, сондай-ақ Қызылорда қаласы тұрғындарының арасында да «өз бетінше жұмыс істейтін» (самозанятые), ашығын айтқанда жұмыссыз адам аз емес. Сол азаматтарды кәсіппен айналысуға тарту қажет. Бұл жұмыссыздық мәселесін шешуге, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға жаңа жол ашады.
Сондықтан микронесие беру арқылы шағын кәсіпкерлікті қолдауға 420 млн теңге (биылғы жылдың деңгейінде) жоспарлануда. Бұл мақсатқа қосымша қаражат бөлуге тырысамыз.
Бірақ бөлінген қаражатты орнымен, тиімді пайдалануға бақылауды күшейтуіміз қажет. Жосықсыз несие алушылар тізімі Бірінші кредиттік бюроға жолданады. Егер де кәсіпкерлік мақсатында алған несиені мақсатсыз, мысалы, той жасауға немесе басқаша жұмсаса, ондай адам бұдан былай еш жерден, ешбір банктен несие ала алмайды!
Ал адал несие алушылар алған ақшасын қайтарғаннан кейін, одан да ірі көлемде несие алуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, кіші және орта бизнестегі қызметті заңдастыру да назардан тыс қалмауы қажет.
Кәсіпкерлікті жаңадан бастаушы кәсіпкерлерді қолдаудың қосымша шарасы ретінде облыста «Аймақтық инвестициялық орталық» құрылды. Бұл орталықтың міндеті, әсіресе, ауылдық жердегі шағын кәсіпкерлікті дамытуға барынша жағдай жасау. Аталған орталықтың қызметіне келесі жылғы бюджет жобасында 360 млн теңге қаржы қаралған.
Бұдан басқа «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» 300 млн теңге көлемінде «Аймақтық инвестициялық орталық» капиталына қатысатын болады, сондай-ақ қазақстандық ірі банктердің бірі – «Казкоммерцбанк» 100 млн теңге көлемінде мақсатты несие бөлуге ынта танытып отыр.
Сондай-ақ, «Даму» қорының бағдарламаларымен облыстық бюджеттен 500 млн. теңге бөлінеді, яғни шағын бизнесті несиелендіруге "Даму” қорынан бұрынғыдан екі есе көп, немесе 1 млрд теңге бөлінетін болды.
Осылайша 2016 жылы шағын кәсіпкерлікті, оның ішінде микробизнесті қолдауға 2,3 млрд теңге бағытталады. Бұл осы жылмен салыстырғанда, 3 есе артық.
Бұл жұмысқа «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы да атсалысады. Ол тұрмысы төмен ауыл тұрғындарына жеке кәсіп ашуға жалпы көлемі 50 млн теңге қайтарымсыз грант бөледі.
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомагистралінің бойында сервис кешендерін құруды жалғастырамыз. Кемінде тағы 4 нысан (Қызылорда қаласынан, Арал ауданы және Сырдария ауданынан) іске қосылады. Қазіргі жағдайда зәулім құрылыс пен астамшылыққа барудың қажеті жоқ болар.
Шығыс нақышын, өз бояуымызды сақтай отырып, келушіге тартымды, қарапайым кешен салу керек. Іші таза, ас-суы дәмді, адамы жылы шырайлы болса, қонақ та келеді, табыс та болады.
Облыстағы инвестициялық ахуалды жақсарту үшін арнайы Кеңес құрылады.
Ауыл шаруашылығын дамытуда басымдылық орта және ірі шаруашылықтарға берілетін болады.
Кәсіпкерлер палатасы және «Аймақтық инвестициялық орталықпен» бірлесе отырып, ауылшаруашылық кооперативтері мен сервистік дайындау орталықтарын ұйымдастыруға арналған шаралар кешені қолға алынады.
Субсидиялау енді тек техниканы жаңарту және күрделі құрылыс жүргізу секілді инвестициялық шығындарды өтеуге бағытталады.
Күріш кластерін дамыту аясында Жалағаш ауданындағы элеваторды жаңарту жалғасады. Өзіміздің тұқымдық дән қорын қалыптастыру үшін күріштің жоғары өнімді тұқымдарын сатып алу бастамасын қолдаймыз. Бұл алдағы уақытта дәннің сапасы мен астық өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді (орташа есеппен гектардан 60 центнер). Биыл біз өте жоғары өнім алдық – әр гектардан 50,5 центнерден, жалпы көлемі 423 мың тонна күріш жиналды. Тура осындай егістікте біздің 500 мың тоннадан аса өнім алатын шамамыз бар.
Етті мал шаруашылығын дамыту мақсатында Сырдария ауданындағы 3 мың бас ірі қараны бордақылау, жемдеу, семірту кешенінің құрылысын аяқтауымыз керек, сонымен қатар Қармақшы және Жаңақорған аудандарында 50 мың қой бордақылау базасын құрамыз. Жаңақорған ауданында жылына 7 мың тонна қозы етін өндіретін комбинат құрылысын бастаймыз.
Мал шаруашылығына арналған жем-шөп базасын құру мақсатында жемшөп өсіретін алқапты ұлғайту жұмыстарын жалғастырамыз. Дағдарысқа қарсы іс-шаралар жоспарының төртінші басым бағыты – инфрақұрылымды жаңарту мен дамыту, ең алдымен, коммуналды инфрақұрылымды дамыту болып табылады.
«Еуропалық қайта құру және даму банкінің» қаржыландыруымен Қызылорда қаласының коммуналды инфрақұрылымын толықтай жаңарту жобасының негізгі фазасына кірісеміз.
Мұндағы барлық коммуникация (жылу, су құбыры, электрлік) желілерінің 60-80 жылдары салынғаны өздеріңізге жақсы белгілі. Бүгінгі таңда олардың 60 пайызы әбден тозған (соңғы жылдары атқарылған барлық жұмыстарды қоса есептегеннің өзінде). Ал ескірген инженерлік инфрақұрылыммен индустрияны көтеру мүмкін емес.
Әсіресе, біз жоспарлаған металлургия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын шығару, машина жасау және агроөнеркәсіп кешендерін дамыту секілді жобалар қуатты көп қажет ететінін естен шығармау керек.
Назар аударғым келетіні – жылу, су және электрмен қамтамасыз ету жобаларын қаржыландырудағы өз үлесімізді біз Үкімет гранттары есебінен жабуға мүмкіндік алдық. Бұл мақсатқа 3 млрд. теңге қарастырылды.
Алдағы жылы үлкен инфрақұрылымдық жобаны бастаудың қамына кірісеміз. Ол – қуаты 450 мегаваттық бу-газды электрстанциясының құрылысы.
Енді газдандыруға тоқталайық.
Биыл «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамы ауыл тұрғындарының 30 пайызы тұратын 7 аудан орталығының төртеуіне газ құбырын тартуды аяқтады. Байқоңыр қаласын газбен қамту жұмыстары аяқталып қалды.
Енді бізге тұрғындармен тығыз жұмыс жасап, газды ішке кіргізу әр үйдің өз жұмысы екендігін байыппен түсіндіру қажет. Әрине, кейбір отбасына әлеуметтік қорғау қызметінің тізімі бойынша көмек көрсетуді де ойластырамыз. Келесі жылғы жоспарда газға әлі қосылмаған Қызылорда қаласындағы жеке үйлер мен Тереңөзек, Жалағаш, Жосалы, Төретам, Ақай, Сексеуіл, Қарауылтөбе, Белкөл, Жақсықылыш, Талсуат елді мекендерін газбен қамту жұмыстары бар.
Бірақ, осы жобаға жауапты ұлттық оператор оны жүзеге асыруға қажетті қаражат таба алмай отыр (ол 16,7 млрд теңгені құрайды). Дағдарыс ең тұрақты деген компанияларға да өз әсерін тигізуде. Осы ретте, біз халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп, «ҚазТрансГазАймаққа» несие бергізу жолдарын қараудамыз. Бұл мәселе де өз шешімін табады деп сенеміз.
Қызылорда қаласын жерасты суына көшіру жұмыстары аяқталды. Соның арқасында 270 мыңнан аса қала тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.
2016 жылы «Нұрлы Жол» бағдарламасы есебінен Қазалы, Арал, Қармақшы, Жаңақорған аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету нысандарын салу жоспарлануда. Сонымен қатар, Қызылорда қаласында магистральды және жылуаралық желілерін қайта құруға арналған 7 жоба іске асады.
«Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік» негізінде Сырдария ауданының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және су жүйесін кеңейту жұмыстары жоспарланды.
Концессиялық негізде Қызылорда қаласындағы әуежайдың жолаушылар терминалын салуды жалғастырамыз. Бұл жобаны республикалық «Мемлекттік-жекеменшік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығымен» бірлесіп жүргізудеміз. Өкінішке орай, «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы жобаны қаржыландыру бойынша міндеттерін орындай алмады.
Облыстағы құрылыс қарқыны жоғары екендігін білесіздер. Сол қарқынды сақтап қалу – маңызды міндеттің бірі. Ол үшін Қазақстан ипотекалық компаниясы және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорымен бірге белсенді жұмыс жасаудамыз.
Осы жылы барлық қаржы көздері есебінен жалпы көлемі 330 мың шаршы метр тұрғын үй берілді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,5 есе артық.
Жұмыстыңбесінші аса маңызды бағыты – халықаралық қаржы ұйымдары мен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы өңірдің дамуына инвестиция тарту.
Бүгін біздің қолымызда жалпы құны 300 млрд. теңгені құрайтын 18 жоба бар. Оның бірсыпырасы жоғарыда аталды.
Одан басқа «Еуропалық қайта құру және даму банкімен» бірлесе отырып, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының шеткі аймақтарындағы электр желілерін, облыс орталығын жарықтандыру жүйесін жаңарту, Әйтеке би кентінде қуаты 35 мегаватқа дейінгі газ-турбиналық жылу-электр стансасын салу, сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және Қызылорда қаласындағы автобус депосының құрылысын аяқтау жобалары бар.
Қаржы министрлігі сырттан қарыз алуға шектеу қойғанына қарамастан, ирригация жүйесін қалпына келтіру жобасы бойынша «Ислам даму банкімен» жұмысты жалғастыру қажет.
Өкінішке орай, «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» жобасының екінші кезеңінің басталуы Өзбекстан тарапына байланысты созылып кетті. Сондықтан біз Дүниежүзілік Банк және өзіміздің орталық атқарушы органдармен тікелей жұмыс істеп, осы жобаға қатысты жұмысты жандандыруға тиіспіз. Қаңтар айында ратификацияға шығуымыз қажет.
Республикалық «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығымен» серіктестік байланысымыз нығаюы қажет. Соның арқасында алдағы жылы апатты мектептердің орнына мектеп салуды жалғастыру және Қызылорда қаласында 500 ауысымға шақталған емхана құрылысын салу жобасын іске асыру жоспарланған.
Аталған 5 бағыт – 2016 жылға арналған облыс әкімінің дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарының өзегі.
Әрине, әлеуметтік-экономикалық дамудың басқа да бағыттары бойынша жұмыстар жалғасын табады. Әлеуметтік дамуға келер болсақ, заңда қарастырылған барлық әлеуметтік төлемдер толықтай және тиісті мерзімде қамтамасыз етіледі. Бұл – Елбасының тапсырмасы.
Сонымен бірге, Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясы мен құндылықтарын насихаттау және оларды өмірге енгізу жалғасады.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Жұмыспен қамту Жол картасы» бағдарламасына қатысатын әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қаржылық көмек көрсету жүйесі іске қосылады.
Сонымен қатар, Елбасының тапсырмасына сәйкес,азаматтық сала қызметкерлерінің жалақысы 7-ден 40 пайызға дейін көтеріледі. Олардың қатарында: білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және басқа да бюджеттік сала қызметкерлері бар.
Білім беру саласындағы ең маңызды міндет – апатты мектептердің мәселесін шешу болмақ. 2013 жылы облыста 36 апатты мектеп болса, 2 жылда соның 23-ін жаңадан салып шықтық. Тағы екі мектептің құрылысы 2016 жылы аяқталады. Құрылыс талап ететін 11 мектеп қалып тұр. Қазіргі жағдайда оған бюджеттен қаражат бөле алмаймыз. Сондықтан, бұл мәселені мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы шешеміз. 2016 жылы осы 11 мектептің құрылысын бастауымыз керек.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісім шартында аталған жобалар аясында жұмысқа тартылатын тек жергілікті құрылыс компаниялары болатынын көрсеттік.
Білім сапасын көтеру бағытындағы жұмыс тажалғасады. Жоспарлағанымыздай, Сыр өңірі «Балапан» бағдарламасын мерзімінен бұрын аяқтады. Елбасының тапсырмасына сәйкес 3-6 жас аралығындағы балалар біздің облыста мектепке дейінгі тәрбиемен толық қамтылған. Енді 3 жасқа дейінгі балалар үшін орын ашуға көңіл бөлуіміз қажет.
Түлектеріміздің Қазақстан және Ресейдің алдыңғы қатарлы инженерлік жоғары оқу орындарында білім алуына жағдай жасау жалғасады. Қазір Мәскеу мен Санкт-Петербургтің университеттерінде 321 баламыз оқуда.
Келер жылы Сыр елінің тағы 200 түлегі «Мәскеу болат және қорытпалар институты», «Санкт-Петербург өсімдік полимерлері технологиялық университеті», «Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университеті» және «Губкин атындағы Ресей мұнай және газ» университетінде оқуға мүмкіндік алады. Аталмыш студенттердің оқу ақысы Ресей Үкіметі берген гранттарының есебінен төленіп жатыр. Ол үшін біз ресейлік достарымыз бен әріптестерімізге шынайы ризашылық білдіреміз.
Бұл балалар – өңірімізді алға бастайтын, облыстың болашақ элитасы. Облыстың болашағы қазір жер-жерде білім алып жатқан балаларымыздың қолында. Енді екі-үш жылда олар келіп ортаға қосылады. Жақында Ресейде болған сапарымда балалармен арнайы барып кездестім. Оларға барлығымыз үлкен үміт артып отырғанымызды жеткіздім.
Білім берудің дуалды технологиясын енгізуді тағы 10 колледжде жалғастырамыз. 2017 жылы аймақтағы 32 мемлекеттік колледждің 20-сы осындай үлгіде жұмыс істейтін болады.
«Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығымен» бірлесіп, Қызылорда қаласында 200 орындық жатақханасы бар 600 орындық кәсіптік-техникалық лицей құрылысын салу жобасын жүзеге асырудамыз. Концессиялық ұсыныс жасалды. Алдағы жылы бұл жобаның инвесторы анықталуы қажет.
Осы ретте, кәсіби білігі жоғары жұмысшы кадрларды дайындайтын Орталықты бірлесіп құратын әріптесті анықтап алуымыз керек. Елбасы өзінің Жолдауында Германия, Канада, Австралия және Сингапур секілді елдердің тәжірибесіне назар аудару қажеттігін ескертті. Осы елдердің алдыңғы қатарлы оқыту орталықтарының бірімен әріптестік орнатуымыз қажет.
Денсаулық сақтау саласындағы шешімін таппаған күрделі мәселелердің қатарында ана өлімі тұр.
Бұл бағыттағы «Денсаулық сақтауды дамытудың жол картасына» енген іс-шаралардың барлығы жүзеге асты. Қажетті қаражат толықтай бөлінді. Алдыңғы жылы бір ғана әйел өлімі тіркеліп, жағдай оңала бастаған еді. Алайда, осы жылы 6 әйелден айырылдық. Оның 5-і экстрагениталдық патология салдарынан қайтыс болған. Басқа сөзбен айтқанда, жүктілік созылмалы ауруды асқындырып, әйелдердің қайтыс болуына әкелді.
Осыған байланысты, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен республикалық акушерлік және гинекология институтымен бірлесіп, қосымша шаралар кешені жасалды. Барлық аудандық орталық ауруханалар кардиостандарттармен, холтер-мониторлармен, тредмил-тестілермен және УЗИ аппараттарымен жабдықталады. Бұл бала көтеру қабілеті бар жастағы әйелдердің жүрек-қан тамыры ауруларын ерте кезде анықтап, асқынудың алдын алуға мүмкіндік береді.
«Мен мұндалап» тұрған тағы бір мәселе – аймақтықонкологиялық орталықтағы жағдайдың талаптарға сай еместігі.
2012 жылы мамандандырылған онкологиялық аурухана құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу басталды. Жоба құны – 7-8 млрд. теңге шамасында.
Қазіргі жағдайда мұндай қаржыны табу өте қиын. Мәселені шешпесек, тағы болмайды. Сондықтан, облыстық медициналық орталық негізіндегі онкоорталыққа қосымша бөлмелер бөлініп, барлық қажетті құрал-жабдықтар алынатын болады.
Жақында, 27 қарашада Мәскеуде өткен Үкіметаралық комиссия отырысында Байқоңыр қаласындағы перзентхана негізінде облыстық медицина орталығының солтүстік аудандарға жауапты филиалын ашу мәселесі ақыры шешілді.
«Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығымен» орнатылған әріптестік пен осы жылы құрылған Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің филиалын дамыту жұмысы жалғасады.
Осы жылы Қызылорда филиалының интернатурасында 44 маман дайындықтан өтуде, ал келесі жылы кәсіптік даярлықтан тағы 100 интерн өтеді.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласындағы 200 орындық көпсалалы балалар ауруханасының, Жаңақорған кентіндегі 250 адам қабылдайтын аудандық емхана, Түгіскен елді мекеніндегі амбулатория құрылыстары аяқталады.
Кез келген қоғам дамуының басты алғышарты – қоғамдық-саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім мен азаматтық ынтымақ. Қоғамының этникалық, мәдени және діни әралуандылығын осалдық емес артықшылыққа айналдыра білген тәуелсіз Қазақстан бейбітшілік пен тұрақтылықты «көздің қарашығындай» сақтап келеді. Шын мәнінде, бұл – біздің басты байлығымыз.
Биыл Елбасының бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында «Үлкен ел – үлкен отбасы» атты жалпыұлттық жобасы қолға алынды. Елдік ұстаным, тарихи жауапкершілік ұғымдарымен етене таныс біздің өңір бұл жобаға белсене қатысуы тиіс. Бұйыртса, бірер күнде Өздеріңіздің қолдауларыңызбен дүниеге келген «Достық үйі» есігін ашады. Достық пен қоғамдық келісімнің Қызылорда төріндегі осынау ошағы – Сыр еліндегі ынтымақ пен бірліктің, жасампаз еңбектің, жарасымды тірліктің ордасына айналады деп сенеміз.
Еліміздің құндылықтарын сақтау, оларды ертеңгі күнге жалғау – қазіргі жастардың міндеті. Сондықтан, жастарды елдік мұрат пен мақсатқа жұмылдыру бағытындағы жұмыс күн тәртібінен түспейді, келесі жылы да басым бағыттың бірі ретінде жалғасады. Әсіресе, не оқуда, не жұмыста жоқ, айналасына наразы жастармен жұмыс жандана түсуі тиіс.
Осы ретте жастардың өз бастамаларына, жастар ортасымен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетіледі.
Ұлт жоспарының маңызды бір тармағы – мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби корпусын қалыптастыруды және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуді көздейді.
Дүние жүзі мен төңіректегі саяси ахуалдың күрделенуін ескерсек, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі де ерекше көңіл бөлуді талап етеді.
Ұлт жоспары аясында, келесі жылдың басынан Ішкі істер департаменті бөлімшелерінің негізінде әкімдер мен мәслихатқа бағынышты муниципальды полиция қызметі құрылады. Ондай жаңа құрылымның тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін біз жергілікті полицияның қоғаммен тығыз әрекеттесуіне жағдай жасауымыз қажет. Кез келген қоғамдық тәртіп бұзушылыққа төзім болмайтын көпшілік мәдениет қалыптасуы керек.
АУМАҚТЫҚ ДАМУ мәселелеріне келсек, әсіресе, облыс орталығын қарқынды дамыту жалғасады. Қалада мемлекеттік бюджет есебінен 1 мың 580 пәтерлік 38 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізіледі. Осы жылы (10 айда) 940 пәтерлік 18 үй берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артық.
Сұлтан Бейбарыс көшесінен сол жағалауға салынып жатқан көпірге дейін айналма жол саламыз.
Аталған көпірдің құрылысы жалғасады және қаланың сол жағалауындағы көшелер құрылысына қажетті құжаттар әзірленеді. Су, жылу және жарықпен қамтамасыз етудің техникалық экономикалық негіздемесі дайын деуге болады (мемлекеттік сараптамада). Бұл жоба бойынша «Азия даму банкімен» үкіметтік қарыз қаржы (займ) тарту бағытындағы жұмыстар жалғасады.
Қармақшы және Жалағаш аудандарын дамытудың жол картасын іске асыруды жалғастырамыз.
Қармақшы ауданының салық базасын кеңейту мақсатында «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тауық еті мен мия тамырын өңдеу зауыттарын салу жобасын іске асырады. Қосымша жұмыс орындарын құру мақсатында Төретам кентінде индустриалды-туристік аймақ құрылады.
Байқоңыр қаласы – бұрынғыдан да мұқият қарауды талап ететін ерекше мәселеге айналып келеді. Қала кәсіпорындарындағы жұмыс орындарының қысқаруы (оның ішінде біздің азаматтарымыз) және Ресей тарапынан қалаға бөлінетін ақшаның азаюы жағдайды ушықтырып жіберді.
Дәл қазір тіректі елді мекендерді дамытуға бұрынғыдай қаражат бөле алмаймыз. Бірақ, тіректі елді мекендер біз үшін Стратегиялық басымдықтардың бірі болып қала береді.
Жергілікті өзін-өзі басқару тетіктерін дамыту жұмысы да жалғасын табады.
Енді бюджет жайлы.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Көрпеге қарай көсілу» – жаһандық дағдарыс кезіндегі ең дұрыс жеке ұстаным, әрі бюджет саясатының оңтайлы моделі екендігін айтты.
Келесі жылға арналған облыс бюджетінің жобасы жан-жақты есептеліп, мұқият дайындалды. Экономикалық ахуал күрт төмендемесе, барлық жоспарланған шығыстар қамтамасыз етілуі тиіс.
Бюджетте көрініс тапқан басымдықтар – дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарындағы мақсат-міндеттерге сәйкес жасақталды.
Айта кету керек, келесі жылға арналған облыс бюджеті өткен жылмен салыстырғанда, бар болғаны 7,4 пайызға кем. Күрделі шығыстар 45 пайызға қысқарды.
Дағдарыс жағдайындағы бюджет болғандықтан Үкімет жаңа құрылыс салуға мораторий жариялады.
Сондықтан біз тек қана мемлекеттік-жекеменшік әріптестік пен халықаралық қаржы ұйымдарының несиелеріне сенім артамыз.
Сондай-ақ, «Үкімет пен Ұлттық банктің дағдарысқа қарсы бірлескен іс-қимыл жоспары» аясында да қосымша қаржы алуға талпынамыз.
Облыстық мәслихат депутаттары қалыптасқан жағдайды дұрыс бағалайды дегенге сенеміз.
Қорыта келе, халықты жұмыспен қамту – келесі жылы да біздің негізгі міндетіміз болып қалатынын тағы бір атап өткім келеді. Әр адамға жұмыс, яғни тұрақты табыс көзі қажет. Азаматтардың өзіне және мемлекетке деген сенімі істеп жүрген жұмысына тәуелді. Түптеп келгенде, қоғамның тұрақтылығы мен мемлекеттің қауіпсіздігі де сол жұмысқа байланысты. Сондықтан бірде-бір жауапты адам бұл мәселеге атүсті қарамауы тиіс.
Келесі жылдың іс-қимыл жоспарын ашық талқыға салып және оны жариялау арқылы, біз саналы түрде өз қызметімізді қоғамдық бақылауға қоямыз.
Өздеріңіз білетіндей, келесі жылдан бастап мұндай бақылаудың рөлі едәуір артады. Президент тапсырмасымен орталықтан бастап ауданға дейінгі жергілікті деңгейде құрылатын «Қоғамдық кеңестер туралы» Заң қабылданды. Біздің міндетіміз – бұл бастамаға жан-жақты қолдау көрсету. Ауылдық деңгейдегі қоғамдық кеңестің қызметі жергілікті қауымдастыққа жүктелетін болады.
Олардың негізгі мақсаты – қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша стратегиялық жоспардың, аумақтық даму бағдарламасының және бюджеттің орындалуын талқылау арқылы көпшілі
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |