СЫР БОЙЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ҮНДЕУІ

СЫР БОЙЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ҮНДЕУІ

Қазақстан Республикасының Президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа

Аса құрметті Елбасы!

 

Сіз ауыл шаруашылығын ел экономикасының басым бағыттарының бірі ретінде белгілеп, агробизнесті дамытуда бұрын-соңды болмаған қолдау көрсетіп келесіз. Соның арқасында еліміздің агроөнеркәсіп кешені қарқынды дамуда.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында Сыр елінің басты кәсібі күріш өндірісінің көлемі мен төрт түлік малдың саны едәуір өсті. Соңғы екі жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніне салынған инвестиция көлемі 7,7 есе артты.

Сыр бойының диқандары кеше ғана күріш жинауды аяқтап, 84 мың гектар егістіктің әр гектарынан 50,5 центнер өнім алды. Ел қамбасына 423 мың тонна күміс күріш құйылды. Бұл тәуелсіздік тарихындағы рекордтық көрсеткішке соңғы 3 жыл бойы қатарынан қол жеткізілді.

Ұлы Даланың қасиетті пұшпағы – Сыр елі халқының атынан диқандарға, малшыларға, балықшыларға көрсеткен қамқорлығыңыз үшін Өзіңізге зор ризашылық білдіреміз.

Сыр бойының еңбеккерлері мен барлық тұрғындары Сіздің жасампаз бастамаларыңызды іске асырып, Мәңгілік Елдің Нұрлы жолында аянбай еңбек ететінімізге сендіреміз!

 

Құрметпен,

Сыр елі ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері атынан:

Ералиев А., ҚР Еңбек Ері, «Абзал және К» ТС директоры,

Өтеев М., «Сыр маржаны» ЖШС директоры,

Алпысбаев Ы., «Ықылас» ШҚ төрағасы,

Әбішев Қ., «Жаңажол» ЖШС директоры,

Іздібаев Н., «Ақтөбе және К» ЖШС директоры,

Рүстемов Н., «Түгіскен ТШ» ЖШС директоры,

Жұмбеков Д., «Ақмая» ШҚ төрағасы,

Өмірзақов С., «Ы.Жақаев атындағы ҒЗИ»

ЖШС директоры,

Камалатдин А., «Мәди Қажы атындағы» ЖШС төрағасы,

Қадыров Б., «Шаған Жер» ЖШС төрағасы.

 

Қызылорда қаласы, 3 қазан 2015 жыл.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қазан 2015 г. 1 114 0