ДОЛЛАРДЫҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАЛАЙ ӘЛСІРЕТЕМІЗ?

ДОЛЛАРДЫҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАЛАЙ ӘЛСІРЕТЕМІЗ?Мұнайбағасықырыққұбылып, әлемдік экономиканыңдамуыәлсірегентұстадолларғатәуелділіктіптенұлғайып, әлем елдері үшінбасқатыратынжағдайтуындады. Олардың қатарында, әрине, Қазақстан да бар.

Доллардыңүстемдігінеқарсытиімдішараларенгізукөптегенелдерүшінөтеөзектімәселеболыпотырғанжайыбар. Қысқасы, долларға қарсылықеліміздеғанаемес, әлем елдерінің бірқатарындабойкөрсетіпкеледі. Мәселен, Франция Қытайменарадағысаудаоперацияларындоллардантыс, яғни, евромен неболмаса, юаньмен айырысуға ниеттіекенінмәлімдеген. Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, 1973 жылы өрбіген араб-израиль соғысы барысындаАҚШқысымкөрсетуарқылыарабелдерінмұнайдытекдолларғағанасатуғакөндіргенекен. Міне, сол уақыттанберімұнайдыңбаррелітекдолларменесептеледі. Ал Франция Қаржыминистрлігімұнайүшіневроменнемесебасқадавалютаменесепайырысуғаешкімніңдекедергіемесекеніналғатартуменәлек. Шындығында, дәл осыдолларғақарсылықсаясатыИранда, Венесуэлада, Аргентинада, Бразилияда жиі көрінісбереді. Сонымен бірге, доллардыңжетегіндежүруденшаршағанРесейде «көк қағаздан» бірденбастартаалмағанымен, юаньға көбірек көңілбөлебастады. Сол қатарғаҚазақстандаеніпотыр.

Елэкономикасындолларсыздан­дыруға орай, алыпкөршімізбенарадақытайюаніменжәнеқазақстандықтеңгеменесептесубелеңалыпкеледі. KASE-нің пікірінше, аталғанфакторларсаудабарысындаюаньментеңгевалюталықжұбыныңбелсенділігіартуынаәкеледі. Олардың мәліметтерінесүйенсек, юаньмен саудаласу ашылғалыберібіржылөткен. Осы кезеңде бірлескенкөлемі 1,39 млрд теңгені құрайтын 265 келісім жасалыпты.

Әлбетте, еліміздегі ауқымды операциялардолларменжүзегеасады. Әр мемлекет ұлттыққаржысынкүшейтеотырып, өз валютасыменхалықаралықесепайырысутәжірибесіәлемдебар. Батыстың көрсеткен қырынанкейінРесейдедоллардышеткеысырып, өз рублін халықаралықайналымғаендіругеұмтылуда. Бұл Қазақстанғаешқандайқауіпемес. Екі ел қайақшадаесепайырысамындеседеөзібіледі. Тек келісіп алсаболды. Тіпті бұл бізгепайдалыда. Себебі, доллар үстемдігіненаздаболсақұтылабастаймыз.

– Ресейдің ұстанымын қолдаймын. Кез келген ел өз ұлттық валютасымен жұмыс істеуі керек. Өзің өндірген өнімді неге төл теңгеңмен пұлдамасқа. Неге үшінші елдің валютасы – доллармен бағамдамақпыз. Бұл қауіпсіздігімізге де сын. Әлдеқандай жағдай болады. Мәселен, Ресейге Батыс елдері санкция жариялап еді, сонда ғана олар бұған дейін көзді жұмып, үлкен қателікке бой ұрдырғанын білді. Енді ғана жанталаса халықаралық төлем картасын жасау­ды қолға алды. Бүкіл сауда-саттықты рубльмен жүзеге асырмақ. Дұрыс қадам. Ресейдің бұл әрекеті бізге зиян тигізеді деп ойламаймын. Өнімнің бағасын екі жақ бірлесе отырып, белгілеп, қай валютамен есептесетінін келіссе болды. Қорқатын ештеңе жоқ. Бірақ, бізге де қаржы саласында қауіпсіздігімізді қамтамасыз ететін қадамдар қажет, – дейді елімізге танымал қаржыгер Бейсенбек Зиябеков.

Бұл – халықаралық саудаға қатысты түйткілдер. Ал ел ішінде ше? Бізде ішкі доллар қысымы көп. Ішкі сауда теңгемен жүреді десе де, қос валюталық жүйе жұмыс істеуде. Көп нәрсе, соның ішінде ірі келісімдер доллармен жасалады. Бұл дұрыс емес. Бұған қандай қарсы амал бар? Ұлттық Банк төрағасы Қ.Келімбетовтің «Жылжымайтын мүлік пен көлікті сатып алу кезінде қол­ма-қол есеп айырысудан бас тартуға тиіс­піз. Яғни, қаржы белгілі бір шоттар ар­қылы өтуі тиіс. Осылайша, біз салық меке­ме­сімен бірлесе барлық төлемдерді бақылап отыра аламыз. Біз қысқа мер­зім ішінде аталған мәселе бойынша тәртіп орнатамыз», – деген мәлімдемесі жақсылықтан үміттендіреді. «Біздің миы­мызда теңгемен есеп айырысу деген ұғым, тіпті жоқ. Қит етсе, долларға қарай ұмтыламыз. Өзге елдің валютасы арқылы біз сол мемлекеттің экономикасына жұмыс істеп отырмыз. Ұлттық валютамыз бола тұра, неге біз басқа елдің валютасы арқылы төлем жасап, шет мемлекеттің әлеуетін арттыруға жұмыс істейміз?», – дейді мамандар. Шынында да, доллардан бірте-бірте бас тарту ішкі нарықты нығайтады. Қазынаға түсімді молайтады. Тіпті қосымша жұмыс орнын ашуға түрткі болады.

Ел Президенті Үкімет алдына маңызды міндет қойды. Ол міндет – экономиканы долларсыздандыру. Жалпы, долларсыздандыру деген не? Қарапайым тілмен айтсақ, экономиканы доллардан тазалап, Ұлттық валютаға басымдық беру. Осы тұста, «экономиканың долларсыздануы қазақстандықтарға не береді?» деген сұрақтың туындайтыны анық. Ең алдымен, еліміздегі қарапайым халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылату үшін өте тиімді. Сондай-ақ, Қазақстан шикізатпен қамтамасыз етуші ел болғандықтан өз байлығын экспортқа шығарып, қауырт пайдаға кенелуге болады. Тағы бір жағынан көлеңкелі бизнестің жолын кесіп, мемлекеттік кіріс көлемін арттыруға және оны қадағалауға мүмкіндік туады. Расында көптеген отандасымыз өзіміз өндірген тауарды екі рет сатып алып жатқанымызды біле бермейді. Мысалы, тұрғын үй немесе көлік сатып алғыңыз келсе, алдымен қолыңыздағы теңгеге доллар сатып аласыз, содан кейін ғана доллармен үй немесе көлік сатып алуға кірісесіз. Үңіліп көрсеңіз, тұрақты мүлік алу үшін доллар екі рет сатылымға түсіп отыр. Ал шетелдіктер елімізден шикізат сатып алу үшін міндетті түрде доллармен есеп айырысады. Ендеше, тағы да саудаланып отырған отандық өнім емес, Америка валютасы болып отыр. Шет елдермен туризм, инвестиция, кәсіпкерлік, зат алмасу, тағы басқа да салалардағы алыс-беріс, барыс-келіс осындай тәсілмен жүріп келеді.

Сонымен, Мемлекет басшысы долларсыздандыру туралы тапсырма берді. Соған байланысты елімізде экономиканы долларсыздандырудың 2015-2016 жылдарға арналған арнайы шаралары қабылданды. Бұдан былай тауар, қызмет көрсету бағаларын доллармен көрсетуге тыйым салынады. Ал банк секторында Ұлттық валюта мен салынған депозиттерге кепілдендіру көлемі 5 млн теңгеден 10 млн теңгеге дейін арттыру қарастырылған. Алайда, шет ел ақшасымен ашылған депозиттердің жылдық сыйақы мөлшерлемесі үш пайызға дейін азаймақ. Ал мамандар бірлесіп әзірлеген экономикалық жоспар үш бағыттан тұрады.

«Бірінші бағыт — макроэконо­микалық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Яғни, экономиканы әртараптандыру шаралары арқылы жүзеге асады. Екінші бағыт – қолма-қол ақша операцияларын азайтып, көлеңкелі айналымды төмендету. Үшінші бағыт — төл теңгенің шетелдік валютаға қарағанда басымдығын көтеру. Бұл үшін ең алдымен тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бағасын шетелдік валютада көрсетуге тыйым салынатын болады».

Жалпы, долларсыздандыру шаралары өз деңгейінде орындалып отырғанның өзінде белгілі бір нәтижелерге жету үшін кемінде 5-10 жыл керек екен. Дегенмен бір орында тұрып қалмай, алға баса беруіміз керек. Өйткені, біз үшін ел экономикасына доллардың ықпалын әлсірету әрдайым өзекті күйінде қала бермек.

Ы.ТӘЖІҰЛЫ.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 қазан 2015 г. 939 0