« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге ресми сапармен келген Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэмен кездесті. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев С.Абэні Премьер-министр лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, қазіргідей әлемдік экономикадағы күрделі ахуал кезеңінде қызметінің табысты болуына тілектестік білдірді.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Жапонияны көп нәрсе байланыстыратынын атап өтті.
Елбасы Астана құрылысы жапон архитекторы К.Куракаваның бас жоспары бойынша, ал елордадағы жаңа халықаралық университетті дамыту Жапония өкілі – ректор Ш.Катсудың басшылығымен жүзеге асырылып келе жатқанын айтты. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев қазақ-жапон қарым-қатынастарын дамыту мәселелеріне де тоқталды.
– Біздің елдеріміз арасында экономикалық тұрғыдан да, саясат саласында да келіспеушілік жоқ. Қазақстан Сіздің елмен барлық бағыт бойынша ынтымақтасуға ниетті. Сіздің Орталық Азия елдеріне сапарыңыз маңызды әрі дер кезінде жасалып отыр. Біз өзара іс-қимылдың «Жапония – Орталық Азия» форматын қолдаймыз және оны қажет деп санаймыз, – деді Қазақстан Президенті.
С.Абэ қонақжайлық пен ілтипатты қабылдау үшін Қазақстан тарапына алғыс айтты.
– Менің бұл сапарым Жапония Премьер-министрлерінің соңғы 9 жылдағы бірінші сапары болып отыр. Бұрын біз түрлі халықаралық шараларда үш рет кездестік, бұл – біздің төртінші кездесуіміз. Осындай тығыз байланыстар арқылы қарым-қатынастарымызды белсенді түрде дамытып отырғанымыз мені аса қуантады, – деді С.Абэ.
Осыдан кейін Жапон Премьер-министрі С.Абэнің Қазақстанға ресми сапары аясында кеңейтілген құрамдакеліссөздер өтті.
Мемлекет басшысы келіссөздер барысында С.Абэнің Астанаға алғашқы ресми сапары Қазақстан мен Жапония қарым-қатынасын жаңа сапалы деңгейге шығару үшін қуатты серпін беретініне сенім білдірді.
Елбасы өз сөзінде екі елдің сауда-экономикалық даму және инвестициялық өзара ықпалдастық көрсеткіштеріне де тоқталды.
2013-2014 жылдарда елдеріміз арасындағы тауар айналымы 2 миллиард доллар болды. Ал 2015 жылдың бірінші жартысында бұл көрсеткіш 600 миллион долларға жетті. 10 жылда Қазақстанға келген жапон инвестициясының көлемі шамамен 5 миллиард доллардай болады. Сонымен қатар, Жапония ресми көмек ретінде Қазақстанға 1,2 миллиард доллар берді. Елімізде бірқатар ірі компаниялар белсене жұмыс істеуде. Бүгінде 50 бірлескен кәсіпорын тіркелген, құны 700 миллион доллардан асатын 6 бірлескен жоба іске асырылды. Дәл осы сома мөлшерінде тағы 10 жоба қарқынды ілгерілету сатысында тұр.
С.Абэ екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастардың құқықтық базасын нығайту, сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі ірі инвестициялық бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін, жалпы ынтымақтастық үшін мүмкіндіктер аясын едәуір кеңейтетінін атап өтті.
Келіссөзден кейінгі бірлескен брифингте Елбасы екі ел делегациялары арасындағы келіссөздер достық пен өзара түсіністік негізінде өткенін айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, соның ішінде бірлескен кәсіпорындар құру және бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларына да назар аударды.
Жапония Премьер-министрі Қазақстанның әлемдік істер саласында, әсіресе ядролық қару таратпау ісінде маңызды орын алып, өңір экономикасындағы көшбасы болып отырғанын атап өтті.
Осыдан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер-министрі С.Абэмен бірге Астананың көрнекті орындарын аралап, қазақ-жапон бизнес форумына қатысты.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |