« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бейсенбіде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен аймақта ағымдағы жылдың тоғыз айында атқарылған жұмыстарды қорытындылаған мәжіліс өтті.
Қала және аудан әкімдерінің, басқарма басшыларының қатысуымен өткен жиында бес мәселе қаралды.
– Ерекше экономикалық жағдайда дұрыс шешімдер қабылдауымыз керек. 19-20 қазан күндері Елбасының өңірімізге жұмыс сапары барысында аймақтың даму қарқынына жоғары баға берілді. Дегенмен, оған тоқмейілсуге болмайды. Басталған жұмысты жалғастыру керек. Дағдарыс кезінде қаржыландырудың қысқаруына байланысты облысымыздың елді мекендерін дамыту және абаттандыру бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарының инвестицияларын белсенді тартып жатырмыз. Алдағы уақытта да қала және аудан әкімдері сырттан инвестиция тарту, ірі жобаларды жүзеге асыру тапсырмасы бойынша жұмыс жасай беретін болады,– деді жиынды ашқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Жиында алғаш болып тоғыз ай ішінде бюджет қаражатының игерілуі мен облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша облыс әкімінің орынбасары Наталья Годунова баяндады. Баяндамашының мәлімдеуінше, облыста дамудың оң динамикасы сақталуда. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі артып, тұтынушы бағалары орташа республикалық деңгейден төмен. Сонымен бірге, бөлшек сауда айналымы өскен. Аймақтың экономикасын әртараптандыру бойынша белсенді жұмыстар жалғастырылып, бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылуда.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе, 2015- 2016 жылдарға арналған жылу беру маусымының өту барысы мен жыл аяғына дейін іске қосылатын құрылыс нысандары туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменовтің баяндамасы тыңдалды. Оның хабарлауынша, облыста барлық әлеуметтік нысандардың жылу жүйелері мен құбырлары жөндеуден өткізілген. Қалалық ЖЭО мен ҚӨЖО орталықтары қажетті отынмен қамтамасыз етілген. Аймақтағы маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі аудан орталықтарын газдандыру болып табылатыны белгілі. Қазірдің өзінде үш аудан көгілдір отынға қосылса, төртінші болып Арал ауданына келесі аптада газ беріледі деп күтілуде.
Жиында, сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында атқарылған жұмыстар мен ҚР Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының облыста орындалуы және Қызылорда қаласы мен аудандардағы индустриалды аймақтардың қазіргі жай-күйі жөнінде облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов пен облыстық индустриялық-инновациалық даму басқармасының басшысы Мұрат Имандосов хабарлады.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аудан әкімдері мен басқарма басшыларына жоспарланған жобаларды уақытылы жүзеге асыруды, қолға алынған жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
Айнұр БАТТАЛОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |