« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылорда қаласының сол жағалауын игеру мақсатында кеше облыс орталығында «ХІІІ республикалық қала құрылысы форумы – 2015» көрме-семинары өтті. Айтулы шараны Қазақстанның қала құрылысшылар одағы мен облыс әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды. Форумға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, сәулет және құрылыс саласының білікті мамандары, кәсіпкерлер қатысты.
Соңғы жылдары Қызылорда өңірі қарқынды құрылыс алаңына айналды. Облыста биыл құрылыс көлемі 3,5 есеге өсті. Ал Қызылорда қаласында 8 есеге артты. Болашақта Сырдың бас шаһары дарияның сол жағалауында қанат жаймақ. Осыны ескерсек, аймағымызда құрылыс жыл сайын көбеймесе, азаймайды деуге әбден болады. Бұған қоса, қаланың келбеті көріктеніп, сәулеті сәндене түседі. Қазірдің өзінде дарияның екі бетін жалғайтын көпірдің құрылысы жүріп жатыр.
– Еуропоцентристік көзқарастағы адамдар көшпенділер мекен еткен Ұлы далада «қала болмаған» деген пікірді алға тартады. Бұл, әрине, қасаң қағида. Мәселен, Қазақ хандығы тұсында Сыр бойында 32 қала болған. Тек қазіргі Қызылорда облысының территориясында төрт астананың тарихта ізі қалған. Ата-бабаларымыздың игі дәстүрін жалғастыруды парыз санап, Сырдарияның сол жағалауына жаңа қала салып, ел қондыруды мұрат етіп отырмыз. Бұған дейін шаһарымыз Сырдың оң жағалауында дамыған болатын. Ал негізінен сол жағалауды игеру туралы нық шешімге келуімізге Елбасының ерлігі әсер етті. Елбасы Есілдің жағасында бой көтерген Астана қаласын әлемнің көрікті қалаларының біріне айналдырды. Астана – ұлттық бренд. Елімізді біріктірді. Біз де Астанаға қарап бой түзеп, Сырдың сол жағалауында 90 мың халық тұратын жаңа қаланың құрылысын бастамақпыз. Сондай-ақ, жаңа қаланың сәулетінде шығыс стиліне, ұлттық нақышқа басымдық беріледі, – деді Қырымбек Елеуұлы.
Бүгінгі таңда сол жағалаудағы 1532 гектар аумақтың түбегейлі жоспары жасалып болды. Қазіргі таңда Азия даму банкімен келісімдер жасалып жатыр. Осының өзінде Азия даму банкі Қызылорда қаласының Сырдарияның сол жағалауынан салынатын бөлігінің инфрақұрылымын қаржыландыруды мақұлдап отыр. Ол үшін 172 миллиард теңге қаржы салуға дайын екендерін мәлімдеген.
Қазақстан қала құрылысшылар одағының президенті Любовь Нысанбаеваның айтуынша, ендігі жерде қала құрылысының дамуында Сырдария өзенінің Астана қаласындағы Есіл өзені сияқты табиғи тартымдылығы басым болады.
Бұдан бөлек, форумға қатысушылар Сыр жеріндегі қалалардың тарихына көз жүгіртіп, Байқоңыр қаласының туристік әлеуетін талқыға салды. Сондай-ақ, Қазақстан қалаларының сәулеттік ерекшеліктерін сөз етті.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |