« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Алматы қаласында өткен «Бауыржан» қайырымдылық қорының жұртшылықты жақсы істерге ынталандыратын «Алтын жүрек» меценаттық сыйлығын тапсыру салтанатында «Спортты қолдағаны және дамытқаны үшін» номинациясын «Абзал және К» серіктестігінің басшысы, Қазақстанның Еңбек ері Абзал Ералиев иеленді. Біз Еңбек ерін кезекті табысымен құттықтап, бірнеше сауал қойған едік.
– Дәстүрлі «Алтын жүрек» сыйлығы мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсеткендерге тапсырылып келеді. Сыйлықты тағайындаушылардың айтуынша, номинация иелерін анықтауға саясаткерлер, өнер адамдары мен БАҚ өкілдерінен құралған қоғамдық және сарапшылық кеңестер қатысқан. Сіздің спортқа жасаған қолдауыңыз осындай марапатқа лайық деп танылғанына қуаныштымыз.
– Рахмет, жыл бойына әртүрлі әлеуметтік жобаларға 706 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды. Оның ішінде 213 млн теңгеден астамы спортты дамытып, қолдауға бағытталды. Сырдария ауданындағы Н.Ілиясов ауылына спорт кешенін салып, жеткіншектерге арналған дзюдо, таэквондо, жекпе-жек, тоғызқұмалақ, қазақша күрес үйірмелерін аштық. Спорт кешеніне қоса стадион пайдалануға берілді. Жаңа нысан мемлекеттік әріптестік негізінде салынды. Кешеннің жалпы құны 380 млн теңгені құраса, соның 200 млн теңгеден астам қаржысын біздің компания шығарды. Сондай-ақ «Тұлпар» футбол командасына қолдау көрсетіп келеміз. Сарапшылар осы еңбегімізді аталған номинацияға лайық деп есептепті.
Әрине, балалар өз болашағын өздері таңдайды, бірақ біз олардың спортта, өнерде, ғылымда бағын сынауына қолымыздан келгенше мүмкіндік жасауымыз керек.
– Биылғы «Алтын жүрек» сыйлығы жылдағысынан несімен ерекшеленді? Ұйымдастырушылардың пікірі қандай?
– Біреуге жәрдем көрсетуді ақша беру деп ойлау түбегейлі қате ұғым. Салтанатты рәсімде «Бауыржан» қайырымдылық қорының өкілдері «Алтын жүрек» номинанттары жасаған игі істердің түп негізінде адамға жанашырлық жасауға ұмтылыс жатқанын айтты. Бұрын қайырымдылық жасауға қалталы азаматтар ғана атсалысатын болса, қазір еріктілер бірлестіктерінің белсенділігі артқан.
– «Абзал және К» серіктестігінің басқа да әлеуметтік жобалары жайында айтып берсеңіз.
– Біздің жобаларымыз – тұрақты түрде жыл сайын жүзеге асатын мақсатты жұмыстар. Мәселен, Нағи, Бесарық ауылдарын көркейту, көгалдандыруға, көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуге ұдайы қаржы бөлініп келеді. Биыл Қызылорда қаласындағы, Нағи аулындағы мешіттердің құрылысын жүргіздік.
Жастарды қолдауға, әсіресе, олардың спортпен айналысуы үшін жоғарыда аталған үйірмелердің үзіліссіз жұмыс істеуіне жағдай жасалды. Оған қоса ағылшын тілін үйрену курсын аштық. Кубань Мемлекеттік аграрлық университетіне 2 студентті білім алуға жібердік. Жалпы ел болашағы – жастарға қолдау көрсету арқылы болашақ мықты мамандарды, чемпиондарды тәрбиелеп жатырмыз деп ойлаймын.
– Әңгімеңізге рахмет.
Сұхбатты жүргізген
Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |