« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 70-сессиясы мерейтойлық сипаттан өзге адамзат тағы бір дағдарыстың алдында тұрған шақта шақырылғандығымен ерекшеленді.
Бүгінгі геосаяси ахуал әлемдік өзекті мәселелерді шешуде бірлесуді болдырмай тұр. Мемлекеттердің милитарлануы қазіргі халықаралық қатынастарға, саяси мәдениетке өз ықпалын айтарлықтай тигізуде. Халықаралық дипломатияда кейбір елдер соғыс және қару күшімен өз позицияларын нығайтуға күш салуда. Осы ортақ мәселені шешуге жасалған талаптардың тығырыққа тіреліп жатқаны да рас.
Ал Қазақстан өз тарапынан БҰҰ мінберінен осы мәселелерге байланысты төрелі де тұшымды ұсыныстар айтты. Яғни, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бес бастамалық ұсынысын жаһандық дамуөзектеріне жаңаша дем беруге үлкен талпыныс жасаудың бастамасы деп санауға болады.
Соның ішінде Елбасы БҰҰ экономикалық және әлеуметтік кеңесінЖаһандық даму кеңесі ретінде қайта құруды ұсынды. Кейінге шегінісжасап БҰҰ-ның негізгі міндеттерін еске салайық. Олар: халықаралық мәселелердің шешімін табуда соғыс тәсілін болдырмау, үлкенді-кішілі ұлттартеңдігіне сенімді нығайту, елдер мен халықтардың алдында пайда болатын мәселелерді шешу үшін халықаралық жағдайлар жасау. Яғни, жер шарында бейбіт өмірді сақтау, әлеуметтік прогрескежан-жақты көмек көрсету. Ал біз көріп отырған бүгінгі геосаяси жағдай бұған жауап бере алмауда. Сондықтан БҰҰ міндеттері мен құқықтық құзырына қайта оралуды уақыт талап етіп отыр.
Сол үшін Елбасы Жаһандық Стратегиялық Бастама - 2045 жобасын ұсынды. Бұл стратегия арқылы әрбір ұлттың әлемдік инфрақұрылымға, ресурстарға, ортақ нарыққа тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге болады. Соның негізінде әлемдік дамудыңжаңа, тиімді ұстанымын қалыптастыруға жол ашылар еді.
Терроризм, жергілікті соғыс ошақтары, әлемдік қаржы құралдарының қауқарсыздығы, валюталық, әлеуметтік дүрбелеңдербір ел немесе бір өңіршешетін мәселе емес. Оған ортақ ақылдасар алаң қажет. Оның ролін жаһандық даму кеңесінің атқаруына мүмкіндікмол.
Елбасы бұл бастаманы бүгін ғана ұсынып отырған жоқ. Дүниежүзілік проблемаларды асқындырмай шешу үшін бірігуге шақырған «G-Global» жобасына да әлем қауымдастығы назар аударған. Астана экономикалық форумы аясында талқыланып жүрген дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік жоспар идеясының түпкі мақсаты осы.
Елбасының жаһандық даму жолы тек экономикалық интеграция мен бірлесе даму арқылы болады деген ұстанымының ақиқатына «алдымен экономика, сосын саясат» қазақстандық қағидат дәлел бола алады. Экономикалық даму деңгейікөтерілген сайын жаһандық күн тәртібіндетұрған мәселелер, кедейшілік, сауатсыздық пен жұмыссыздық, т.б, өздігінен шешімін таба беретініне көзіміз жетуде. Сонымен бірге экономикалық интеграция – мәселелерді шешуде соғыс әдісіне бармаудың бірден-бір жолы.
Елбасының БҰҰ төрінен адамзаттың басты мақсаты деп қарусыз әлем құру ұсынысын айтуы, біздің елдің айнымас ұстанымы. Себебі, Қазақстан – ядролық қарудан бас тартқан, ядролық полигонды жапқан әлемдегі алғашқы ел. Ұлт көшбасшысы о бастан-ақ «ядролық қару – адамзат үшін өзін-өзі жоятын қару. Ал өзін-өзі өлтіруді Жаратушының ұйғарымынатікелей қарсылық ретінде әлемнің барлық діндері де айыптайды» деп әлемге Үндеу жасаудан тайған емес. Егемен ел болысыменауқымы жағынан төртінші ядролық қару-жарақтан бас тартуды, өзінің «мемлекет пен ұлттың нағыз күш-қуаты қару-жарағын жалаңдата қыр көрсетуінде емес, соларды «қолданбауында» қағидатына сүйеніп жасады. Және оны тәуелсіздік жылдарында іс жүзінде дәлелдеді. Ұлы Дала елінде бейбіт өмір қалыптастыру арқылы, экономикалықдамуға қол жеткізіп, әлемнің 50 елінің қатарына ендік.
Әлемдік бейбіт дамудың кепілді жолының бірі – халықаралық құқық құзыретініңорны ерекше. Осы тұрғыдан келгенде, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев БҰҰ Жарғыларының миллиондаған соғыс құрбандары қанымен жазылғанын бекерге еске салып отырған жоқ. Өйткені халықаралық құқық жүйесі талаптарының бұзылуы негізінде миллиондаған жер тұрғындары зардапқа ұшырауда. Мемлекеттердің арасындағы іргелі идеологиялық және саяси ұстанымдардың негізінде халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы тоқырауға килікті. Санкцияларды өздігінен қолдану БҰҰЖарғысы мен халықаралыққұқыққа қайшы әрекет екендігін ашық айыптаған Елбасы оны қолданудың құқықтық базасын күшейтуді талапетті.
Қазақстан тарапынан әлемдік проблемағаайналған терроризммен күресті өркениетті жолмен шешугебайланысты орынды ұсынысжасалды. Қазіргі уақытта терроризммен күресті кейбір елдер өз мүдделеріне пайдалануда. Халықаралық құқық бұзылып, бір ел тарапынан екінші елдің ішкі істеріне, құқығына қол сұғылуда. Бейбіт тұрғындардың, оның ішінде әйелдердің, жас балалардың өліміне жиі жол беріліп отырғандығын да көріп отырмыз. Қит етсе демократияны үйретуге дайын тұратын кейбірмемлекеттер, терроризммен күрес сылтауынан қиянат көріп отырған бейбіт тұрғындардың құқығына көзжұмбайлық танытуын қояр емес. Сондықтан да осы мәселені шешуге қажетті халықаралық құжат қабылдау туралы Елбасы ұсынысы алдағы уақытта қолдау табады деп ойлаймыз.
Сонымен Қазақстан үшін маңызды пікірді жаһандық қоғамдастық қазақша естіді. Қазақ тілінің БҰҰ-ның ресми алты тіліне ілеспе аударылуы ұлтымыздың мәртебесі. Бұл елдің бірлігі мен өзара сенімінің жеңісі.
«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген осы. Біз әлемдік төбеден төрелік айттық. Отаншылдық рухымыз әлем аспанында қалқыды. Бұл – ел бақыты. Осы бақытты қолдан ұшырып алмауға бәріміз жауаптымыз.
«Елі мұратқа жетпей тұрып, ері мұратқа жетуші ме еді?» деген сөз бар. Елбасының «мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан асқан мақсат жоқ» деген арманына тірек болайық.
Наурызбай БАЙҚАДАМОВ,
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |