« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Ауыл ортасындағы айшығы күн нұрымен жарқыраған Аллаһ үйі еріксіз кеудемізге имандылық дәрісін құйғандай күй кештік. Осындағы азаматтардан «Әзілхан ишан» атындағы бұрынғы мешіттің ұзақ жылдар бойы елге қызмет жасағанын, десе де уақыт ағымымен тозығы жеткендігін, мұны көрген ауылдың басты инвесторы, аудандық мәслихаттың депутаты Мінәжадин Өтеевтің жеке қаражатымен мешіт салып болатын.
Жақсының жақсылығын айт. Мінәжадин Сражадинұлы өз ауылыныңтыныс-тіршілігімен қатар аудандағы шараларға қолдау көрсетуден де тартынбайды. Осы ретте өзім куә болған төмендегі жайтпен бөліссем. Бірде кабинетіме есімі елге жақсы таныс отағасы іздеп келді. Өңі қуаныштан алабұртып тұр. Айтуынша, Қарақұм беткейіндегі малға аса қажетті суы тартыла бастаған бір бұлақтың қалпына келуінеМінәжадиннің септігі тиіпті. Менен соны көпшілікке жария етуді сұраған еді, тілегін орындадық.
Халық қалаулысы мұнан басқа жұртшылыққа тиімді істер тындырды. Қаракөлге көпір салдырды. Шәкеннің клубына қолұшын созды. Кенттен ардагерлер үйінің бой көтеруіне үлесін қосты. Жалпы оның атқарған тірліктерін тізбектесең, санынан жаңыласың. Елбасымыз өзінің Жолдауындағы кәсіпкерлерге бағыштаған сөзінде «Бүгінгідей сын сағаттарда сіздерге үлкен жауапкершілік артылады. Жекешелендірудің жаңа легіне белсенді қатысыңыздар, қаржыны заңдастырып, ашық жұмыс істеңіздер. Қуатты ел болу – бәсекеге қабілетті болу деген сөз. Өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек. Бізді ешкім сырттан келіп жарылқамайды», – дегені мәлім. Мемлекет басшысының осы лебізі Өтеевтің ұжымының қағидасы іспетті.
Ол басшылық жасайтын «Сыр маржаны» ЖШС-да 150-ге тарта адам еңбек етеді. Негізінен күріш егетін серіктестік биылғы орақта басты дақылдың әр гектарынан 45 центнерден өнім жинады. Нақты кезеңде серіктестік күріш өңдеуді Оңтүстік Кореялық технологиямен жүргізеді. Зауытта сағатына 5 тонна күріш ақталады. Екі ауысыммен жұмыс жасайтын зауытта жоғары сортты өнім шығарылады. Күріш тұқымын жақсарту мақсатында алынған агрегат өзінің тиімділігін дәлелдеуде.
Инвестиция көлемін ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек өнімділігін арттыру – Елбасы Жолдауында қозғалған тапсырмалардың бірі. Мұндай қадам Өтеевтің ұжымына да тән. Осы тұрғыда «Сыр маржаны» ЖШС 500 басқа арналған мал бордақылау алаңы құрылысын қолға алған болатын. Таяуда іске қосылатын нысанның инвестициялық жобасын ұсынушы әрі орындаушы да осы серіктестіктің өзі. Ақтан батыр ауылының Шеңгелді учаскесінде орналасқан мал бордақылау алаңында 16 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде Жобаның қаржыландыру көзі «Қаз агро қаржы» АҚ мен «Сыр маржаны» ЖШС болып табылады. Инфрақұрылым құрылысы «Жол картасы» және «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламалары аясында жергілікті бюджет қаржысы есебінен салынуда. Олардың ішінде кірме жол, электр жарығын жеткізу, ауыз су жайы қарастырылған. Сондай-ақ қызметкерлер үшін екі тұрғын үй (10 пайыздық үлеспен), әкімшілік ғимараты бой көтерді. Мал бордақылау алаңының негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы құрылымдары мен жеке тұрғындардан ірі қара малын сатып алып, бордақылап, табиғи таза ет өнімдерін сату. Сол бағытта «Қазагроқаржы» АҚ арқылы лизингтік тәсілмен Мәскеудегі «Сельхозлидер» ЖШС-нан алынған шағын мал сою зауытының құрылысы жүріп жатыр. Осылайша халықтың ет өнімдеріне сұранысын қанағаттандыру межеленуде. Бордақыға қойылған қажетті азықпен қамтылған мал тәулігіне 1100-1200 грамға дейін салмақ қосады деп есептелуде. Мұндағы мал жасы мен тұқымына байланысты төрт ай көлемінде бағылатын болады. Кейін алаңның қуатын 1500 басқа ұлғайту ойда бар. Алаңның көлемі, мал азығының өзінде жеткілікті түрде әзірленуі бұған кепілдік етері хақ. Келешекте мал сою зауыты туралған ет (фарш), ет филесін, шұжық дайындауды жолға қоймақшы. Іске сәт, Мінәжадин.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Қазалы ауданы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |