« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бейсенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен өңірімізге жұмыс сапарымен келген «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиевтің қатысуымен мәжіліс өтті.
Басқосуда Асқар Жұмағалиев «ҚазАтомӨнеркәсіптің» еншілес компанияларының кеңселері Қызылорда облысына көшірілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, компания қаржысы есебінен салынған 6 әлеуметтік нысанды коммуналдық меншікке табыстады. Осы жылдың соңына дейін жергілікті атқарушы органдар теңгеріміне қосымша тағы 2 әлеуметтік нысан, яғни медициналық кешен және қуат тасымалдайтын компания берілетін болады.
Компаниялардың аймаққа көшуі облыстың дамуына серпін беріп, салық базасын кеңейтеді. Ал жергілікті тұрғындар үшін қосымша жұмыс орындары ашылады. Профильдік емес активтермен нысандарды қайта табыстау Елбасының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып отыр. Сонымен бірге, бұл қадам компанияның қызмет тиімділігін арттырып, экономикалық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында жасалуда.
– «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ тарапынан облыстың теңгеріміне беріп отырған нысандарды ұстап тұруға 2015-2016 жылдарға 1,6 млрд теңге бөлінді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін қызылордалықтардың атынан Ұлттық компанияның басшылығына алғысымды айтамын, – деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Уран өндіретін елді мекендерде орналасқан әлеуметтік маңызды нысандарды табыстау компания және жергілікті атқарушы органдар арасында 2015-2016 жылдары оңтүстік аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жасалған меморандум шеңберінде жүзеге асырылды.
– «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ – әлеуметтік салаға барынша көп көңіл бөлетін компания. Қазір компания тарапынан салынған 6 әлеуметтік нысанды Қызылорда облысы әкімдігінің теңгеріміне тапсырып отырмыз. Ең бастысы, осы әлеуметтік нысандарда жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс орындары толық сақталатынын мәлімдеймін. Сонымен бірге, біз бұл нысандардың қалыпты жұмысын жалғастыруы үшін келесі жылы 800 миллион теңге бөлуді жоспарлап отырмыз. Сыр өңірінің дамуы жолында әкімдікпен бірлесіп жұмыс істеуге әзірміз, – дейді «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев.
Қазіргі таңда Қызылорда облысының әкімдігі теңгеріміне 6 әлеуметтік маңызы бар нысан, атап айтқанда, 280 орындық балабақша, мәдениет үйі, спорттық-сауықтыру кешені мен қонақ үйі өткізілді.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |