« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның үшінші ғарышкері Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағын беріп, «Отан» орденімен марапаттады және бұл жоғары наградаларды салтанатты жағдайда тапсырды.
– Біз бүгін халқымыздың батыр ұлы, Қазақстанның үшінші ғарышкері АйдынАйымбетовті марапаттауға жиналдық. Өткен айда ол Қазақстанның ғарыштық бағдарламасы аясында Халықаралық ғарыш стансасында 10 күндік сапарға барып қайтты. Осы күндердегі 17 млн Қазақстан халқының барлығы Айдынғатілектес болып отырды. Ел тілегі қабыл болып, ол алыс сапардан абыроймен оралды. Бұл сапар еліміздің биік мәртебесі мен ең асқақ белестердің өзін бағындыра алатын мақсаткерлігін көрсетті. Бүгін мен Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағын беру және «Отан» ордені мен тиісті «Алтын Жұлдыз» медалімен марапаттауды ұйғардым. Ол Жарлыққа қол қойылды, - деді Елбасы.
Мемлекет басшысы сондай-ақ А.Айымбетовке «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы берілгендігі туралы куәлікті табыс етті.
Ал Айдын Айымбетов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ғарышта болып келген Мемлекеттік Туды табыстады.
Сонымен қатар Айдын Айымбетов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ғарышқа сапары барысында жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары жайында баяндады.
– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз жүктеген міндеттердің орындалуы туралы баяндауға рұқсат етіңіз. Қыркүйектің 2-сі мен 12-сі аралығындағы ғарышқа сапарым барысында Қазақстанның ғарышты зерттеу бағдарламалары жүзеге асырылды. Қазғарыштың ғылыми бағдарламасы бойынша Арал және Каспий теңіздеріне мониторинг жүргізілді. Микрогравитация барысында микробөлшектердің физикалық ерекшеліктеріне зерттеулер жүргізілді, - деді ол.
Оның атап өтуінше, аталған шаралар отандық ғалымдардың термоядролық энергетика, медицина, нано-технология және тамақ өнеркәсібі салаларындағы зерттеулерінде кәдеге жарайтын болады.
Ғарышкердің қолынан еліміздің Мемлекеттік Туын алған Елбасы барша қазақстандықтарға ізгі тілегін жеткізді.
– Болашағымыз әр уақытта да ғарыштың биігіндей болсын! Біздің көк байрағымыз сонау ғарышқа барып, Жерді айналып келгені бізді желеп-жебеп, қолдап жүрсін! Бүкіл ғаламның күші, ғаламның қасиеті Қазақстанда болсын! Мен «Қазақстан жолы» кітабымда еліміздің Тәуелсіздік тарихы Қазақстанның ғарышкерлік тарихынан басталды деп айтқан болатынмын. Біз1991 жылы тамызда Байқоңыр ғарыш айлағын Қазақстанның меншігіне алдық. Қазан айында алғашқы қазақ ғарышқа аттанды. Небәрі 2 айдан соң желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін жариялады. Халық бұл оқиғаны тәуелсіздігіміздің ғарыш кеңістігіндей шексіз, мәңгілік болуы деп бағалады. Расында да, елімізаз ғана жылда гүлденген, қуатты ғарыштық мемлекетке айналды, - деді Елбасы.
ҚР Президенті Жер бетінде 3 немесе одан да көп перзенті ғарышқа көтерілген 9 ғана мемлекет бар екенін баса айтты.
–Соның бірі біз болдық. Біздің батыр ғарышкерлеріміздің ізбасарлары әлі талай көк жүзіне аттанатын болады. Біздің Мәңгілік еліміз – ғарыштың шексіз мәңгілік кеңістігіндегі ең жарық жұлдызы. Ол жыл өткен сайын жарқырап, жайнай береді деп сенеміз, - деді Н.Назарбаев.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |